Салқынбай Анар Бекмырзақызы
125
даму жолын да көрсетеді. Этномәдени түпбейне қазақ халқының ұлттық
болмысы мен жалпы дүниетанымын айқындайтын, әлем бейнесінің
өзіндік моделін құрайтын маңызды да мәнді сипатты белгінің бірі.
Оның мазмұны мәдени тұрғыдан алғанда ерекше болады да, этномәдени
түпбейне философиялық-мәдени білімінің нақтылығы мен жекелігін
танытады.
Этномәдени түпбейненің қалыптасуы
адамзаттық этномәдениеттің
деңгейінде жасалып, жеке халықтың мәдени тәжірибесі мен тарихи
жүйеленуінің нәтижесінде құрылады. Жеке тұлға этномәдени түпбейнеге
өзінің қатысы бар екенін нақты түйсіне алмаса да, ол сол мәдениеттің
өкілі болады және өзінің ісі мен қызметі арқылы сол этномәдени
түпбейне арқылы қалыптасқан мәдениетті жалғастырушы, дамытушы
ретінде танылады.
Қазақ халқы мәденигенезінің терең тарихи тамыры бар, ол заманалар
тоздыра бастаған ғасырлар қойнауына сіңіп барады, кейде алыстан анық
көрінгендей болады, кейде бой тасалап, ұрпағына қойнын ашпай, сырт
қабақ танытатындай.
Неге десеңіз, бұл мұралар жазылған әліпбилер
бүгінгі ұрпаққа таныс емес, таңсық. Ал қазіргілер таңсық нәрсеге қызыға
қоймайтын прагматиктерге айналып барады. Даналықтың түпқазығы
болып саналатын этномәдени түпбейне далалықтардың әлемді тануының
басты күретамыры, сондықтан кез келген ұланының қанында қайта
жаңғырығады. Бұл жаңғырығу дала мінезде, әлем бейнесін қабылдаудың
әмбебап далалық моделінде, санасында және әрекетінде қайталанып
отырады. Осы ретте этномәдени түпбейнені
тарихи-генетикалық
ұғымдар желісінде таразылаудың маңызы ерекше. Қазіргі ғылыми тілмен
айтқанда, мұндай ұғымдар жүйесі концептуалданып, концептік сипатқа
ие болған.
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды зерделеуде
этномәдени түпбейнелерді талдаудың, таразылаудың маңызы мен мәні
ерекше. Өйткені бұлар қоғамның рухани-адами болмысы мен оның
даму жолдарын құрайтын басты негіздер, әрі қоғамдық сана мен ұлттық
санаға
тікелей әсер етіп, ұлттың өзін-өзі тануының мәдени, тарихи,
этникалық негізі болады. Этномәдени түпбейнені айқындайтын басты
концептік негіздер ділді айқындаудың да басты тетігі ретінде танылады