Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri


Тіл дыбыстарының жаратылыс табиғаты генетикалық



Pdf көрінісі
бет72/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80
2. Тіл дыбыстарының жаратылыс табиғаты генетикалық 
тіл ғылымы тұрғысынан
2.1. Генетикалық зерттеулер жайына қысқаша шолу
. Жалпы, 
генетикалық тіл білімінің алғашқы іздері, интуитивті түрде болса да, 
ежелгі Шығыс және Батыс философтарының еңбектерінен бастау 
алады деуге болады. Сол ежелгі дәуірлерден-ақ, алғашқы тіл пайда 
болуы, затқа атау берілуі туралы алуан түрлі болжамдар айтылған. Орта 
ғасырларда, яки «жаңа дәуір» деп аталатын ХҮІ – ХҮІІ ғасырлардан 
бастап, ХХ ғасырға дейінгі кезеңдерде, белгілі ғалымдардың ұсынған 
түрлі болжамдары бар. Айталық, дыбыстық еліктеу болжамын ұсынған 
Г.Лейбниц, И.Гердер, В. Фон Гумбольдт; одағай болжамын ұсынған 
А.Штейнталь, А.Потебня, Ч.Дарвин; еңбек айқайы болжамын ұсынған 
Л.Нуаре, К.Бюхер; қоғамдық келісім болжамын ұсынған Ж.Ж.Руссо, 
Адам Смит; марксистік болжамды ұсынған Ф.Энгельс сияқты тұлғалар 
белгілі. Алғашқы негіздерін белгілі ғалымдар Ч.Филлмор, М.Минский, 
Э.Рош, Дж. Лакофф, М.Джонсон т.б. салған фоносемантикалық бағыттағы 
зерттеулер де адам санасының өмір шындығын категоризациялау 
қызметін, яки атау қызметін зерттеуге бағытталған ізденістер болатын. 
Дегенмен, Осы бағыттағы зерттеулердің нәтижелі боларына күмәнмен 
қарайтын көзқарастардың басым болғаны да аңғарылады. Мысалы, 
өткен екі ғасырда адамзат тілінің пайда болуы туралы мәселені зерттеуге 
халықаралық деңгейде екі мәрте тоқтам қойылды. Яғни, мәселенің бұл 
жағын зерттеу қазіргі дәстүрлі тіл білімінің күн тәртібінен шығарылып 
тасталған. 
Бірінші тоқтам:1866 жылы «ешқандай гипотеза сенімді дәлелдер 
ұсына алмағандықтан, мағынасыз айтысулардан құтылу мақсатында», 
хатшылары әр кезеңдерде белгілі ғалымдар М.Бреаль, А. Мейе, 
Ж.Вандриес, Э.Бенвенист, Ш.Балли, Х.Педерсен, Ф. Де Соссюр, 
И.А.Бодуэн де Куртенэ болған, Париж лингвистикалық мектебінің 
салған тоқтамы.
Екінші тоқтам:1964 жылы (августь) Москвада өткен этнографтар 
мен археологтардың «Жануарлар мен адамдар арасындағы шекара 
туралы» (о «гранях между животным и человеком») VІІ Халықаралық 
конгресіне қатысушылар «Алғашқы қауым адамдарының қарым-қатынас 


Бекмағамбетов Шанжархан
171
құралы ретіндегі таңбалар және тіл пайда болуы» туралы мәселені күн 
тәртібінен алып тастады. Сондай-ақ, жекелеген ғалымдар тарапынан да 
тілдің генетикалық табиғатын тану мәселесі күмән тудырмай қалған жоқ.
Қалай да, адамзат тілі дыбыстарының табиғатын олардың 
қазіргі кездегі акустика-артикуляциялық сипаттары тұрғысынан 
ғана қарау мәселені тереңнен шеше алмайтыны түсінікті болды. Тіл 
дыбыстарының табиғаты адамзат тілінің ең ілкі пайда болуымен 
байланыста қарастырылуы керек еді. Бұл көзқарасты батыл жақтаған 
ғалымдар да болды. Кезінде А.А.Реформатскийдің «Тіл пайда болуын 
ғылыми жолмен дәлелдеу мүмкін емес, тек белгілі бір дәрежедегі 
болжамдар ғана айтуға болады» [12] деген, сондай-ақ, Ж.Вандриестің: 
«Тілдің алғашқы формаларын табу талабы – тілді геология, ботаника, 
зоология тәрізді жаратылыс ғылымдарына ұқсатудан туған. Бұл теріс 
көзқарас лингвистикаға кері әсер етіп, зиянын тигізді» [13] деген деген 
сияқты көзқарастарына қарамастан, ғылыми ізденістердің генетикалық 
бағыты тоқтап қалған жоқ. Бірқатар еңбектер жарияланып, ізденістер 
жалғасып келеді. Өткен 20-ғасырдың 70-80 жылдарында осы бағыттағы 
зерттеулердің қайта жандана батағаны байқалады. Глоттогенезді 
антропогенезбен байланыста қарауды мақсат еткен Р.Р.Гельгардт тіл 
пайда болуы мәселесінің уақыт жағынан өте ерте замандарға кететіні 
лингвистерді тұйыққа тірей алмауы керек екенін айтты. Ол Жердегі 
өмірдің пайда болуын зерттеуші жаратылыстанушылар және Жердің 
өзінің пайда болуын зерттеуші геологтар мен археологтар одан да арғы 
кезеңдерге көз тігетінін айта отырып, ғылыми ойлаудың мүмкіндіктерінің 
аса зор екеніне назар аударады [14]. Сонымен, генетикалық тіл ғылымы 
бағытындағы зерттеулер алуан түрлі жолдармен әлі де жалғасып келе 
жатқанын жоққа шығара алмаймыз. 
Біздің генетикалық тіл ғылымы саласындағы еңбектеріміз өткен 
ғасырдың соңғы жылдарында басталып, сонан бергі отыз жылға 
жық уақыт ішінде біршама табыстарға жетті деп есептейміз. Осы 
уақыттар ішінде екі моноргафия (1. «Тілдік таным негіздері және тілдік 
символдар»., Алматы, 1999); 2. «Тіл генетикасы: тілдік таңба-нышандық 
жүйе»., Алматы, 2014) және бір оқу құралы («7 Лекций по теории 
генетической лингвистики»., Алматы, 2021) жарық көрді. Көптеген 
конференциялар мен семинарларда баяндамалар оқылып, ғылыми 


ҚАЗІРГІ ДЫБЫСТАНЫМНЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ДЫБЫСТАНЫМ
172
басылымдарда мақалалар жарияланды, семинарлар өткізілді. Екі мәрте 
халықаралық конференция ұйымдастырылды. 
Генетикалық тіл ғылымы адамзат тілі, қазірде айтылып жүргендей, 
«жартылай жабайы» тобырлардың емес, жоғары дәрежедегі ақыл-
ой йесі болған адамзат ұрпағының ақыл-ой жемісі екенін, «ең ілкі 
тілжасам дәуірі адамдарының шығармашылық данышпандығының» 
жемісі екенін дәлелдеп отыр [15-21]. Тілдік негіздер теориясы 
деп аталатын генетикалық тіл ғылымы тіл дыбыстарының, жалпы 
тілдік құбылыстың да, пайда болу негіздерін Ғаламдық-Космостық 
жаратылыспен, ғаламдық жаратылыстың негізгі сипаттарымен, өмір 
сүру заңдылықтарымен байланыста қарастырады. Сонда тілдегі әр 
дыбыс ғаламдық жүйенің қайсы элементімен байланысты пайда болып, 
тілде қалайша қызмет ететіні айқын көрсетіледі. Яғни адамзат тілінің 
дыбыстық-материалдық негіздері де, мағыналық-идеялық негіздері 
де Ғаламдық болмыстың моделінде жаралғаны дәлелденеді. Біз енді 
тілдің дыбыстық материалының генетикалық табиғаты туралы кейбір 
мәселелерді баяндайтын боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет