Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына



бет30/91
Дата12.12.2022
өлшемі408,98 Kb.
#56768
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   91
Байланысты:
2 5215504080318762273

Дара мүше – толық мағыналы бір сөзден болған мүше. (Дала қараңғы. сөйлемінде бастауыш та, баяндауыш та бір сөзден тұр.)

  • Күрделі мүше – күрделі сөзден, тұрақты тіркестен және шылаулы тіркестен болған мүше. (Мұғалім келе жатыр. сөйлемінде баяндауыш күрделі сөзден болып, күрделі баяндауыш болып тұр.)

  • Үйірлі мүше – бірнеше сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. (Жаны сау адам – бақытты адам. сөйлемінде анықтауыш үйірлі мүшеден болып тұр, себебі бастауышқа (жаны), баяндауышқа (сау) ажыратылады, бір сұраққа (қандай) жауап беріп тұр.)

    • Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай 2 топқа бөлінеді: тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше.

    1. Тұрлаулы мүше – сөйлем құрауға негіз болатын мүше. Оның 2 түрі бар: бастауыш пен баяндауыш.

    2. Тұрлаусыз мүше – өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүше. Оның 3 түрі бар: анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш.

    ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕР

    Бастауыш – сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүше.

    • Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер? кімі? несі?

    • Бастауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалды:

      Сөз табы

      Мысалы

      зат есім

      Күн жылынды. Досым келді.

      есімдік

      Бұл-үлкен үй. Өзің кел. Ешкім жоқ.

      сын есім

      Ақылды ісіне сенеді. Сыпайы сырын сақтар.

      сан есім

      Үшеуі сыртқа шықты. Төрт екіге бөлінеді.

      етістік

      Іздеген жетер мұратына. Оқу инемен құдық қазғандай.

    • Бастауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   91




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет