Мына өзендер: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі – Балқаш көліне құяды.
Жалпылауыш сөздің тыныс белгісі Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден бұрын тұрса, одан кейін қос нүкте қойылады. (Жалп. сөз: бірың. мүше.)
Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден кейін келсе, оның алдынан сызықша қойылады. (Бірың. мүше – жалп. мүше)
Бірыңғай мүшенің алдында жалпылауыш сөз тұрып, соңында сөйлемнің басқа мүшелері келсе, бірыңғай мүшеден бұрын қос нүкте, олардан кейін сызықша қойылады. (Жалп. сөз: бірың. мүше – басқа сөздер)
АЙҚЫНДАУЫШ МҮШЕ Айқындауыш мүше – сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөйлем мүшесі.
Айқындауыш мүшенің 2 түрі бар: оңашаланған айқындауыш және қосарлы айқындауыш.