Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына


Ескерту: Мынадай сөздерде: а



бет14/90
Дата29.03.2023
өлшемі401,97 Kb.
#77264
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   90
Байланысты:
қазақ тілі көк кітап-1 (1)

Ескерту: Мынадай сөздерде:
а. қос сөздерде (аман-есен, асты-үсті, асығыс-үсігіс т.б.)
ә. біріккен сөздерде (шекара, баспасөз, көзқарас т.б.) буын үндестігі сақталмайды.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:

  1. Көмектес септіктің -мен, -бен, -пен жалғаулары сөздің соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса да, осы күйінде жалғанады. Мысалы: Қаламмен жаздым. Әсетпен бірге келді т.б.

  2. Меншік ұғымды білдіретін -нікі, -дікі, -тікі қосымшалары буын үндестігіне бағынбайды. Асан-дікі, бала-нікі, Марат-тікі т.б.

  3. -Паз, -қор, -қой, -ғой, -кер -гер, -кеш, -хана, -ист, -изм, -бан, -жан, -тал жұрнақтары буын талғамайды, сол күйінде жазылады. Бұл жұрнақтар – қазақ тіліне шет тілінен енген қосымшалар. Мысалы: әсемпаз, әзілқой, еңбекқор, ақылгөй, жұмыскер, арбакеш, дәріхана, мейірбан, сезімтал т.б.

Кірме сөздердегі буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар:

  1. Кірме сөздерде дауысты дыбыстар жуан-жіңішке болып араласып келе береді. Мысалы:

араб тілі: кітап, мұғалім, құдірет т.б.
орыс тілі: кино, театр, алгебра т.б.

  1. Х әрпіне біткен сөздерге қосымшалар жуан түрде жалғанады. Мысалы: тарих-тың, цех-тан т.б.

  2. Рк, нк, кс, кт дыбыстарының тіркесіне біткен орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: парк-тен, танкі-ні, пункт-ке т.б.

  3. Ль әріптерінің тіркесіне біткен орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: рольді, ролі, рульді, рулі т.б.

ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ
Дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі. Оның 3 түрі бар:
1. ілгерінді ықпал
2. кейінді ықпал
3. тоғыспалы ықпа 1. ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ

  • Ілгерінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың біріншісінің өзінен кейінгі дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы. (1 2)

  • Ілгерінді ықпалдың кездесетін орындары:

1) Сөз бен қосымша арасында: қаш-са (қашша)
2) Екі сөз арасында: ақ балық (ақ палық)
3) Күрделі сөздерде:
а) біріккен сөз: көзқарас (көзғарас)
ә) тіркескен сөз: ала кел (ала гел)
б) қос сөз: құрбы-құрдас (құрбы-ғұрдас)

  • Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары:

    1. Сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді я ұяң дауыссыздар болса, жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысы үнді немесе ұяң дауыссыздан басталады.

Терезе - лер
Терезе - ге
Терезе- ден

Қаз - дар
Қаз - ға
Қаз – бен

Ескерту: ш, с дыбыстарынан басталатын қосымшалар ілгерінді ықпал заңына бағынбай, сөздің соңғы дыбысы ұяң не үнді болса да, сол күйінде жалғана береді.

Мал - сыз
Кір-сіз
Кім - сің

Кел - сін
Құлын - шақ
Тіл - ші

    1. Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс болса, оған жалғанатын дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс болады.

      Кітап - тар
      Кітап - қа

      Орақ - тар
      Орақ - қа

  • Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындары:

      1. (ш+сш)

Сөз қатаң ш дыбысына аяқталып, оған жалғанатын қосымша с дыбысынан басталса, айтылуда қосымшаның басындағы қатаң с дыбысының орнына қатаң ш дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы

Айтылуы

Қаш-са
Аш-са
Іш-сін

Қашша
Ашша
Ішшін

      1. (п+б=пп)

Біріккен сөздің бірінші сыңары қатаң дауыссыз дыбысқа бітіп, екінші сыңары б дыбысынан басталса, айтылуда б дыбысының орнына қатаң п дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы

Айтылуы

Жүсіп-бек
Кеңес-бек
Қанат-бек

Жүсіппек
Кеңеспек
Қанатпек

      1. (п+б=пп)

Сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталып, екінші сөз ұяң б дыбысынан басталса, бұл дыбыс айтылғанда, қатаң п дыбысы болып естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы

Айтылуы

Алып бер
Тоқ бала

Алып пер
Тоқ пала

      1. Біріккен сөздің бірінші сыңары немесе сөз тіркесінің бірінші сыңары дауысты дыбыс немесе үнді не ұяң дауыссызға бітіп, екінші сыңары қатаң к, қ дауыссыздарынан басталғанда, бұл екі дыбыс ұяң г, ғ болып естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы

Айтылуы

Жиен - құл
Көз-қарас
Қара-көз
Боз-көйлек
Күз келді
Ала кел

Жиенғұл
Көзғарас
Қарагөз
Бозгөйлек
Күз гелді
Ала гел

2. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ

  • Кейінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың соңғысының өзінің алдынғы дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы (1 2).

  • Кейінді ықпалдың кездесетін орындары:

1. Түбір мен қосымша арасында: бас + шы – башшы;
2. Екі сөз арасында: ақ лақ (ағ лақ)
3. Күрделі сөздерде:
а) біріккен сөз: Есенгелді (Есеңгелді)
ә) тіркескен сөз: он бес (ом бес)
б) қос сөз: астан-кестен (астаң-кестен)



  • Кейінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары:

      1. (қ, к, п + дауысты = ғ, г, б )

Сөз қатаң қ, к, п дауыссыз дыбыстарының біріне аяқталып, оған дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, к, қ, п дыбыстары өзгеріп, ұяң г, ғ, б дыбыстарына айналады.

аяқ + ы = аяғы


күрек + і = күрегі
доп + ы = добы
жақ (жаға бастады) 2. (п + -ып, -іп = уып, уіп)
Етістіктің түбірі п дыбысына аяқталып, оған көсемшенің -ып, -іп жұрнағы жалғанса, п дыбысы өзгеріп, үнді у дыбысына айналады.
шап + ып = шауып
кеп + іп = кеуіп
сеп +іп = сеуіп
жап + ып = жауып

  • Кейінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындары:

      1. (н+ғ,г = ңғ, ңг), (н+қ,к = ңқ, ңк)


      2. Жазылуы

        Айтылуы

        Жан + ғали
        сен + гім
        жан қайғы

        Жаңғали
        сеңгім
        жаң қайғы
        Сөз үнді н дыбысына аяқталып, келесі сөз немесе қосымша ғ, г, қ, к дауыссыз дыбыстарынан басталса, айтылуда н дыбысының орнына ң дыбысы естіледі. Жазуылда бұл ескерілмейді

3. (с+ш = шш), (з+с = сс), (з+ш = шш)
Сөз с, з, дауыссыз дыбыстарының біріне аяқталып, қосымша ш, с дауыссыз дыбыстарынан басталса, айтылуда с дыбысының орнына ш дыбысы, ал з дыбысының орнына с не ш дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді


Жазылуы

Айтылуы

Ас + шы
Көз + сіз
Жаз+шы

Ашшы
Көссіз
Жашшы

      1. (з+ж=жж)

Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі з дыбысына аяқталып, екінші сөзі ж дыбысынан басталса, айтылуда з дыбысының орнына ж дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы

Айтылуы

Бозжан
Жүз жыл
Боз жорға

Божжан
Жүж жыл
Бож жорға

      1. (н + /б,в,п/ = мб, мв, мп)

Сөз н дыбысына аяқталып, екінші сөз немесе қосымша б, в, п дыбыстарының бірінен басталса, айтылуда н дыбысының орнына м дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы

Айтылуы

Жан + пейіс
Тұрған + бек
Есен + бай
Он бес

Жампейіс
Тұрғамбек
Есембай
Ом бес

      1. Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі қ, к, п дауыссыз дыбыстарына бітіп, екінші сөз дауысты не ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарынан басталса, бірінші сөздің соңындағы қ, к, п дыбыстарының орнына, ғ, г, б дыбыстары естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

        Жазылуы

        Айтылуы

        Көк жиек
        Шолақ еді
        Шөп әкелді
        Көк ала

        Көг жиек
        Шолағ еді
        Шөб әкелді
        Көг ала

      2. Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі мен екінші сөзінің аралығында екі дауысты қатар келгенде, біріншісі түсіріліп айтылады, жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы

Айтылуы

Торы ала ат
Сарыарқа
Қара ешкі
Келе алмайды

Торалат
Сарарқа
Қарешкі
Келалмайды

3. ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ
Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ілгерінді–кейінді ықпал етіп, екеуінің де өзгеріске ұшырауы.

  1. (с+ж=шш) Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі с дыбысына аяқталып, екінші сөзі ж дыбысынан басталса, айтылуда с мен ж дыбыстарының орнына шш дыбыстары естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

    Жазылуы

    Айтылуы

    Досжан
    Жанқожа
    Тас жол

    Дошшан
    Жаңғожа
    Ташшол

  2. (н + /к,қ/ = ңғ, ңг)

Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі н дыбысына аяқталып, екінші сөзі к, қ дыбыстарынан басталса, айтылуда н мен к, қ дыбыстарының орнына ңғ, ңг дыбыстары естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы

Айтылуы

Есен келді
Жиенқұл

Есеңгелді
Жиеңғұл



ОРФОГРАФИЯ ЖӘНЕ ОРФОЭПИЯ

  1. Қазақ тілінде сөздердің жазылу заңдылығы мен айтылу заңдылығы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет