Түркітану ғылымында түркі тілдерінің дамуын (Н.Баскаков) алты кезеңге бөліп қарастырады.
Түркі халықтарының жазба тілі V-VIII ғасырларда дүниеге келген. Тіл ғылымында бұл жазба ескеркіштері "Орхон-Енисей ескерткіштері" деп аталады. Олар: "Күлтегін", "Тоныкөк", "Білге қаған" т.б. Бұл жазуларды көпке дейін ғылыми түрде оқуға мүмкіндік болмады. Сондықтан оларды рун (құпия) жазулары деп атады.
X-XV ғ.ғ. түркі халықтарының жазбаша тілі ерекше дамыды. Осы кезеңде дүниеге келген шығармалар: Махмұт Қашқари "Диуани лұғат ит-түрк" (1073-1074, Жүсіп Баласағұни "Құдатғу білік" (1067-1070), Ахмет Яссауи "Диуани хикмет" (XII ғ.), "Кодекус Куманикус " (1003) т.б.
Қазақ жазуы төмендегідей жазу түрлерін қолданды:
Араб жазуы (1929 жылға дейін);
Латын жазуы (1929 – 1940 ж.ж. арасы);
Кириллица (орыс) жазуы (1940 жылдан бастап);
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы – қазақ халқының және шетелдерде (Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Ресей, Қытай, Монғолия т.б.) өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі.