1. Жалғаулық шылау Жалғаулық шылау сөздер мен сөйлемдерді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Оның 6 түрі бар:
түрі
Шылауы
мысал
Ыңғайластық жалғаулық
мен, бен, пен, және, әрі, да, де, та, те
Қыста және көктемде күн суық болады.
Қарсылықты жалғаулық
бірақ, дегенмен,
алайда, сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен
т.б.
Оның ойлағаны болды, бірақ мәселенің басы шешіле қоймады.
Себеп-салдар жалғаулық
өйткені, себебі,
сондықтан, сол үшін, неге десеңіз т.б.
Біз ауылға бара алмаймыз, өйткені демалыс бітіп қалды.
Талғаулықты жалғаулық
не, немесе, я, я (не) болмаса,
яки, әлде т.б.
Бұл істі я мен бітіремін, я сен бітіресің.
Кезектес жалғаулық
кейде, бірде, біресе.
Көктемде біресе жаңбыр жауады, біресе күн ысып кетеді.
Шартты жалғаулық
егер, егер, де.
Егер ол келмесе, жоспар өзгереді.
3. Демеулік шылау Демеулік шылау тіркескен сөзге қосымша мағына береді. Мысалы, ма, ме демеулігі өзі тіркескен сөзге сұраулық мағына береді (Бұл кітап па?). Оның 6 түрі бар:
Мал, ит-құсты шақыру не қууға байланысты айтылатын сөз
алақай (қуану),
әттең (өкіну), шіркін (таңдану) т.б.
тәйт, жә, тек т.б.
шөре-шөре,
құрау-құрау,
моһ-моһ т.б.
СИНТАКСИС Синтаксис (грек. "құрау, біріктіру, рет") – сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысын қарастыратын грамматиканың бір саласы. Оны төмендегі кестеден көруге болады:
СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛДЕРІ 4 түрлі тәсілмен байланысады: Жалғаулар арқылы (сөздер жіктік, септік және тәуелдік жалғауларымен байланысады. Мысалы: Балаға берді. Үйдің есігі)
Шылаулар арқылы (сөздер шылаулар арқылы байланысады. Мысалы: сабақ туралысөйлестік, отан үшін отқа түс.)
Орын тәртібі арқылы (Сөйлемдегі сөздер ешбір жалғаусыз байланысады. Мысалы: алыс жер, атақты адам)
Дауыс ырғағы арқылы (Сөйлемдегі сөздер дауыс ырғағы (интонация) арқылы байланысады. Мысалы: Бұл – біздің мұғалім. Асан – белгілі ақын.)
СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТҮРЛЕРІ Қиысу –бастауыш пен баяндауыштың байланысуы. Олар сөйлем болады. Мысалы: Мен жазушымын. Біз барғанбыз.
Матасу – ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы. Мысалы: баланың үйі, біздің гүліміз.
Меңгеру – атау, ілік септігінен басқа септіктердің жалғаулары арқылы байланысуы. Мысалы: Суды төкті. Ағасына берді.
Қабысу – ешбір жалғаусыз орын тәртібі арқылы байланысуы. Мысалы: қара қалам, алтын сағат, әдемі қыз.
Жанасу – Үстеу мен етістіктің байланысуы. Мысалы: кеше болды, сол арқылы білдім. СӨЗ ТІРКЕСІ
Сөз тіркесі – кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуы.
Сөз тіркесіне ұқсағанмен, сөз тіркесі бола алмайтындар
Тұрақты тіркес
Күрделі сөз
Ереже
Тұрақты тіркестер кемінде екі сөзден тұрғанмен, бір мағынаны білдіреді. Ал сөз тіркесі болу үшін әрқайсысы дербес мағыналы екі сөз керек.
Тұрақты тіркестер сөз тіркесінің бір сыңары ғана бола алады.
Күрделі сөздер екі сөзден тұрғанмен, бір мағынаны білдіреді. Ал сөз тіркесі болу үшін дербес мағыналы екі сөз керек.
Күрделі сөздер сөз тіркесінің бір сыңары болады.
Мысал
қоян жүрек (қорқақ)
көзді ашып-жұмғанша (тез)
келе жатыр, қара торы,
он бес
Сөз тіркесі және тұрақты тіркес пен күрделі сөздің айырмашылығы
Сөз тіркесі
1. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы толық мағыналы болады.
2. Бағыныңқысыңары мен басыңқы сыңарлары болады.
3. Әрбір сыңары жеке сұраққа жауап береді.
Мысалы:
қандай?не?
кеңбөлме оғанмұрнын шүйірді он үшкүн олбара жатыр
Тұрақты тіркес
1. Сөз тіркесіне ұқсас болған-мен, өздігінен сөз тіркесі бола алмайды.
2. Тұрақты тіркестер бірнеше сөзден тұрғанмен, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап береді.
3. Тұрақты тіркестер сөз тіркесінің тек бір сыңары болады.
Мысалы:
кімнің?несі?
Су жүректіңамалы
су жүрек (қорқақ)
ит өлген жер (алыс)
жүрек жұтқан (батыр)
Күрделі сөз
1. Сөз тіркесіне ұқсас болған-мен, өздігінен сөз тіркесі бола алмайды.
2. Екі немесе одан да көп сөз-ден тұрып, бір ғана сұраққа жауап береді.
3. Күрделі сөздер сөз тіркесі-нің тек бір сыңары болады.
Мысалы:
қандай?кім? қара торыбала
күрделі сын есім: ақ ала
күрделі сан есім: он үш
күрделі етістік: бара жатыр
1. Матаса, қабыса байланыс-қан есімді тіркестерге тән.
2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімнің? ненің? қандай? қай? қанша? неше? қайдағы? қашанғы? деген сұрақтар қою арқылы анықталады.
Мысалы:
Аянның (кімнің) добы
үйдің (ненің?) есігі
алыс (қандай?) жер
бес (қанша?) қағаз