Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына


Төл сөз – жазушының (сөйлеушінің) сөзіндегі біреудің өзгертілмей берілген сөзі. Автор сөзі



бет34/90
Дата29.03.2023
өлшемі401,97 Kb.
#77264
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   90
Байланысты:
қазақ тілі көк кітап-1 (1)

Төл сөзжазушының (сөйлеушінің) сөзіндегі біреудің өзгертілмей берілген сөзі.

  • Автор сөзі – төл сөздің айналасында берілген жазушының (сөйлеушінің) өз сөздері.

  • Төлеу сөз – жазушының (сөйлеушінің) сөзіндегі біреудің өзгертіліп берілген сөзі.



    Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың жолдары:

    1. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың ең негізгі және өте жиі қолданылатыны – төл сөзде сөйлемнің тиянақты баяндауышы болып тұрған сөзге табыс жалғауын жалғау арқылы оны (төл сөзді) автор сөзімен байланыстыру тәсілі. Алдымен, төл сөздің баяндауышы болып тұрған етістік қай шақта, қай райда айтылуына қарай етістіктің есімше түріне айналады да, содан кейін барып табыс септігін қабылдайды. Мысалы: «Мен судан қорқамын», - деді Омар. Омар өзінің судан қорқатынын айтты. Кейде табыс септік жалғауы есімшеге -дық, -дік жұрнағы мен тәуелдік жалғауы арқылы жалғанады. Мысалы: «Мен судан қорқамын», - деді Омар. Омар өзінің судан қорқатындығын айтты.

    2. Төл сөздің баяндауышы өткен шақ немесе нақ осы шақ білдіретін етістік формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, ол есімшенің -қан, -ған, кен, -ген жұрнақтарының табыс септігінде тәуелденуі арқылы беріледі. Мысалы: «Автобус күтіп тұрмын», - деді Омар. Омар автобус күтіп тұрғанын айтты.

    3. Егер төл сөз етістіктің келер шақ немесе ауыспалы осы шақ формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтарының табыс септігінде тәуелденуі арқылы беріледі. Мысалы: «Ол ертең келеді», - деді Омар. Омар оның ертең келетінін айтты.

    4. Егер төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық рай формасында айтылса, төлеу сөзде ол тұйық етістіктің табыс септігінде тәуелденуі арқылы беріледі. Мысалы: «Сен ертерек кел», - деді Омар. Омар оған ертерек келуін айтты.

    5. Баяндауышы есім сөзден я есім сөздің араласуынан, я болмаса атау тұлғалы тұйық етістіктен болса, төлеу сөзге айналғанда, олар екенін көмекші етістігімен тіркесіп беріледі. «Кітап - білім бұлағы», - деді Омар. Омар кітаптың білім бұлағы екенін айтты.

    6. Төл сөздегі де етістігі төлеу сөзде айт, сұра, ойла, талап ет, бұйыр, ескерт деген сияқты айту, ойлау мәнді етістіктердің біріне ауысады: Әкесі: "Үйге кел", - деді. Әкесі оған үйге келуін айтты.

    7. Төл сөз сұраулы сөйлем болып, оның құрамында сұрау есімдігі болса, төлеу сөзде өзгермейді: Сен қайда тұрасың? – деді Асан. Асан одан қайда тұратынын сұрады.

    8. Төл сөз сұраулы сөйлем болып, оның құрамында сұраулық шылау (ма, ме) болса, ол төлеу сөзде болымды-болымсыз түрде не антоним болып қосарланып айтылады: Үйге кіруге бола ма? – деп сұрады Дәулет. Дәулет үйге кіруге болатынын, болмайтынын сұрады.

    9. Төл сөз лепті сөйлем болып, оның құрамында одағай болса, төлеу сөзге айналдырғанда, одағайдың мағынасы ғана айтылады. Мысалы,

    Әттеген-ай! – деді біреу. Біреу өзінің өкінішін білдірді.
    Әттеген-ай, саған көмек беруім керек еді! – деді біреу. Біреу өзінің оған көмек бермегенін өкінішпен айтты.

    1. Төл сөздегі жіктеу есімдіктері төлеу сөзде былай өзгереді:



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   90




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет