Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына
қазақ тілі көк кітап
Себебі, бұл жұп болған дыбыстардың жасалу орны бір-біріне өте жақын. Мысалы, п, б дыбыстары екі еріннің қақтығысуы арқылы жасалады. ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЕМЛЕСІ З, қ, к, л, м, н, п, р, с, т, ш дауыссыз дыбыстары сөздің барлық буындарында кездесе береді. Мысалы: қазақ, заң, момын, мол, күрек, наным, рас, мұрап, шам, сот, нан, т.б. 2. Й, ң, һ әріптері сөздің басында қолданылмайды (йод сөзінен басқасы), тек сөздің ортасында және аяғында қолданылады Мысалы: жаңа, аң, жай, қайрат, қаһар т.б. В, ф, ч, ц әріптері қазақтың байырғы сөздерінде қолданылмайды, тек орыс тілінен енген сөздерде барлық буындарда қолданылады. Мысалы: Автор, дифтонг, диспечер, концерт, цех, матрац т.б. Щ әрпі қазақтың ащы, тұщы, кеще деген байырғы сөздерінде ғана жазылады. Х әрпі хат, хан, хабар, халық сияқты араб-парсы тілдері мен кейбір орыс тілінен енген жалпы есімдер мен кісі аттарында жазылады (техника, А.Шох). Б, в, г, д дыбыстары қазақтың байырғы сөздерінде сөз аяғында қолданылмайды, тек орыс тілінен енген сөздердің аяғында қолданылады. Мысалы: актив, отряд, устав, клуб, округ т.б. Й әрпіне біткен сөзге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанса, бұл екі әріп бірігіп, ю болып жазылады. Мысалы: сой+у=сою, жай+у=жаю. Й әрпіне біткен етістікке көсемшенің -а жұрнағы жалғанғанда, бұл екі әріп я әрпіне өзгереді. Мысалы: жой+а=жоя, жай+а=жая. Орыс тілінен енген нд, мп, кт, мб, ск, фт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, түбір мен қосымшаның аралығына дәнекер ы, і әріптерінің бірі жазылады. Мысалы: Шрифт+і+ге, штамп+ы+лау, факт+і+ге, киоск+і+лер т.б. Орыс тілінен енген қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, қосарлы дауыссыз дыбыстың соңғысы түсіп қалып отырады. Мысалы: Прогресс–прогрестік, металл–металдар, грамм–грамнан т.б. Ескерту: Қосарлы дыбыстарға біткен сөздер жалқы есім болса, қосарлы дауыссыз дыбыс түспейді. Себебі жер аты, мекеме аты және шығарма аттары сияқты жалқы есімдерді өзгертуге болмайды. Мысалы: Кузбасс–Кузбасста, Донбасс– Донбассқа. Орыс тілінен енген қосарлы ст, сть, зд дыбыстар тізбегіне біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, соңғы т, ть, д дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: Трест+ке=треске, ведомость+қа= ведомосқа, подъезд+ге=подъезге, т.б. Орыс тілінен енген ог, уг, рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, нкт, кль, брь, бль сияқты тіркес дыбыстарға біткен сөздерге қосымша жіңішке жалғанады. Мысалы: геологі, педагогтер, парктен, ансамбльге, пункті т.б. жүктеу/скачать 0,52 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |