Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына


Тілдің қатысына қарай Жуан



бет7/93
Дата03.10.2023
өлшемі0,52 Mb.
#112740
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   93
Байланысты:
қазақ тілі көк кітап

Тілдің
қатысына қарай

Жуан

тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады

а, о, ұ, ы, у

Жіңішке

тілдің ұшы ілгері созылып жіңішкеруі арқылы жасалады

ә, ө, ү, і, е, и, (у), э













Жақтыңқатысына қарай:

Ашық

жақтың кең ашылуы арқылы жасалады

а, ә, о, ө, е, э

Қысаң

жақтың тар ашылуы арқылы жасалады

ы, і, и, у, ү, ұ













Еріннің
қатысына қарай

Еріндік

еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады

о, ө, ұ, ү, у

Езулік

езудің кейін тартылуы арқылы жасалады

а, ә, е, ы, і, и, э

  • Қазақ тілінің төл сөздерінде дауыстылар үндестік заңы бойынша бірыңғай жуан не жіңішке болып келеді (бұлақты, келімсек т.б.). Қазақ тіліндегі өзге тілдерден енген біршама кірме сөздерде дауыстылар жуан-жіңішке болып араласып келе береді (кітап, компьютер т.б.).

    Ескерту: ё, я, ю әріптері дауысты дыбыс қызметін атқарғанмен, дауысты дыбыс түрлеріне жіктелмейді. Себебі бұлар йо, йа,йу қосарлы дыбыстарынан тұрады.
    ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЕМЛЕСІ

    1. А әрпі ж, ш мен й әріптерінің ортасында келгенде, ә болып оқылады, бірақ а әрпі жазылады. Мысалы: шай, шайнау, жай, жайлап, мән-жайы т.б.

    2. А әрпі араб-парсы тілдерінен енген сөздердің соңғы буынында келгенде, ә болып естіледі, бірақ а болып жазылады. Мысалы: Жәмила, рәсуа, Ләззат, күнә т.б.

    3. О, ө, ұ, ү, ә әріптері қазақтың байырғы сөздерінде бірінші буында ғана жазылады. Мысалы: ор, көрші, құлын, ұлық, үлкен, түлкі, сәкіде, әңгіме т.б.

    Бұл әріптер біріккен сөздермен қос сөздердің екінші сыңарларының бірінші буындарында жазылады: Қараөткел, Қаратөбе, Айманкүл, Есенәлі, бүрсігүні, басқұр, той-топыр т.б.
    Ескерту: Ұ, ү, ә әріптері бірқатар жалаң сөздердің екінші буындарында да жазылады. Мұндай сөздер қазақ тілінде көп емес. Олар бір кезде қазақ тіліне еніп, сіңісіп кеткен араб-парсы сөздері: мазмұн, бұлбұл, мақұл, дәстүр, мәжбүр, іңкәр, сірә, куә, мағлұмат, дүлдүл т.б.

    1. Ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады. Мысалы: тыныштық, іс, кісілік.

    2. Ы, і сөздің барлық буындарында жазыла тұра, төмендегідей жағдайларда сөздің соңғы буынында түсіп қалады:

    а) Кейбір сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанса: халық - халқым, орын - орның, көрік - көркі, әріп - әрпі т.б.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   93




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет