бет 38/93 Дата 03.10.2023 өлшемі 0,52 Mb. #112740
Байланысты:
қазақ тілі көк кітап Төл сөз
төлеу сөз
мен
өзінің
сен
оның / одан
сіз
оның / одан
ол
оның / одан
Саған / сізге
оған
сенімен / сізбен
онымен
Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі және тыныс белгілері
Төл сөз тырнақшаға алынғанда , тыныс белгілері былай болады:
Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.
«Төл сөз», –автор сөзі
«Балалармен ақылдасып көрейік», – дедіАқылбай .
Төл сөз автор сөзінен кейін келеді.
Автор сөзі: «Төл сөз».
Балтабай былай деді :
«Балалармен ақылдасып көрейік»
Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.
Автор сөзі: «Төл сөз», –автор сөзі.
Балтабай : «Балалармен ақылдасып көрейік», – деді .
Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.
«Төл сөз, –автор сөзі , – төл сөз».
«Балалармен, – дедіБалтабай , – ақылдасып көрейік».
Төл сөз тырнақшаға алынбағанда , тыныс белгілері былай болады:
Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.
–Төл сөз, –автор сөзі
– Ол сенің інің бе? – деп сұрады Сағи .
Төл с
өз автор сөзінен кейін келеді.
Автор сөзі: – Төл сөз.
Сағи былай деп сұрады:
– Ол сенің інің бе?
Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.
Автор сөзі: –Төл сөз, –автор сөзі.
Сағи :
– Ол сенің інің бе? – деп сұрады .
Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.
–Төл сөз, –автор сөзі, – төл сөз.
– Ол, – деді Сағи , – сенің інің бе?
Төл сөз сұраулы , лепті және көтеріңкі интонациямен айтылған бұйрықты сөйлем болғанда, тыныс белгілері былай болады:
Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі
Егер төл сөз сұраулы сөйлем болса
Егер төл сөз лепті сөйлем болса
Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.
«Төл сөз?» – автор сөзі
«Төл сөз!» –автор сөзі
Төл сөз автор сөзінен кейін келеді.
Автор сөзі: «Төл сөз?»
Автор сөзі: «Төл сөз!»
Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.
Автор сөзі: «Төл сөз?» – автор сөзі.
Автор сөзі: «Төл сөз!» –автор сөзі.
Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.
«Төл сөз, – автор сөзі, – төл сөз?»
«Төл сөз, –автор сөзі, – төл сөз!»
ДИАЛОГ
Диалог – бірнеше адамның бір-бірімен сөйлесуі немесе адамның өз-өзімен сөйлесуі.
Диалогта әр адамның сөзі жаңа жолдан және сызықшамен басталады. Мысалы :
Қарағым, сен кімнің баласысың?
Асанбайдың.
Әкең қазір қайда?
Қой бағып кеткен.
Диалогта төл сөз бен автор сөзі араласып келе береді. Мысалы :
Асық ойнап жүрген бала келіп амандасқанда, Сапархан:
Қарағым, сен кімнің баласысың? – деп сұрады. Бала:
Асанбайдың, – деп қысқа жауап қайырды.
Сапархан енді балаға тіке қарап:
Әкең қазір қайда? – деді. Бала да бұл кім болды екен дегендей:
Қой бағып кеткен , – деп тесіле қарады.
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.
Құрмалас сөйлемнің құрылысына қарай 3 түрі бар: салалас құрмалас сөйлем , сабақтас құрмалас сөйлем және аралас құрмалас сөйлем. Олардың ерекшеліктері төмендегідей:
Достарыңызбен бөлісу: