Й әрпіне біткен сөзге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанса, бұл екі әріп бірігіп, ю болып жазылады. Мысалы: сой+у=сою, жай+у=жаю.
Й әрпіне біткен етістікке көсемшенің -а жұрнағы жалғанғанда, бұл екі әріп я әрпіне өзгереді. Мысалы: жой+а=жоя, жай+а=жая.
Орыс тілінен енген нд, мп, кт, мб, ск, фт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, түбір мен қосымшаның аралығына дәнекер ы, і әріптерінің бірі жазылады. Мысалы: Шрифт+і+ге, штамп+ы+лау, факт+і+ге, киоск+і+лер т.б.
Орыс тілінен енген қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, қосарлы дауыссыз дыбыстың соңғысы түсіп қалып отырады. Мысалы: Прогресс–прогрестік, металл–металдар, грамм–грамнан т.б.
Ескерту: Қосарлы дыбыстарға біткен сөздер жалқы есім болса, қосарлы дауыссыз дыбыс түспейді. Себебі жер аты, мекеме аты және шығарма аттары сияқты жалқы есімдерді өзгертуге болмайды. Мысалы: Кузбасс–Кузбасста, Донбасс– Донбассқа.
Орыс тілінен енген қосарлы ст, сть, зд дыбыстар тізбегіне біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, соңғы т, ть, д дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: Трест+ке=треске, ведомость+қа= ведомосқа, подъезд+ге=подъезге, т.б.
Орыс тілінен енген ог, уг, рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, нкт, кль, брь, бль сияқты тіркес дыбыстарға біткен сөздерге қосымша жіңішке жалғанады. Мысалы: геологі, педагогтер, парктен, ансамбльге, пункті т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |