Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына


Қосымша: Орыс тілінен енген сөздердің соңында ь



бет13/102
Дата16.03.2022
өлшемі0,54 Mb.
#28180
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   102
Байланысты:
аза тіліні шы у тарихы туралы т ркі тілдері тіл туысты ына

Қосымша:

Орыс тілінен енген сөздердің соңында ь жіңішкелік белгісі келгенде, ол сөзге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, ь сақталып жазылады. Мысалы: секретарьға, автомобильмен, фестивальді т.б. Ал дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, жіңішкелік белгісі (ь) түсіп қалады. Мысалы: секретары, автомобилім, фестивалі т.б.



БУЫН

  • Буын – сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны.

  • Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

  • Қазақ тілінде буынның 3 түрі бар:

1. ашық буын

2. тұйық буын

3. бітеу буын


түрі

Мысал

Ереже

Ашық буын

  1. Дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа бітеді.

  2. Тек дауысты дыбыс-тан тұрады.

А-ға, а-на, ә-ке, а-та

ба-ла, қа-ла, ке-рі

ша-на-ны, бо-са-ға


Тұйық буын

Дауысты дыбыстан бас-талып, дауыссыз дыбыс-қа бітеді.

(Көбінесе бірінші буында кездеседі.)



1-буында: ат, ет, ант, өрт

2-буында: ки-ік, ти-ын

3-буында: тұңғи-ық,

ақи-ық

4-буында: әдеби-ет,

мәдени-ет



Бітеу буын

Ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз дыбыс қоршаған буын.

1. бал, таң, көз

2. тарс, төрт, қант, бұлт

3. штамп, класс, грамм

4. мек-теп, бал-дыр-ған,



Қосымша:


  1. Сөз ішінде келген үнді дауыссыз дыбыстар: у, й, ң буынға бөлінгенде, келесі буынның бірінші әрпі болады. Мысалы, қа-уын, қа-йық, қо-ңыр т.б.

  2. Қатар келген 3 дауыссыз дыбыс буынға бөлінгенде, алғашқы екеуі бірінші буында қалады, ал үшінші дауыссыз дыбыс екінші буынға кетеді. Мысалы, құмырс-қа, жұмырт-қа т.б.

  3. Қазақ тілінде бір дауыстыдан тұратын буын сөздің басында (а-та), ортасында (ки-е-лі) және соңында (әули-е) келе береді.



ТАСЫМАЛ

    • Тасымал – сөзді жазған кездегі оның жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру.

    • Тасымал буынға негізделеді. Яғни, сөздер тек буын жігімен тасымалданады. Мысалы, «Кереге» сөзін екі жолмен тасымалдауға болады: ке – реге, кере – ге;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет