еш+(кім, қайда, қайда, қашан т.б.), ештеңе, дәнеме.
Есімдік құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді:
Дара есімдік бір сөзден тұрады. Мысалы: мен, олар, біреу, барлық, қайда, мынау т.б.
Күрделі есімдік екі түбірден жасалады. Мысалы: кімде-кім, өз-өзіне, әлдеқашан, әркім, ешбір т.б.
Есімдіктің септелуі
Атау
мен
сен
ол
бұл
бәрі
Ілік
менің
сенің
оның
бұның
бәрінің
Барыс
маған
саған
оған
бұған
бәріне
Табыс
мені
сені
оны
бұны
бәрін
Жатыс
менде
сенде
онда
бұнда
бәрінде
Шығыс
менен
сенен
одан
бұдан
бәрінен
Көмектес
менімен
сенімен
онымен
бұнымен
бәрімен
Есімдіктің тәуелденуі
ол
бұл
кім
өз
жекеше
Менің
оным
бұным
кімім
өзім
Сенің
оның
бұның
кімің
өзің
Сіздің
оныңыз
бұныңыз
кіміңіз
өзіңіз
Оның
онысы
бұнысы
кімі
өзі
көпше
Біздің
онымыз
бұнымыз
кіміміз
өзіміз
Сендердің
оларың
бұларың
кімдерің
өздерің
Сіздердің
оларыңыз
бұларыңыз
кімдеріңіз
өздеріңіз
Олардың
олары
бұнысы
кімдері
өздері
Ескерту:Еш, кей, әлде, әр, қайсы, бір есімдіктері зат есіммен және сын есіммен тіркесіп келгенде, бөлек жазылады. Мысалы: еш уақытым жоқ, кей кезде, әр адам, әр түрлі т.б.
ЕТІСТІК
Етістік заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді.
Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?
Тұлғасына қарай:
Негізгі етістік
Туынды етістік
Заттың қимылын білдіретін төл етістік. Сөздің түбірі етістік болады. Мысалы:
кел, кет, жүр, жаз, көрген, айтпады т.б.
Түбір етістікке және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік.
Мысалы: ой-ла, есеп-те, сан-а, күл-імсіре, жу-ын, көг-ер т.б.
Құрамына қарай:
Дара етістік
Күрделі етістік
Бір ғана түбірден (негізгі / туынды) тұрады. Мысалы:
баста, кес, тасы, тара, аяқта, байы
Кемінде екі етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: алып кел, шөлдеп кеттім, жазып отыр, уәде берді, т.б.
Күрделі етістіктің бірінші етістігі негізгі етістік деп аталады, ал екінші етістігі көмекші етістік болады. Мысалы, бара жатыр / бара (негізгі етістік) жатыр (көмекші етістік).
Күрделі етістіктің негізгі сыңары есім сөзден болса, ол етістік құранды етістік деп аталады. Мысалы, жәрдем ет, үлгі қыл, дем ал, жақсы көр, қабыл ал, бас и, естен тан, еңбек сіңір т.б.
Сөйлемде бір етістік бірде негізгі етістік болып, бірде көмекші етістік болып ауысып келе берді. Мысалы: Ол орындықта отыр екен. Ол орындықта кітап оқып отыр. деген екі сөйлемдегі «отыр» етістігі бірінші сөйлемде негізгі етістік қызметінде болса, екінші сөйлемде көмекші етістік қызметінде жұмсалып тұр.
Ескерту: отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері жалаң нақ осы шақ жасағанда, негізгі етістік болады. Мысалы: Мен тұрмын. Сен жүрсің т.б. Ал күрделі нақ осы шақ жасағанда, көмекші етістік болады. Мысалы: Мен айтып тұрмын., Сен ойнап жүрсің. т.б.)
ЕСІМШЕ
Есімше – бірде есім сөздің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі.
Есімше есімдерше түрленіп (септеліп, тәуелденіп, көптеліп) есім қызметін атқарады.