4.Теңбе-тең сөзжасамдық мағына.Туынды сөздің лексикалық мағынасы уәждеме сөздің мағынасымен тең түсуі мағынаның теңбе-теңдігі деп аталады.Бұл сөзжасамның қысқарту тәсілі арқылы жасалған түрлеріне қатысты.Мысалы,МТС-машина-трактор станциясы,ҒА-ғылым академиясы,АҚШ-Америка Құрама Штаттары т.б.,мұнда қысқарған сөздің мағынасында өзгеріс жоқ,бірақ тұлғасында үлкен өзгеріс бар.
Сөзжасамдық құрылым
Жалпы тіл білімінде сөзжасамдық құрылымды сөзжасамдық тип деп те атайды.Бұл мәселені ғылымда 1960 жылдарда В.В.Лопатин,И.С.Улуханов,Е.А.Земская дәлелдеп,В.Н.Немченко,А.И.Моисеев т.б ғалымдар жалғастырып,дамытып оқулықтарға кіргізді.
Қазақ тіл білімінде сөзжасамдық құрылым мәселесі алғаш 1989 жылы ғылыми айналымға “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі” монографиясында сөзжасамдық тип терминімен түсті.Ол жаңа мәселені Н.Оралбаева жазған болатын.
Сөзжасамдық құрылым деп бір сөз табынан болған уәждемелерден,бір ғана сөзжасамдық жұрақ арқылы жасалған,мағыналары байланысты туынды түбір сөздердің жасалуы аталады.Мысалы,1)жұмыскер,дәрігер,қайраткер;2)алғыш,бергіш,сезгіш,өнгіш;3)көгер,ағар,бозар,қуар,,жаңар туынды түбірлері 3 сөзжасамдық құрылымға жатады.
Сөзжасамдық құрылым деп бір сөз табынан болған уәждемелерден,бір ғана сөзжасамдық жұрақ арқылы жасалған,мағыналары байланысты туынды түбір сөздердің жасалуы аталады.Мысалы,1)жұмыскер,дәрігер,қайраткер;2)алғыш,бергіш,сезгіш,өнгіш;3)көгер,ағар,бозар,қуар,,жаңар туынды түбірлері 3 сөзжасамдық құрылымға жатады.
Сөзжасамдық үлгі
Сөзжасамдық үлгі-туынды сөздің нақтылы жасалу жолы.Үлгіде негіз сөздің дыбыстық,морфемдік құрамы мен сөзжасамдық жұрнақ анық көрсетілуі керек.Мысалы,боса,жаса,теңе туынды түбірлері бір үлгі бойынша жасалған.Мұнда бір буынды түбір сын есімдер негіз сөз болған.Үлгіде уәждеме сөз негізгі түбір сын есім сөз екені,жұрнақ –а,-е екені анық көрсетілуі керек.
Сөзжасамдық үлгі-өте тар мағынадағы ұғым.Ол туынды сөздің жасалуын нақты дәл көрсетеді.Мысалы,жаса,боса,теңе бір сөзжасамдық үлгі болса,мөлдіре,болбыра-екінші үлгі,түне,сана,сына-үшінші сөзжасамдық үлгі.
Пайдаланылған әдебиттер тізімі:
Пайдаланылған әдебиттер тізімі:
1.Оралбаева Н. Сөзжасамдық талдау//Қазақстан мектебі.1988.№9.
2.Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі-А.,1989.20-33.-б.
3.Русская грамматика.-М.,1983.-136 с.
4.Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі.Морфология.-А.,1964
5.Земская Е.А.Современный руский язык.Словообразование.-М.,1973
Назарларыңызға рақмет!
http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |