Қазақ тілінің сөзжасам уәжділігі А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет17/43
Дата01.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#70996
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43
Байланысты:
Дәріс -әдістемелік оқу құралы. 2022

Сөзжасамдық жұп Сөзжасамдық жұп дегеніміз
сөзжасамдық ұядағы негіздеуші сөз бен негізделетін сөздің синтагматикалық қатысы. Яғни сөзжасамдық жұпта екі ғана мүше қатысады. Себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы. Сөзжасамдық жұпты құраушы тұлғалар өзара ұғымдық, тұлғалық және мағыналық байланыста болады. Олай болуының ішкі себебі бар. Сөзжасамдық жұпқа енетін сөздердің ішкі мағыналық құрылымы мен тұлғалық жағында ортақ белгілер болады, айырмашылығы когнитивтің өзгешелігінде. Таңбалап тұрған зат немесе құбылыс әртүрлі болып, белгіленетін ұғымның өзгеше болуы, жаңа атау жасалуы – олардың мағыналық айырмашылығын көрсетеді. Ал тұлғалық сипаты кейде бірдей, кейде әртүрлі болуы ықтимал, ол сөзжасамдық тәсілдің түріне байланысты өзгереді. Егер сөз мағынасы семантикалық дамудың нәтижесінде өзгерсе, онда, тұлғалық сипаты еш өзгеріске түспейді де, өзге сөзжасамдық тәсіл арқылы өзгергенде, туынды сөз тұлғасында да ерекшеліктер болады. Мысалы:
Фонетикалық тәсіл арқылы жасалған сөзжасамдық жұптар: ауа-әуе, өкім-үкім, өкімет-үкімет, ана-ене, аса-есе, ырықтау-іріктеу, тұр-дүр (етіс ұшу), тарс-тұрс, аяқ-адақ, аяқтау-адақтау, тіре-шіре, айыр-ажыра, құдық-құйық, қазық-қада, қырыл-сырыл, қыру-сыру, құла-сұла, тоқ-той, соқ-сой, соғыс-сайыс, сыйысу-сығысу, жақ-жай,м жалаң-желең, т.б.
Семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөзжасамдық жұптар:
Көз (адамның көзі) - көз (иненің көзі), бай (бай адам) – бай (әйелдің күйеуі), той (той тойлау) – той (асқа тою), жаз (дастарханды жаз) – жаз (жаз мезгілі), бақ (баққа бару) - бақ (малды бағу), тақ (тақ сан) - тақ (ханның тағы), айтыс (қыз бен жігіт айтысы) – айтыс (екі бидің айтысы), тартыс (әңгіме тартысты өтті) - тартыс (термин), сабау (жүн сабайтын таяқ) – сабау (баланы сабау), т.б. (Бұл сөздердің семантикалық дамуы тарихи тұрғыдан толық түсіндіріледі).
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөзжасамдық жұптар:
Бал - балшы, балшы - балшылық,
өс - өсім, өсім - өсімдік, өсім - өсімтал, өсім - өсімпаз, өс - өсер, өс - өскін, өскін - өскіндеу, т.б.
бала - балалық, бала- балапан, бала- балажан, бала-балала, балала - балалат, балалат - балалатқыз т.б.
Байқағанымыздай, сөзжасамдық жұп барлық сөзжасамдық тәсілдер арқылы айқындала алады. Сөзжасамдық жұптардың құрамындағы туынды сөздер мағыналық жағынан бір-бірін негіздейтіндіктен, соңғы сыңардағы туынды сөз алдыңғы негіз арқылы уәжделіп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет