Қазақ тілінің сөзжасам уәжділігі А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет21/43
Дата01.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#70996
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Байланысты:
Дәріс -әдістемелік оқу құралы. 2022

3. СӨЗЖАСАМДЫҚ ТӘСІЛДЕР


Сөзжасамдық тәсілдердің Әлем бейнесінің тілдегі
бөлінісі көрінісі туынды сөздер
арқылы мол таңбаланған. Қазіргі қолданыста жүрген әдеби тілімізден туынды емес сөз табудың өзі қиын. Тіпті бір буынды атаулардың өзі, түптеп келгенде, әуелгі мағынасынан дамыған, жіктелген, семантикалық дамуға түскен тұлғалар санатында.
Тіл-тілдегі туынды сөздер жасалуының әмбебаптық сипаты болады. Әлемдік тілдердің морфологиялық жүйелеу тұрғысынан төрт топқа: 1) аморфты (қытай, бамана т.б.); 2) жалғамалы (түркі тілдері, банту, корей т.б.); 3) полисинтетикалық (чукот-камшат, америка үндістері тілдері т.б.); 4) флективті (славян, балтық) болып бөлінетіні белгілі. Осы типологиялық бөлініс атаудың жасалу тәсілімен де тікелей байланысты. Тіл-тілдегі сөз жасаудың негізгі тәсілдерін жүйелегенде де осындай типологиялық жүйе шығар еді. Яғни қытай, бамана т.б сияқты аморфты тілдерде түбірлердің қосылуы арқылы жаңа туынды сөз жасалса, жалғамалы тілдерде суффикстік тәсіл негізгі сөзжасамдық тәсіл ретінде, флективті тілдерде флексия сөз жасаудың негізгі тәсілі ретінде танылады. Дегенмен, тіл-тілде атау жасау жолдары тек осы үлгімен ғана жасалады деген ұғым болмаса керек. Қай тілде болса да, негізгі сөз тудыру тәсілінен басқа да тілдік тәсілдер кездеседі.
Айталық, орыс тіл білімінде аффиксация (префиксация, суффиксация), сөздердің тіркесуі, конверсия, қысқарған сөздер т.б. сөзжасамдық тәсілдер арқылы туынды сөз жасалады деп көрсетіледі (ЛЭС, 1990, 467-б.). Осындай сөзжасамдық тәсілдің түрлерін (мүмкін тарихи ізін) кез келген тілден табуға болады. Демек, сөзжасамдық тәсілдің барлық тілдерде кездесуі оның жалпылық, әмбебаптық сипатын танытса керек.
Түркологияда қалыптасқан ғылыми-теориялық тұжырымдарға сүйене отырып (А.А.Юлдашев, А.Н.Кононов, Б.О.Орузбаева, Э.В.Севортян, А.Г.Гулямов, Ф.А.Ганиев, Г.М.Гарипов, М.А.Хабичев т.б.) қазақ тілінде тарихи қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдің мынадай түрлері бар екенін анықтауға болады:

  1. фонетика-семантикалық;

  2. семантикалық;

  3. синтетика-семантикалық;

  4. аналитика-семантикалық.

Сөзжасамдық тәсілдердің бұлайша бөлінуі тілдің ішкі құрылымымен, ішкі табиғатымен байланысты. Сөздіктердегі туынды сөздерді тізбелеп, қандай тәсіл арқылы жасалғанын ғылыми тұрғыдан саралағанда, жоғарыда көрсетілген тәсілдер арқылы жасалған атаулардың мол ұшырасатынын анықтауға болады.
Сөзжасамдық тәсілдерді фонетика-семантикалық, синтетика-семантикалық, аналитика-семантиалық деп атаудың өзіндік мәні бар. Ерекше мағыналы атау жасалғанда тұлғаның сыртқы тұлғасы да, ішкі мағынасы да өзгереді. Синтетикалық, фонетикалық, аналитикалық терминдері арқылы оның сыртқы дыбыстық жамылғышының өзгеру сипаты анықталса, семантикалық термині негізінде туынды сөздің мағыналық құрылымы өзгергені байқалады. Яғни сөзжасамдық тәсілдер атаудың сыртқы жамылғышын да, ішкі мағынасын да өзгертіп, екіншілік мағынадағы туынды сөздерді туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет