Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет9/43
Дата17.10.2023
өлшемі0,77 Mb.
#116944
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43
Байланысты:
?àçà? ò³ë³í³? ñ?çæàñàìû À. Á. Ñàë?ûíáàé – ô.?. ä., ïðîôåññîð ².

Сөзжасамның негізгі Туынды сөз - сөзжасам
бірлігі – туынды сөз саласының ең негізгі
ұғымы. Тіліміздің сөздік құрамында қолданылып жүрген қазіргі атау сөздердің бәрі дерлік туынды атаулар. Тіпті қазіргі тіліміздегі бір буынды ат, ақ, су, сай, жақ, бау, тау сияқты атаулардың (синкретті түбірлердің) өзі туынды атаулар ретінде таныла алады. Олай деуіміз бұл сөздер тұлғалық жағынан өзгермегенмен, мағыналық құрылымы семантикалық сөзжасам негізінде дамығаны анық. Сондықтан да бұл атаулар іштей көпмағыналылыққа, антонимдік сыңарлары мен синонимдік қатарларына жіктеле алады.
Туынды сөздің мағыналық құрылымын дұрыс тану үшін, ең алдымен, тіл білімінде Е.Курилович зерттеуінен кейін қалыптасқан деривациялық деңгейлер туралы мәселені айқындау қажет болады. (Е.Курилович. Деривация лексическая и деривация синтаксическая // Очерки по лингвистике. М., 1962.)
Ғалымның еңбегінде сөзжасамдық мағына лексикалық деривация жәнне синтаксистік деривация деп екіге бөлінеді. Лексикалық деривацияда туынды сөздің мағынасы мен сөз тудырушы тұлғалардың (себепші негіздердің) мағынасы арасында айырмашылық болады да, синтаксистік деривацияда туынды сөздің мағынасы мен себепші негіз арасында мағыналық айырмашылық болмайды, тек синтаксистік қызметі өзгереді.
Сөздердің мағыналық дамуының ең негізгі факторы – олардың сөйлемдегі қызметінің өзгеруі деп түсінген жөн. Сөздің сөйлеуде әртүрлі қызметте жұмсалуы, әртүрлі мағыналық реңкте келе алуы, ең алдымен, атаудың әр алуан семалық түрленуін туғызады. Осының нәтижесінде бірте-бірте жаңа зат пен ұғымды айқындайтын нақты атаулық белгілері айқындалып, көпмағыналық, синонимдік, антонимдік мәндегі туынды сөздер жасалады.
Сөздің мағыналық дамуы ең алдымен сөйлеуде қалыптасады. Оның контекстік әр алуан мағыналық реңі әртүрлі ұғымдық белгілерді айқындау талабынан, тану мүмкіндігінен туындайды. Сөздің әуелгі синтаксистік қызметі оның негізгі қызметіне сәйкес келеді де, мұнда мағыналық ауысу немесе, өзгеше қызметтік рең көрінбейді. Мысалы: Балалар сабағын жақсы оқиды. Мұндағы сөздер өздерінің негізгі мағыналарында қолданылып, әуелгі синтаксистік қызметінде жұмсалып тұр: Балалар – бастауыш, сабағын – тура толықтауыш, жақсы –пысықтауыш, оқиды – баяндауыш. Яғни аталған сөздер өздерінің әуелгі синтаксистік қызметінде жұмсалған. Сондай-ақ, сөйлеу барысында сөздердің қызметі өзгеріп, мағынасында жаңа рең пайда болады. Ондай жағдайда сөздің синтаксистік қызметі өзгеріп, туынды мағыналы сөздің екіншілік қызметіне сәйкес келеді.
Айталық, Біздің елдің өткен өрелі жолы көп елдерге сабақ. Адам өмірден сабақ алады. Бұл сөйлемдегі сабақ сөзінің мағынасы – үлгі, өнеге, тәжірибе. Сөз мағынасының ауысуы, ең алдымен, оның қызметінің өзгеруімен байланысты болады. Сөздің ауызекі қолданыстағы мәнінің өзгеруі, әртүрлі мағыналық реңінің болуы атаудың семалық құрылымының күрделілігімен өлшенеді. Сөйлеуде не контексте әртүрлі қызметте жұмсалу қабілеті сөздің көпмағыналылығын туғызады. Осының нәтижесінде сабақ сөзі бірде предикативтік, бірде толықтауыштық қызметте жұмсала алады. Сабақ сөзінің екіншілік қызметі оның негізгі мағынасына емес, туынды мағынасының мәніне сәйкес келеді. Демек, сөздің мағыналық құрылымының дамуында қызметтің атқаратын ролі ерекше. Синтаксистік деривация туынды сөздің пайда болуының басты шарты, әуелгі бастауы деп түсінген жөн. Сөздің қызметтік алмасуы бірте-бірте оның осы қызметке тұрақтап, жаңа ұғымдық белгілерді таңбада қалыптастыруға негіз болады. Ұғымның, заттың ерекше номинативтік белгілер әбден танылғанда, негізгі мағына арқылы уәжделген ауыспалы туынды мағына жасалып, сөз жаңа туынды таңба ретінде айқындалады. Бұл лексикалық деривация нәтижесі ретінде бағаланады.
Лексикалық деривация – таңбаның мағыналық құрамында жаңа атаулық белгілердің айқындалғанын көрсетеді. Яғни туынды сөз жасалғанының айғағы. Лексикалық деривацияда туынды сөздің жаңа мағынасы түбір сөздің мағынасымен тепе-тең бола алмайды. Туынды сөз термині қазақ тіл білімінде әртүрлі қолданылып келген. Сөзжасамдық аспектіде туынды сөз термині барлық сөзжасамдық тәсілдер негізінде жасалған екіншілік мағыналы жаңа атауларды тану үшін қолданылады. Яғни туынды сөз тек жұрнақ жалғанған сөздер ғана емес, сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, дыбыстардың өзгерісі арқылы жасалған екіншілік мағыналы таңбалардың бәрінің атауы.
Демек, туынды сөз дегеніміз – себепші негіздер арқылы уәжделіп, сөзжасамдық тәсілдер негізінде жасалған, екіншілік мағыналы жаңа атау. Мысалы: әнші, сазгер, ақ-әк, бақ-бау, бала-бақша, Құрманғазы, Ақан сері, Сарыарқа, Ұлытау, таң сәрі, наркескен, құлақ салды, көз салды, қас пен көздің арасында, он сегіз, қырық бес, ақбөкен, қазақ тілі, ана тілі, т.б. Туынды сөздің басты белгісі – өзін негіздеп тұрған сөз жасаушы тұлғамен мағыналық және тұлғалық жағынан байланыстылығында. Сөзжасаушы тұлғалардың формалық сипаты әртүрлі болуы ықтимал. Олар негіз, түбір не жұрнақ түрінде бола алады. Кей зерттеулерде сөз тудырушы негіздерді туынды түбір деп атау кездеседі. Дегенмен, туынды сөз терминімен шатастырмау үшін, әрі қабылдауға жеңіл болуды көздегендіктен, біз бұл терминді қабылдамаймыз. Туынды түбір термині мен туынды сөз термині бірін-бірі жоққа шығарады. Туынды сөз бар жерде туынды түбір бола алмайды. “Туынды” деген сөздің өзінің негізгі мағынасы екінші бір зат атауының пайда болғандығын айқындап тұр. Ал түбір сөз әуелгі түбір, бастау дегенді танытады. Демек, түбір сөздің өзі туынды бола алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет