Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет7/43
Дата17.10.2023
өлшемі0,77 Mb.
#116944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43
Байланысты:
?àçà? ò³ë³í³? ñ?çæàñàìû À. Á. Ñàë?ûíáàé – ô.?. ä., ïðîôåññîð ².

М.Қашқари – сөзжасам ХІ ғасырда өмір сүрген түркі
туралы ғұламасы М. Қашқаридың
әлемдік тіл білімінде өзіндік орны мен ерекше рөлі бар. М.Қашқари – әлемде алғашқылардың бірі болып салыстырмалы тарихи тәсіл негізінде түркі тілдерінің жүйесін саралаған, тұңғыш рет түркі тілдерінің лингвистикалық картасын жасаушы. Ұлы ғалым тіл ғылымының негізгі теориялық мәселелеріне терең зерттеу жасаған.
Ғұламаның атақты “Дивани лұғат ат-түрк” атты еңбегінде түркі тілінің ерекшеліктері, грамматикалық құрылымы мен мағыналық белгілері туралы көптеген аса құнды зерттеулер ғана емес, сондай-ақ түркілік тілдік бірліктерді араб тілімен салғастыра зерттейтін типологиялық ізденістің ізі бар. Араб және қазақ тілдерінің байланысы мен ерекшелігін айқындайтын күні бүгінге дейін типологиялық бағытта жазылған еңбектің жоқ екенін еске алсақ, М.Қашқари зерттеуінің өзектілігі, маңыздылығы дау туғызбайды.
Ғалым мұрасынан сөзжасамның көптеген мәселелері туралы айтылған ғылыми ойларын аңғаруға болар еді. Ең алдымен, М.Қашқари түбір сөздер мен туынды сөздерді ерекше деп танып, бөліп көрсетеді. Түбір мен туынды сөздердің мағыналық және тұлғалық құрылымын бөлек анықтағанын, автордың “Бір буынды түбір негіздердің сөздігін” бөліп бергенінен де байқауға болар еді.
Ғалым түбір сөздерде өзгерістер аз болады, бұл өзгерістер түбірдегі кейбір дыбыстардың алмасып айтылуы мен түсіп қалуы сияқты болып келеді деп пайымдайды. Яғни түркі тіліндегі түбір мағынасының кеңдігі мен тұлғалық өзгеріске түсуінің өзіндік ерекшеліктерін дыбыстық алмасу негізінде саралайды.
“Диуани лұғат ат-түркте” сөзжасам тәсілінің семантикалық, фонетикалық, аналитикалық, синтетикалық түрлеріне мысалдар беріліп, талдаулар жасалған.
Заттық не қимылдық мағына беретін атаулардың контексте жаңа туынды мәнге ие болатынына терең мән беріп, нақты тілдік деректер арқылы дәлелдемелер келтіреді.
Екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған атаулар мағынасының ерекшелігін, өзіндік ерекше семалық мән беретініне ғалым көңіл бөледі. Түсті әсірелеп айту үшін айталық түріктер көп көк десе, оғыздар көм көк (көкпеңбек), сап-сарығ (сап-сары), йап-йазы (жап-жазық) дейтініне назар аудартады (1-т. 316-317). Сондай-ақ, қосарланып қолданылған есімдер мен етістіктердің бірінің мағынасы негізгі болып, екіншісі көмекші сөз болатынын айтады: “бір нәрсе бір нәрсеге қатты араласып кетсе, түріктер қатты-қарды – араласып кетті дейді. Бұл жерде қатты сөзі негізгі сөз болады да, қарды көмекші сөз саналады. Оғыздар бұл мағынада қарды сөзінің өзін ғана қолданады.Осы сияқты түріктер жақсы мағынасын аңлату үшін әзгу-йавлах деген қос сөзді қолданады (1-т. 406).
М.Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрк” еңбегінде аналитикалық тәсілмен жасалған атаулар жиі кездеседі, әрі оның ғылыми түсінігі мен түрлі түркі тілдеріндегі дыбысталу ерекшеліктері көрсетіліп отырады. “Кулгучі ер – күлетін адам, евге кіручі - үйге кіретін адам, ат сүргучі – ат айдаушы” сөздері жеке атау ретінде қолданып, тіл дамуында бірте-бірте қалыптасқандығы көрсетіледі (2-т. 39-74).
“Диуани лұғат ат-түркте” туынды сөз жасаушы тұлғалар мен олардың сөзжасамдық мағыналары терең талданады. Айталық, “інді” – жұрнағы етістікке жалғанып, есім туғызушы тұлға ретінде (көмінді, сүзінді), “лық” – иелік мағынасында және істелген іс мағына туғызушы (саманлығ, туруғлағ, тарығлағ), “чы” – істің иесін білдіруші (тарығчы, етукчі, бардачы), “лан” – есімнен туынды етістік жасаушы (бегленді, қызланды, атланды), “әзті” – жұрнағы арқылы туынды етістік көп жасалады деп көрсетіледі (көркәзті (көркейді), білкәзті (білімді болды)); “чіл” – бір нәрсе жайлы әрекет ұзақ уақыт жасалатынын білдіру үшін (ігчіл (аурушыл), “лады” – хайуандарда туған малдың аты алынып, оған -лады қосымшасын қосу арқылы жасалатын сөздер (бузағулады, арслан әнукләді (арыстан күшіктеді), қысрақ қулнады), “лады” - үш әріпті есімдерге қосылып, етістік жасалады, сондай-ақ, етістіктің білдіретін іс-әрекетіне адамның қатысы барлығын аңғартады (ер тон қаралады, иер қарылады (өлшеді), қычылады), т.б.
М.Қашқари сөзжасамдық тұлғаларды атап қана қоймайды, олардың жалғану жүйесі мен мағыналық қабілетіне терең талдаулар жасайды. М.Қашқаридың “Диуани” еңбегі арқылы біз ХІ ғасырдағы түркі тілдерінің сөзжасамдық жүйесі мен жасалу тәсілдері туралы, сөзжасамдық қалыптары, түбір сөздер мен туынды атаулардың мағыналық құрылымдары, олардың арасындағы мағыналық сабақтастық жөнінде толық ғылыми-теориялық мағлұмат ала аламыз. Ойшыл-дана еңбегінің теориялық тереңдігі тек грамматикалық байламдары мен салыстырмалы-тарихи зерттеулерімен шектелмесі түсінікті. Біздің назарымызды аударған күрделі мәселе ғалымның тілдің жалпы болмысы мен қызметіне, әлеуметтік мәніне қатысты тамаша ойлары.
ХІ ғасырдың қос ғұламасы М.Қашқари, Ж.Баласағуни ойлары мен тұжырымдары қазіргі кезде ғылымда негізгі проблемалы мәселеге айналып отырған тілдің лингвомәдени және когнитивтік жүйесін талдауда негізгі бағдар болуы қажет деп түсінеміз. Ғалымдардың бірі түсініп, бірі түсініңкіремей жүрген әртүрлі терминмен ұғымды шатастырып, тіл деректерін талдауға тырысудан гөрі, М.Қашқари салған ізбен, пайдалы іске жұмылған орынды болар еді. “Игі істің басы – тіл” деп жазады ғұлама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет