Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет22/43
Дата18.04.2023
өлшемі0,77 Mb.
#83899
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
Байланысты:
?àçà? ò³ë³í³? ñ?çæàñàìû À. Á. Ñàë?ûíáàé – ô.?. ä., ïðîôåññîð ².

Фонетика-семантикалық Әлем бейнесінің танылуы,
тәсіл таңбалануы тарихи күрделі
процесс. Болмыстағы танылған белгі мен қасиеттерді таңбалауда дыбыстардың сәйкесуі де тілдің тарихи дамуында мол пайдаланылған. Тілдің ішкі даму жолында сөзжасамдық мағына қалыптастырып, жаңа мағына туғызуда сәйкес дыбыстардың жіктелуі де маңызды рөл атқарған. Бұл жөнінде түркітану ғылымында айтылған тұжырымды ойлар бар (В.Томсен, В.Банг, Ж.Дени, В.В.Радлов, К.Гренбек, К.Г.Залеман, В.Богоролицкий, Г.И.Рамстедт, М.Рясянен, В.Л.Котвич, Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, Б.М.Юнусалиев, Э.В.Севортян, Ж.Аралбаев, М.Т.Томанов, Е.З.Қажыбеков т.б.).
Фонетика-семантикалық сөзжасамдық тәсілдің орындалуының өзіндік ішкі ерекшеліктері бар. Ең алдымен, кез келген дыбыс өзге бір дыбыспен алмаса келе жаңа сөз жасай алмайды. Екіншіден, дыбыстар сәйкесе келе, кез келген мағыналы атауды да туғыза бермейді. Дыбыстардың генетикалық тектестігі мен олардың жіктелу сатысы, даму заңдылықтары туралы біз тарихи сөзжасамға байланысты жазылған зерттеуімізде айтқан болатынбыз (Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект).
Дауысты ~е~ә; у~ұ~ү; о~ө; и~ы~і;) және дауыссыз (п~б~в~у; ц~т~с; ч~т~ш; дж~д~ж~з~й; р~л; рс-р~з; х~қ~к~ғ~г) дыбыстардың жіктелуі адам танымының өсіп дамуымен сабақтас қарастырылып, когнитивтік аспектіден зерделенуі тиіс. Номинация теориясы тұрғысынан ұғымды атауда ерекше номинативтік белгіні танумен, жаңа туынды сөздер мағыналарының ерекшеленуімен байланыстырамыз. Әуелгі күрделі ұғымның номинативтік ерекше белгілері жіктелуіне сәйкес, атаудың таңбасы да дыбыстық жіктеліске ұшырайды. Сөйтіп жеке атау жасалады. Фонетика-семантикалық сөзжасамдық тәсіл тарихи ұзақ уақыттың жемісі. Сәйкес дыбыстардың жіктелісі мен туынды атау ретіндегі дамуы сәтте болатын құбылыс емес. Тарихи дамудың нәтижесі. Дыбыстардың жіктелу процесінің негізінде әлем бейнесінің көрінісі болатын ұғымы белгілейтін архитұлғаның (таңбаның) артикуляциялық өзгерісі жатады.
Номинациялық қажеттілікті өтеу үшін тілдегі аффрикат күрделі тұлғалар жіктеліске түседі, ал аллофондары мағына жасаушы фонемаға айналады. Дыбыстардың жіктелуі, аллофондардың дами келе фонемаға айналу процесі ұзақ дамудың жемісі. Бұл, ең алдымен, сөзжасамға тікелей байланысты. Жаңа ұғымды белгілеу мақсатында ғана аллофондар фонемалық сипатқа көше алуы мүмкін. Демек, дыбыстардың жіктелісі мен дамуы сөзжасамдық процеске тәуелді деп пайымдауға болар еді.
Дыбыстардың жіктелу жүйесін сөзжасамдық аспектіден саралай келе, мынадай екі бағытта қарастырамыз:

  1. күрделі аффрикаттардың жеке фонемаларға жіктелуі: ТС~Т~С; ТШ~Т~Ш; ДЖ~Д~Ж; ДЗ~Д~З - тектес сәйкестіктер; РЗ~Р~З -әртектес сәйкестік;

  2. жеке дыбыстар аллофондарының жаңа ұғымды атау мақсатында мағына айырушы фонемалық деңгейге дамуы: (Н~Ң~М~Б~П~Ф; Н~Б~В~У; Л~Р; А~Е~Ә; Ы~І; У~Ұ~Ү; Х~Қ ~К~Ғ~Г т.б.)

Келтірілген дыбыстардың жіктеліп не сәйкес дыбыстарға өзгеруі арқылы тұлғалық жағынан даралыққа ие болуының басты себебі: болмыстағы танылған номинативтік ерекше белгілердің танылуы нәтижесінде жаңа ұғымның пайда болуы; жаңа ұғымды ерекше тұлға арқылы таңбалап, мағыналы атау жасау қажеттілігі.
Дыбыстардың тұлғалық өзгерісі алтай тілдерінің өзгере дамуына, түркі тілдерінің іштей жіктелуіне, диалектілік ерекшеліктердің пайда болуына алып келеді. Дыбыстық өзгеру мен сәйкес дыбыстарға жіктелу бір жүйедегі тіл топтарында әр түрлі деңгейде және әр алуан сипатта жүреді. Дыбыстық сәйкесулер мен жіктелу процесі тіл бұтақтарының тарамдалуының объективті себептерінің бірі болған.
Фонетикалық-семантикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған сөздер тіліміздің көне дамуында пайда болған атаулар. Сірә, бұл сөзжасамдық процесс түркі тілдерінің, тіпті генетикалық тұрғыдан қазіргі кезде әртүрлі жікке бөлініп, әр түрлі сипатта қаралып жүрген тілдердің де бөлінуінің басы болу ықтимал. Мұндай тарихи зерттеулер болашақта жүргізілуі керек. Қолдағы бар деректер әртүрлі жүйедегі көптеген атаулар дыбыстық сәйкестіктерді қалпына келтіргенде, бір ұғым мен бір таңбамен таңбаланғандығын айғақтайды. Біз бұл туралы біраз фактілерді “Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект” атты монографиямызда келтірген болатынбыз. Сондықтан бұл жерде тек қазіргі қазақ тіліндегі бар тілдік деректермен ғана шектелмекпіз.
Біздің пайымдауымызша, дыбыс сәйкестіктері сөз құрамында пайда болған да, белгілі бір кезеңде аллофондық сипатта пайдаланылған. Танымның өзгеруіне байланысты сөйлеуде әртүрлі қызметте жұмсалу арқылы жаңа туынды мағына жасауға негіз болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет