Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет18/43
Дата18.04.2023
өлшемі0,77 Mb.
#83899
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
Байланысты:
?àçà? ò³ë³í³? ñ?çæàñàìû À. Á. Ñàë?ûíáàé – ô.?. ä., ïðîôåññîð ².

Сөзжасамдық үлгі – Туынды сөз жасаушы
тұлғалардың біреуі
ортақ болуы арқылы жаңа екіншілік мағынадағы ортақ мағынаның болуы сөзжасамдық үлгі негізінде жүзеге асады. Сөзжасамдық үлгі тек синтетикалық сөзжасамдық тәсілде ғана емес, барлық сөзжасамдық тәсілдерде болады. Сөзжасамдық үлгі дегеніміз – туынды сөздердің құрамындағы бір тұлғаның ортақ болуы арқылы қалыптасқан екіншілік мағыналы туынды сөздер. Құрамындағы бір сөзжасамдық тұлға ортақ болғандықтан, жаңадан жасалған туынды сөзде де ортақ сема қалыптасады. Яғни бір сөзжасамдық үлгі негізінде туынды атау пайда болады.
Зерттеулерде айтылып жүргеніндей, сөзжасамдық үлгі синтетикалық сөзжасамдық тәсілде айқын көрінеді. Айталық, себепші негізге –шы сөзтудырушы тұлғасының жалғануы арқылы, кісінің мамандығына, қызметіне қатысты атаулар туындай алады. Мұның өзі негізгі –шы, -ші сөз тудырушы тұлғаның қосатын мағынасына сәйкес келеді. Мысалы:
м ал
ә н
с иыр
ж ылқы - шы, -ші
тігін
би
үй
күй
Әр атаудың өзіндік когнитивтік белгісі бар. Дегенмен, барлық атау бір қол сөзінің сөзжасамдық үлгісінде жасалғандықтан, олардың сөзжасамдық мағынасында қолдың өзек семасы барлық жаңа туынды атаулардың арнайы семаларында өзінің ізін сақтайды. Айталық, қолбасшы - көп қолдың (әскердің) басшысы, қоларба – қолмен жүргізетін арба, қолқанат - қолда ұстап жұмсап отыратын, көмегін көретін адам, қолөнер – қолмен жасалатын өнер, қолтаңба - қолмен жасалатын таңба т.б. Аналитикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған атаулардың барлығы бірдей негізгі мағына арқылы жасала бермейді, кей атаулар ауыспалы сема негізінде де уәжделеді. Қолқанат, қолжаулық, қолтума сияқты сөздердің туынды мағыналары ауыспалы сема бойынша жасалғанын бағамдау қиын емес.
Сөзжасамдық Сөздердің тууында сөзжасамдық
қалып тәсіл мен үлгіден басқа қалып та
болады. Табиғи тілдің дамуында жаңа туынды атау туғызу үшін қалыптасқан белгілі қалыптар бар. Мұндай қалыптар кез келген тілде болуы заңды. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық қалыптардың да өзіндік белгілері мен заңдылықтары, ерекшеліктері бар. Сөзжасамдық қалып туынды сөзді жасаудың негізгі жолдарын белгілейді. Сөзжасамдық үлгі белгілі бір тұлғалардың жасалуын ғана белгілетін болса, сөзжасамдық қалып ұғымы одан гөрі кең. Сөзжасамдық қалып жаңа туынды сөз жасалуының жалпы қасиеттері мен заңдылықтарын айқындай алады. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тәсілдердің әрқайсысының өзіне тән сөзжасамдық қалыптары бар. Фонетикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы екі сөзжасамдық қалып пайда болған: дауысты дыбыстардың сәйкесуі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар және дауысты дыбыстардың сәйкесуі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар. Мысалы: Дауысты дыбыстар сәйкестігі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар: Көз-көр, ауа-әуе, аса, есе, ызу-із, тұс-тыс, қол-қыл, ақ-әк, асыру-әсірелеу т.б. Ал бұлардың белгілі тектес дыбыстар арқылы туынды сөз жасауы сөзжасамдық үлгіні құрайды. Дауысссыз дыбыстар сәйкестігі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар: Кел-кет, көз-көр, ез-ер, боз-бор, өгіз-өкір, күн-күй, соль-сор (тұзды жер), қон-қоң, тұрық-сырық, тығу-сұғу, тіре-шіре, торлау-шырмау, атырау- ажырау-айыру, тақым-жақын-тақау, таяу-жақын, сөз-сөй(ле), т.б.
Семантикалық тәсілдегі сөзжасамдық қалыптар сөздердің синонимдік, антонимдік, көпмағыналылық сипаты арқылы пайда болып, дамыған. Мысалы: үй-үй-үй; үйір-үйір-үйір; ат-ат-ат-ат; Жан-жан-жан-жан т.б.
Аналитикалық тәсілдің негізгі қалыптары: сөздердің бірігуі, тіркесуі және қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: асқабақ, Сарыарқа, Ақтоты, қолғап, аққу, т.б.; Әке-шеше, кемір-шал, бақа-шаян, жігіт-желең, ұзынды-қысқалы, т.б.; көзі ашық, қолы ұзын, қолы қысқа, қас пен көздің арасында, сөз салды, көз салды, ой салды т.б. Қалыптасқан сөзжасамдық қалыптардың негізінде жасалған жаңа атаулар тілдің ішкі заңдылығына сәйкес жасалғандықтан, халықтың дүниетанымына негізделіп, уәжділігі айқын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет