Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет16/43
Дата18.04.2023
өлшемі0,77 Mb.
#83899
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
Байланысты:
?àçà? ò³ë³í³? ñ?çæàñàìû À. Á. Ñàë?ûíáàé – ô.?. ä., ïðîôåññîð ².

Сөзжасамдық тізбек Сөзжасамдық тізбек–
мағыналас, түбірлес
сөздердің уәжділік қатыстағы тобынан құралатын сөзжасамдық ұяның күрделі бірлігі. Сөзжасамдық тізбек бір сөзжасамдық тұлғадан таралып, бірнеше жаңа туынды атаулардан тұрады. Мысалы:
Мұра - мұрагер, мұрагерлік, мұрагерсіз, мұрагерсіздік;
Ора - орам, орам, орамды, орамдылық т.б.;
Ора - орам-орамсыз, орамсыздау, орамсыздық, т.б.;
Шап - шапқы, шапқын, шапқыншы т.б.;
Шап - шапқы, шапқыла, шапқылат, шапқылатқыз.
Сөзжасамдық ұя бір негіз сөзден өрбіген түбірлес туынды сөздердің жиынтығы десек, сөзжасамдық ұядағы әр түбірлес туынды сөз сөзжасамдық тізбекте орналасады. Ұядағы түбірлес туынды сөздер қалай болса, солай жүйесіз орналаса салмайды. Олардың жасалуында да, өзіндік жүйе бар, осы жүйе бойынша тізіліп келіп, сөзжасамдық тізбек жасайды. Бір ұядағы түбірлес туынды сөздердің орнын туынды сөздің қай сөзбен жасалуы шешеді. Мысалы, кел түбірінен келгіш деген туынды сөз жасалған, сондықтан оның орны кел себепші негізінен кейін болады, келгіш сөзінен келгіште туындысы жасалады, оның орны келгіш себепші негізінен кейін, келгіште сөзінен келгіштет сөзі жасалады, ол келгіште сөзінен кейін орналасады. Демек, сөзжасамдық тізбектегі туынды сөздердің орналасуы оның қай сөзге негізделгенімен байланысты болады. Сөзжасамдық бір ұядан бірнеше сөзжасамдық тізбек шыға алады. Олардың бәрінің де әуелгі негізі бір болғандықтан, туынды сөздердің мағыналарында ортақ сема мен өзек сема болады. Бір ұядан бірнеше сөзжасамдық тізбектің шығуының өзіндік мәні бар. Бұл ең алдымен, түбір сөздің мағынасының ауқымдылығына байланысты. Түбір мағынасы әртүрлі тұлғалардың жалғануы немесе қосылуы, тіркесуі нәтижесінде мағыналық жіктеліске түседі. Тұлғалық және мағыналық жағынан жіктелген бірінші немесе екінші сатыдағы әрбір туынды сөз дами келе жеке атаулардың мағыналық жіктелісіне негіз болып, өзіндік жаңа сөзжасамдық тізбектер жасайды. Бірінші сөзжасамдық саты бойынша дамыған сөзжасамдық тізбектер:
қара - қарабайыр, қарабайырлық, қарабайырлау, қарабайырлану, қарабайырландыру.
қара - қарақат, қарақатты,
қара- қарақат, қарақатсыз.
қара- қарақұс, қарақұсша
қара-қарақ, қарақшы, қарақшылық,
қарақшы-қарақшыдай.
қара- қарала, қаралай
қарала, қаралас
қарала, қаралау, қаралаушы, қаралаушылық,
қарала, қаралан, қаралану.
қара, қаралтым, қаралтымдау.
Сөзжасамдық тізбекке енген туынды сөздер бір-бірін негіздегендіктен, олардың мағыналық жақындығы айқын көрінеді. Сөзжасамдық тізбектегі синтагматикалық байланыс тұрақты болады. Сөзжасамдық тізбекке енген туынды сөздердің өзара мағыналық байланысы олардың жасалуына негіз болатын түбір сөздің мағынасымен тығыз байланысты болып, соған негізделеді. Сөзжасамдық тізбектегі туынды сөздердің саны әртүрлі болып келе береді. Оның сандық сипаты түбір сөздің мағынасына байланысты да айқындалады. Қүрамындағы туынды сөздердің санына сәйкес сөзжасамдық тізбекті екі мүшелі сөзжасамдық тізбек, үш мүшелі сөзжасамдық тізбек, көп мүшелі сөзжасамдық тізбек деп бөлу үрдісі бар. Сөзжасамдық тізбектегі синтагматикалық қатынас негізінде сөзжасамдық жұп жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет