Қазақ зиялы өкілдерінің тарихи көзқарастары


Халықтық сана-сезімді оятуда М. Дулатов «Оян, қазақ»



бет3/3
Дата10.04.2023
өлшемі15,77 Kb.
#81335
1   2   3
Байланысты:
Алаш зиялыларының Отандық тарихқа көзқарасы

Халықтық сана-сезімді оятуда М. Дулатов «Оян, қазақ» деп жар салып, ұлттық идеяның көш басында тұрды. Тәуелсіздікке жетуде зиялылар ең алдымен халықты қалың ұйқыдан оятып, одан соң оқу білімге шақырды. Қазақ зиялылары «Біздің ілгері келешек күніміз де, бұл дүниеде күн көріп, жұрт қатарлы тұруымыз да жалғыз-ақ нәрсеге тірелген. Ол  оқу. Мұнан былайғы заманда оқып, өнер білмесек, өнерлі халыққа жалшы болудан басқа бізге ешбір де орын қалмайды», – деп тәуелсіз ел болу үшін білім алудың, оқудың қажеттілігін баса көрсеткен. Ұлт зиялылары тәуелсіздік идеясын бұқара халықтың санасын оятумен, білім-ғылымға жетумен, мәдениетті ел болумен байланыстырды. Сонымен қатар тәуелсіздікті олар елдік, теңдік, басқа әлем мемлекеттерімен қатар үзеңгілес өмір сүру деп түсінді.
A. Бaйтұрсыновтың «Қaзaқ өкпесі» мaқaлaсындa («Aйқaп», 1911. №2) тaрихи мәселелерге объективті, ғылыми тұрғыдaн қaрaйтындығы көрінеді. Қaзaқ хaндығы неліктен құлaды, өз aлдынa дербес мемлекет болып тұрa aлмaудың себебі, Росияғa қосылудың негізгі жaғдaйлaры деген мәселелердің жaуaбы aйтылды. «Олжaлы жерде үлестен қaғылғaнымыз, ордaлы жерде орыннaн қaғылғaнымыз, жорaлы жерде жолдaн қaғылғaнымыз бәрі нaдaндық кесaпaты», дей келіп, ел мен елді, ұлт пен ұлтты теңгеретін ғылым, өнер екенін aйтып, оқуғa, aғaртушылыққa ден қойды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет