Оқу бағдарламасы – әр оқу пәні бойынша меңгеру үшін білім, дағды бейімділік көлемінен тұратын құжат.
Оқыту әдісі – дидактикалық міндеттерге жетуге бағытталған өзара байланысқан ұстаз бен оқушылардың жұмыс тәсілдерінің жүйесі.
Оқытудың балаға бағдарланған әдіс-тәсілдері – педагогикалық процестің баланың жеке қасиеттерін дамытуға бағдарлануы.
Оқыту принциптері – оқытудың негізінде жатқан және оны жан-жағын: мазмұны, әдіс- тәсілдері, ұйымдастырудың түрі мен құралдарын анықтайтын объективтік заңдылықтар, бастапқы ахуалдар.