бет 142/143 Дата 07.01.2022 өлшемі 1,36 Mb. #20545
Оқыту технологиясы – қойылған дидактикалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін , оқытудың түрлері, әдістері , құралдардың жүйесінен тұратын, оқу бағдарламасында ескерілген , оқытудың мағынасын жүзеге асыру жолы.
Педагогикалық инновация – бала тұлғасын қалыптастыру процесі тұжырымдамасының мәдени дәстүрінен басқа, білім беру процесіне басқаша тәсіл , көзқараста болатын білім беру қызметі.
Педагогикалық инноватика – педагогикалық жаңалық ашу , оны бағалау және педагогикалық қоғамдастықтың меңгеруі , ақырында оны тәжірибеде пайдалану туралы ғылыми білім.
Реформа – іс жүзіндегі әлеуметтік құрылым негіздерін жоймай , қоғам, өмірдің қандай да бір жағын өзгерту , қайта құру.
Рөлдік ойын – мектепке дейінгі жастағы балалардың ойынының түрі. Онда бала ойын сюжетіне сәйкес өзіне қандай да бір рөлді таңдап алады.
Тәрбие – баланың жеке басына мақсатты және жүйелі түрде барлық жағынан әсер ету.
Достарыңызбен бөлісу: