Дәрістің мақсаты: Жас ерекшелік кезеңдеріне сипаттама беру,ерекшеліктерін атап кету,балалардың дамуту кезеңдерін көрсету.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Сәбилік шақта тәуелсіздігі, өзіне-өзі қызмет етуі еңбек әрекеті жетіледі (өздігінен киіну, шешіну, жуыну, қаламды икемдеп ұстау), қарапайым тапсырмаларды орындайды. Тәуелсіздігінің дамуына байланысты «мені-кі», «мен» дегенді түсіне бастайды. Осы шақта құрбы-кұрдастарын жақсы көру, көмектесу, бірге ойнау, бақы-лау, үлкендердің тапсырмаларын ықыласпен орындау, ойнаған ойыншықтарын шашпай, жинап қою, тәртіп сақтау сияқты қарапайым адамгершілік сезімдері да-мып, көрініс табады.
Сәбилердің үлкендермен жиі к,арым-қатынасының„ ойын-сабақтарда сөйлеуінің нәтижесінде тілі мен ойы тез жетіледі. Ересектер сөзінің мағынасын жақсы үға-ды. Сөзбен түсіндірген тапсырмаларды орындай алады. Олар дұрыс болмаса да барлық сөздерді пайдаланады. Сөздік қоры жетіліп, негізгі қатынас құралына айнала бастайды. Ата-аналар мен тәрбиешінің сөздері айнала-дағы ортаны тану негізі болады; қызығуы арта ы.Дәл осы кезде сәбилер 1200—1300 сез біледі, зат есімді, етістікті, үстеуді, есімдікті жиі пайдаланады, жай хабарлы сөйлемдерді қолданады. Бәрін білгісі ке-ліп, көптеген сүрақтар береді: Неге? Не үшін? Бүл не? Қайда? Қашан? Бүл сұрақтар сәбидің ақыл-ой әрекеті-нің одан әрі дамуына жол ашады. Бала заттар мен құ-былыстарды жеке-дара қабылдамайды, олардың өзара байланыстарын, қасиеттерін түсініп, салыстыра, теңес-тіре бастайды. Баланың бұл шақта ойы мен тілінің да-муы қатар жүріп отырады.
Сәбилердің дыбыстарды айтуы әлі нашар, жетілме-ген, түрақты дағдыға айналмаған, сондықтан асықпай анық айтуға үйретіп, жаттықтырған дұрыс, Олар дау-ысты, дауыссыз дыбыстарды (Р, Л, С, Ш-дан өзгелерін) негізінен дүрыс айта алады.Сәбилер сөйлеу мен жүруді игеруінің ықпалымен дүниеге жаңаша қарап, жаңа қатынастарға ие болады. Ақыл-ойының дамуына байланысты ойынында елеулі өзгерістер болады. Ойын мазмүны күрделеніп, кейіп-керлі ойын үлкен орын ала бастайды (Мен дәрігер боламын. Мен апай (тәрбиеші) боламын, т. б.), бір рет көрсетілген керіністі бейнелей алады.Осы кезде бағдарлау әрекетінің негізгі түрі — ба-Қылауы жетіледі, ұзақ бақылайды, сұрақ қояды, ерте-гі, әңгіме тьщдауға әуестенеді, әңгімелеп те береді, ыр-ғақ шығаруды ұнатады. Сәби әрекетінің негізгі түрі — ойын, сурет салу, жапсыру, ән айту, бақылау орын алады. Өз іс-әрекетін жоспарлай бастайды (Мен үй саламын, машина құрастырамын, т. б.). Заттармен өте үйір келеді. Құрылыс материаларынан түрлі бейнелер құрастырады.
Сәбидің елестету сезімі қатты дамиды (таяқшанының, ағаш кесіндісін — сабын, орындыкты — машина, шыбықты — ат ретінде пайдаланады), рольдік ойындар ойнайды, бала өзін «әже», «тәрбиеші», «жургізу» - деп елестетеді.
Сәбилер осы шакта сөздің көмегімен бір-біріне достық карым-қатынасын білдіреді, қиналғанда акыл айтады («Жылама, маман қазір келеді»—деп, жұбатып, қолындағы ойыншығын береді, әткеншеқке отырғызып тербетеді), жаны ашиды, құрбы-құрдастарына шын ииетімен көмектеседі. Сонымен, үш жастағы баланын, дамуында, мінез-құлқында жаңа сапалық өзгерістер көрініс береді.
Сәбилердің толыққанды дамуын қамтамасыз етудің тәрбиелеудің, олардың өмірін дұрыс ұйымдастырудың өзіне тән тәртібі бар.
Сәбидің мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптас-гырудың мәні зор. Ол өсіп келе жатқан бала ағзасын суық тиюден, жұқпалы және басқа аурулардан корғай-ды. Баланы мәдени-гигиеналық дағдыларға жаттықтыра келіп, өмірге қажетті әдеттсрі мен іскерліктерін ка-лыптастырады. Сәбидіц тісіне, шашы мен тырнақтарына да күтім қажет. Баланың шашын тарап, мезгілінде алғызып тұрудың да мәні бар. Күн сәулесі бас терісіне еркін түсу үшін сәбидің шашы түгелдей алып тасталға-ны немесе өте кысқа етіп кадырылғаны, тыркақтарын жетісіне бір рет алып отырған жөн.
Балаларды сәбилік кезден бастап, шаруашылыққа көмектесуге, өз төсегін салуға, үсақ-түиек заттарды, ойыншыктарын жиунастырып орнына қоюға, тазалауға үйретеді. Бұлардың сәби денсаулығына үлкен әсері бар. Сәби денсаулығын нығайту үшін жүйелі шынықтыру қажет. Табиғат — дене мүшелері мен жүйкелерінін, жұмысын жетілдірудің тамаша құралы. Олар: ауа, су, күн. Кез-келгсн ауа райында серуендеу, ойнау, ауа ваннасын қабылдау, терезені ашып койып ұйықтау бала денсаулығына жағымды әсер етсді.
Бірінші сәбилер тобында сабақ сйын түрінде жүргізідеді. Бала психикасының дамуында айналадағы орта мен оқу-тәрбие ерекше орын алады. Ол әсіресе қым киғаш қайшылықтар күресінің, сапалық өзгерістердің күнделікті саналуан қарым-қатынастар мен байланыстардың нәтижесінде дамып жатады. Психиканың дамуы муы жоғары жұйке жуйесінің өзгешеліктеріл білмешн-ше ересек адамдар күн тәртібіп, оку, тәрбие жұмысын ойдағыдай үйымдастыра, жүргізе алчаяды, көп қйын-шылықтарға кездеседі. Бұл шақтағы баланың негізгі әрекеті — ойыи, сондықтан оның барлық психологиялық процестсрі осы ойын үстінде қалыптасады. Мазмұнды, рольді ойындар баланың зейінін, есін, қиялын дамытса, қимыл ойындары ерік-жігерін, шапшаңдығын, қол-аяы мен денесін, журісін нығайтады; дидактикалық ойындар белгілі ережелерді сақтауды талап етіп, ақыл-ойын да-мытады, тапқырлығыы, бақылампаздығын, қабылда-ғыштығын жетілдіріп, сезімталдығын ұштайды. Қейбір бала өздігінен ойнай алмайды немесе жасына лайык емес қарапайым с':ындарды ойнайды, бұл бала ойыны на қамқорлық жасамаудың нәтижесі. Сондыктан сәби ойынын ұйымдастыру өте мәнді.
Сәбилердің дербес әрекетерін шұғылдануға талпынушлығы, түрлі іс-әрекетке дағдылануы, үлкендермен белгілі қарым-қатыиасынынас қалыптаса бастауы, өзінін дұрыс жауабына қанағаттануы, өзін адам ретінде тани бастауы, сөзді пікір алысудың тұрі ретінде меңгеруі - сәби психологиясының негізгі ерекшеліктері.Сәби 3 жасқа толған кезде дүрыс тыңдау, дұрыс отыру, өзгелерге кедергі жасамау, өз іс-әрекетін басқа балалардың әрекетімен үйлестіре білу сияқты негізгі ережелерді игеруі, мәдени-гигиеналық дагдыларды меңгеруі, сондай-ақ сәбидің белсенді сөзді, қимыл-қозғалысты игеруі оның әрі қарай дамуьша негіз болады. Белсенді сөз қарым-қатынас құралыка, әсерлену белгісіне айналып, мінез-құлқынын, реттеушісі болып, алғаш саналы тусінуге бастайды. Сөзді саналы түсіну дүниені көруге үйретеді. Осылайша сананың белгілік қызметі (символикалық функциясы) қалыптасады. Бүл даму үшін өте маңызды.Сәби өзінің оңды әрекетіне, ісіне куанады, әбес қы-лығына ұялады, үлкендерге көмектескісі, бірлесіп бір істі орындағысы келеді, бұл — сәбиге тән жаңа талап-тілек.Мектеп жасына дейінгі баланың үдемелі дамуын қамтамасыз ету үшін сәбилердің жоғарыда аталған даму мүмкіндіктеріне сүйеніп, оның өмірінің, әрекетінің мазұнын, айналамен қарым-қатынасын өзгерту керек. Сәбидің жаңа талап-тілегін, қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бұрынғы өмірін қайталау аз, ол қанағаттанбайды. Сол себептен баланың бұдан былайғы өмірін мектепке дейінгі кезең талабына сай ұйымдастырған жөн.Халық педагогикасы — тәрбие құралы.Өткенге көз жугіртсек халқымыз ата-бабаларының ғасылар бойы жинақтаған өмір тәжірибесін, бай рухани қазынасын жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланған, бала тәрбиесіне ерекше мән бере,үміт арта, сергек қараған. (жас ұрпақтың алдына асқаралы мақсат қойылып,; келелі міндеттер жүктеген, болашақ ел қамқоры, Отан қорғаушысы, шаңырақ иесі, өмір гүлі деп бар жақсыны баласына арнаған. Халықтың өмірлік тәжірибеден туйгеңдері, бастан кешкендері, ұстаған қағидалары мен тұжырымдары, ұқыптылықпен жинаған әдет-ғұрыптары, салт-дәстурлері, даналық асыл ойлары, тәрбие шежіресі халық педагогикасы болып қалыптасқан. Халық педагогикасы халықтың ауыз әдебиетінде, ақын-жыраулардың шығармаларында, халықтық тәрбие дәстурлері әдет-ғұрыптары отбасындағы тәрбие, халық ойындары мен мерекелері, музыкалық шығармалары (әндер мек күйлер, билер), бейнелеу өнері, қолөнер туындыларында тәрбиелік мазмұнда көрініс тапқан.
Халық дүниеге келген жас нәрестенің болашағын ойлап, бар жақсылықты соның жолына бағыштап, көркем-сөзге, өлеңге, әнге, күйге қосып, неше түрлі қызықты ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, әңгімелер шығарып, оларды күнделікті тәрбиеде пайдаланып отырған. Сан ғасырдан бері жинақталған ойшылдардың, даналардың, шешендердің, ел бастағы көсемдердін, ұстаздардың педагогикалық идеялары халықтың өмір тіршілігімен, кәсібімен, ұяттық тәрбие дәстүрімен қоғамнан коғамға жалғасып, дамып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған. Халық педагогикасының қайнар бұлағы — ауыз әде-биеті (фольклорлық шығармалар) үлгілері. Адамдық принциптерге негізделген шығармалар — ертегілер,. эпостық жырлар, ақындар айтысы, аңыз-әңгімелер, елең-жырлар_, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер„ қанатты сөздер — жас үрпақты адамгершілікке (отан-шылдыққа, бауырмашылдыққа, жолдастыққа, достыққа кішіпейілділікке, сыпайылыққа, үлкенді сыйлауға, ата-ананы қүрметтеуге) тәрбиелеу, ақыл-ой санасын дамы-ту, дене тәрбиесі (мәдени-гигиеиалық дағдыларын қалыптастыру, денсаулығын нығайту), еңбек тәрбиесі (күнделікті тұрмыс-тіршілік, мал, егін шаруашылығы, аңшылыққа баулу), эстетикалық (қолөнері, жан және тән сүлулығы), т. б. тәрбиесін жүзеге асыруға бағыттал-ған. Бүл жөнінде кемеңгер жазушы М. О. Әуезов: «Та-биғатты баурап алғанша адам қиялмен танып меңгеріп, оған өз ықпалын жүргізуді арман еткен. Ол ертегі, аңыз әңгімелер түрінде тараған. Ертегілерде қоғамдық тартыс та, күштілердің көпшілікке көрсеткен қиянаты, зорлық-зомбылығы да, халықтын әділет, арман туралы үғым-нанымы түгел жинақталған. Біз ауыз әдебиетін зерттей отырып, халық санасындағы отаншылдық сезімді, адам-гершілік гуманизмді, халықтың қанатты үміті — опти-мизмді, сол халықтың өткендегі өмірін, аңсау арманын, әдет-ғүрпын кереміз...»— деп, жас ұрпақты тәрбиелеуде-гі ауыз әдебиетінің орньш жоғары бағалаған. Өйткені халықтың тәрбие дәстүрі ұлағатты сездер, мақал-мәтел-Дер, ән, күй, музыкалық ойындар, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, күрес, алтыбақан, қыз үзату, келін түсіру, Шілдехана, өнер сайыстары, атжарыс фольклорлық шы-рармалар арқылы көрініс тауып отырған. Ұлағатты тәрбиелік мәні бар, мінез-құлық ережелері сипатында. Қазақ ақын-жырауларының шығармаларынан халық-І тың салт-санасын, ой-ерісін, мақсатын, талап-тілегін,. муң-муқтажын, куаныш-суйінішін, болашақ өрендерге айтар өсиетінің терең мәнін жас ұрпаққа уғындыру өзи алдына бір тәрбие қуралы екенін мақтанышпен атап айтамыз. Қазақ даласының ұлы ойшылдары, халқымыздың қоғамдық-саяси, әлеуметтік, педагогикалық, философиялық ой-пікірлерінің көш басшылары — Асанқайғы, Досмамбет жырау, Шалгиіз Тіленшіулы, Жиембет: жырау, Ақтамберді Сарыұлы, Үмбетей Тілеуулы, Бұқар Қалқаманұлы, Шал (Тілеуке) Қулекеұлы,Махамбет; Өтемісұлы,Суйінбай Аронулы, Базар жырау, т. б.Адам бойындағы сапалы адамгершілік қасиеттерді жаман әдет, жат мінез-құлықтарға қарсы қоя отырып, жамандықтан жиренуге баулиды. Жастарға тіл мәде-Я ниетін уйретіп, шығармашылыққа тәрбиелеуде қанатты.і асыл, көркем сөздердің ықпалы ерекше тиімді. Қазакі халқы салт-дәстурлерге бай, атап айтсақ:Бала тәрбиесіне байланысты дәстурлер;Турмыстық салт-дәстурлер;Әлеуметтік-мәдени дәстурлер;Үйлену, үй болу салт-дәстүрлері;Жаңа заман салт-дәстүрлері.Дәстүр дегеніміздід өзі жалпы халықтың ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалып отыратын, қалыптасқан озық 1 салты мен әдет-ғүрпының жиынтығы. Оның ықпалдылы-ғы, адамдардың қоғамдық психологиясына, күнделікті тіршілігіне енуінде. Әрбір ұрпақтың өмір тәжірибесінде екшелген идеяларының, сурыпталған моральдық ереже-лері мен нормаларының жыл озған сайын үстемеленіп, дамып отыруында. Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ерекшелігі мен қасиеті, тәрбиелік әсер-ықпалы да осы өміршеңдігінде, жаңа дәстүрлердің туып, дамып, қалыптасып, тәрбие кұралы ретінде кейінгі ұрпаққа мұра болып қала бе-руінде.
Қазақ халқының салт-санасында ата-ананың арман-тілегі ерекше көрініс тапқан, бірақ бұл асыл қазыналар тоқырау кезінде нағыз тәрбие құралы бола алған жоқ, қайта жыл озған сайын тәрбиеден шеттеп шығып қалып отырды. Халық балаға табиғат тамашаларын танытса да, ең-бекке баулыса да, өмір сүруінің негізгі көзі, сарқылмас бұлағы болған төрт түлік малды ән-жырға қосқан. Олар-ға арнап әндер, тақпақтар, мақал-мәтелдер, жаңылт-паштар, жүмбақ және өтірік елеңдер, қанатты сөздер, ертегілер, музыкалық ойындар шығарып, күнделікті бала тәрбиесінде қолданған. Осы құралдар арқылы ба-ланың сезімін оятып, рухани дүниесін байытқан, айнала қоршаған дүниені танытып, еңбекке баулыған. Халық өлеңдері мен жырлары, әндері балаларды шаруашылық-пен, табиғат әсемдігімен, кең даладағы гулеген жел мен қүстардың сан алуан дыбыстарымен, түрлі көбелек, шы-бын-шіркейлердід ызыңымен, жабайы аңдардың, үй жануарларынын, үнімен таныстырып, танымдық қызы-ғушылығын өсірген.
Балаларға тәлім-тәрбие беру ісіиің табысты болуь олардың жас және даму ерекшелігін тәрбиешінің дүрыс біліп, өмірін, іс-әрекетін ұйымдастыруда басшылыккг алуына байланысты.
Қазір мектепке дейінгі педагогика, психология ғылымдары бала дамуынын бірқалыпты етпейтіндігін (се кірмслі, дағдарысты етеді) ескеріп, балалық шақты жас шамасына қарай бірнеше кезеңге беледі. Психолог В. С. Мухина: «Туғаннан бастап мектепке барғанғг дейінгі кезенде бала үш дағдарыс сәттерін: бір жаста үш жаста, жеті жаста басынан кешіреді. Осыған сәйкес бул жастағы балалар өмірі үш кезеңге бөлінеді: 1. Нэрестелік кезең — туғаннан бір жасқа дейін. 2. Сәбилік кезең — бір жастан үш жасқа дейін (1-ден 2 жасқа дөйін — бөбектік, 2-ден 3 жасқа дейін бірінші сәбилік шақ деп аталады). 3. Мектепке дейінгі кезең — үштен жеті жасқа дейін (3-тен 4 жасқа дейін екінші сәбилік шак, 4-тен 5 жасқа дейін — естиярлық шақ, 5-тен 6 жасқа дейін — ересектік шақ деп аталады) '. Бүл бағ-дарламалар, әдістемелік құралдар, оқулықтар жасауда, оқу-тәрбие мазмүнын айқындауда, күн тәртібін, іс-әре-кетін ұйымдастыруда нақты негіз болып табылады. Бала тәрбиесімен айналысатын болашақ мамандарға, ата-ана-ларға баланын. даму кезеңдеріне сай психикалық жеке ерекшеліктерін білу тәрбие ісінде жетістіктерге жеткізеді. Баланың нәрестелік кезеңіне сипаттама жасайтын болсақ, бұл кезеңде тез өсіп, дамиды. Осыны ескеріп, мақсатты тәрбие, жақсы күтім жасалса, нәрестенің ден-саулығы, дене бітімі мен психикасы бірқалыпты дүрыс дамиды. Ай сайын ол 600—700 г салмақ қосып, бойы 2—3 см өсіп отырады. Жарты жылдан кейін бойының өсуі де, салмақ қосуы да сәл саябырсиды. Дегенмен, әрі қарай дамуы үдемелі қарқынмен жалғаса береді. Бір жасқа толғанда салмағы 10—10,5 кг, бойы 74—75 см болады. Жаңа туғанда баланың миының салмағы 300 г. болса, ай сайын 40 г. қосып отырады. Ми қабығы-ның жетілуі күнделікті ұйымдастырылатын қимыл-әре-кетке байланысты дамиды. Жүйкесі орталық және шеткі деп бөлінеді. Орталық жүйке бас миы мен жұлыннан, шеткісі жұлын мен ми сүйегі және жүйке түйіндерінен түрады. Адам ағзасының айналадағы ортамен байланысы жүйке арқылы өтеді. Жаңа туған нәрестенің жүйкесі толық жетілмеген, ол өсу барысында бірте-бірте толысады.Бірқалыпты дамып, дұрыс өсіп келе жатқан баланың 6—8 айлығында сүт тісі шығады да, бір жасқа толғанда сегізге жетеді. Нәрестелік кезеңде барлық сезім мүше-лерінің қызметі дамып, жағымды эмоция керініс табады. Заттарға үмтылу, ұстауға талпыну сияқты қимыл-Дьщ оңай түрлерін игереді, сөйлеуге икемделіп уілдейді, былдырлайды. Бүл шақта бала сезімтал келеді, ауа райының қүбылмалы сәттерін, тұрмыс жағдайының, күн тәртібінің өзгеру әсерін тез сезінеді. Бала өмірінің бір жасқа дейінгі нәрестелік шағында бір-бірінен сапалық айырмашылығы бар төрт кезеңге бөлінеді. Оның бірінші кезені: туғаннан 2,5—3айға дейінгі дамуы. Нәресте дүниеге шартсыз рефлекстердір (тамақ, қорғаныс, бағдарлау, т. б.) дайын жүйесімеі келеді.
Тәуліктің 18—20 сағатын ұйқымен өткізеді. Әр 3 ( ғаттан кейін тәулігіне 7 рет тамақтанады. Нәресте ұйыкН тау, тамақтану, т. б. қажеттіліктерімен қатар алғашқң куннен бастап есту, көру, сезу және т. б. әсерленулері болады. Егер нәрестенің миы мұндай тітіркенуді жеткі-лікті дәрежеде қабылдамаса, ол психикалық дамуы жа-ғынан артта қалған болып табылады. Бала белгілі фи-зиологиялық, генетикалық және жүйке қызметінің ерек-шеліктерімен, мидың құрылысы қалыптасқан түрд< дүниеге келгенмен, ми жартысы қызметінің дамуынг сыртқы ортадан баратын импульстер әсер етеді. Мыса лы, есту анализаторларының қызметі бала ана қүрса-ғында жатқанда сыртқы дыбыстардың әсерінен (айталық анасының дауысы) қалыптасады. Баланың психк-калық дамуы сыртқы ортамен байланысымен, тәрбиенің әсерімен, оқытумен анықталатынын ғалымдар дәлелде-ген. Олай болса, нәрестелік шақта баланың қалыпта-суының алғышарттары жасалып, денсаулығының негізі каланады. Жаңа туған нәресте көз тоқтатып қарай ал-майды, оны қимылдататын булшык еттердің әлсіздігі иен қыли болып көрінуі де мүмкін, тек 3—4 аптада ғана дарай алады. Есту қабілеті әлсіз болғанымен, өте қатты дыбысты естиді. Күшті шу шықса, емуін тоқтата қояды. Есту мен көздің арасындағы үйлесімділік ерте пайда болады. Дыбыс шыққан жаққа басы мен көзін бүрады.Дәм сезімі едәуір ерте жетілген: тәттіні ынталана сорады, ащыға бет-аузын тыржитады.Иіс сезімі онша жетіле қоймағанмен, өмірінің алғаш қы аптасында-ақ иіске әсерленеді, қимылы, демалысы езгереді. Нәрестенің алақаны, беті, табаны сезімтал келеді. Оның қуанышы езу тартуы, уілі арқылы байқалады. Екі айлығында басын біршама тік ұстап, айналаға көз қиығын салады. Үш айлығында етпетінен жатқызса, басын көтеріп, қолын тірей алады. Бұл әрекет баланың тыныс алуын, қан айналымын жақсартып, еңбектеуге даярлайды. Осы кезде нәрестенің ересектермен қатынасы дамиды. Үлкен адам жылы шыраймен сөйлессе, көңілді эмоция пайда болады.Адамды, ойыншықты көргенде қуанады.
Енді 2,5—3 айдан 5—6 айға дейінгі екінші кезеңде нәресте тәулігіне 2,5—3 сағаттан 6 рет ұйықтайды, 1,5— 2 сағаттан 4 мезгіл сергек жүреді. Әрбір, 3,5—4 сағаттан кейін тәулігіне 6 рет тамақтанады. Тамақтану кезінде екі қолымен ыдысты ұстайды, аузына апаруға тырыса-ды. Қою тамақты қасықпен жеуге үйренеді. Қол созым жердегі ойыншықты шап беріп ұстайды. Ойыншықты ересек адамның қолынан алады. 4 айында шалқасынан бір қырына аунап түсе ала-ды. 6 айында етпетінен жатқан қалпынан аунап, шал-қасынан жатады. Аунап түсу — нәрестенің ересек адам-ның көмегінсіз жасаған бірінші қимылы. 3 айда анасын, 6 айда таныс адамдарды ажырата Іалады. Бөтен адамдарды жатырқайды.
Заттардын формасын, түсін ажырата бастайды. Өзі-не арналған сөзді түсінеді. Жылы сөйлессе, қуанады, зекісе, жылайды. 4—5 айда ыңылдайды, уілдейді. 6—7 айда былдыр-лайды (а-та, а-па, ма-ма). Уілдің әуенді дыбысы ұзақ уақыт іштен дем шығару арқылы айтылады. Бүл — ба-ланың тілі шығуы үшін дем алысының қалыптасуы. 3—4 айлық нәрестемен тілдескенде ыңылдау әуенімен айты-латын дыбыстарды, 5—6 айлық нәрестемен тілдескенде буындарды қолдану керек.
Нәрестенің көңілін музыкаға және музыкалық ойын-шықтардың дыбыстарына, әуезді үніне аудару, көбірек қуанту, күлдіру қажет. Баланың көру және сезу қабіле-тін ойыншықтар арқылы жетілдіреді. 5—6 айдан 9—10 айға дейінгі үшінші кезеңде нәрес-те жаңа күн тәртібіне көшеді, тәулігіне 2 сағаттан 3 рет үйықтайды. Әрбір 2—2,5 сағатта сергек күйде болады, әрбір 4 сағаттан кейін тәулігіне 5 рет тамақтанады. 7 айлығынан бастап тамақтанарда қолына нанның қабы-беруге болады. 6 айлығынан бастап айналасындағы адамдарға, заттарға, жануарларға зейін қоюы артады. Кейбір дыбыстарды қайталау құштарлығы оянады. Осы кезде ересек адамның бет жүзінен, дауыс ырғағынан көңіл күйін сезеді. 6, 5 айда сезді затпен байланыстырады үйренеді (қуыршақты «бөпе» дейді). «Қайда?» деген сұраққа сол затқа бұрылып қарау арқылы жауап береді. Егер заттың түрған орнын ауыстырса, таба алмай қалады, себебі ол үшін зат түрған орнымен байла-иьісты қабылданған. 6,5—7 айлығында бала орнынан жер бауырлап, қозағалып, екі қолымен, екі аяғымен бірдей еңбектей бай тайды. Еңбектеу арқылы сүйек, бұлшық ет жуйесі да! миды. Айналаны бағдарлау өрісі кеңейеді. Еңбектеі үйренген нәресте өзі отыра бастайды (8—9 айынан ерте отырғызса, баланың омыртқасы қисаюы мүмкін). Бал отырған күйінен жатуға, одан қайта отыруға үйренеді.9 айлығында қолымен заттардан ұстап, тәй-тәй ба сады. 9—10 айлығында затқа бүрылып карайды, олар ды көзімен іздеп табады. «Қош бол», «Алақан соқ» «Қолыңды бер», т. б. уйренген қимылдардың аттары «отыр», «жат» деген сөздерді түсінеді. 9—10 айдан 1 жасқа дейінгі төртінші кезендегі да муында нәресте жаңа күн тәртібіне көшеді, 1,5—2,5 са ғаттан тәулігіне 2 рет үйықтайды, 2,5—3 сағат сергеі жүреді. 10 айлығынан бастап түнде 1 рет тамақтанадъ (сағат 22-де). Он бір айлығында ересек адамның қолынан үстап өзі тұрады, тәй-тәй басып жүре бастайды. Бір жаста өзі жүре алады. Өзі жүретін нәрестеніі қолы босап, заттарды үстап, тану өрісі кеңейеді. Соныі арқасында саусақтарьшьщ бүлшықеті есіп-жетіледі, ке: бен қол қимылының үйлесімділігі дамиды, көрнекі, әсер лі ойлауы пайда болады, еркіндігі дамиды, ойын әреке тінің негізі қалыптасады. Нәрестенің ән және музыкалық аспаптар үнін тың дауы негізінде есту қабілеті дамиды. Өзіне айтылғаі сөзді тыңдап, жауап ретінде дауыстап, ымдап, білетіі сөздерін айтады. Осы кезде нәрестенің пассив қорындг 20—30 сөз (дене бөлшектері, қимылдар, ойыншыктар т. б.), актив қорында 10—12 сез (мама, ата, апа, бер т. б.) болады.Жыл аяғында айналасындағылармен карым-қатына сы күшейеді, адамдарға деген ынтасы артады.Осы айтылған кезеңдердің әрқайсысына тән нәресте ні күту, дағдыландыру, тәрбиелеу тәртібі бар.Нәрестенің дүрыс дамуы үшін күн тәртібіне сай та мақ пен тазалық та қажет. Жаңа туған балаға жарығы жылуы мол арнаулы бөлме немесе бұрыш белгілеп, сон да әлпештеп күту жөн. Бөлмені күніне бірнеше рет дым кыл шүберекпен сүрту, жазда, кыста жиі желдетіп отыр талап етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |