9 тақырып.Адамгершілік тәрбиесі теориясы мен әдістемесі.
Жоспар:
1.Мораль принциптері мен ережелері. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері.
2.Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мен құралдары.
3.Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі шарттары. Балалардың тіршілігі мен іс-әрекетін ұйымдастыру.
4.Адамгершілік тәрбиесінің әдістері.
Дәріс мақсаты: Адамгершілік қасиеттерді атап кету,өзара қарым-қатынас орнату жолдарын көрсету,тәртіп,мәдениет,сана ұғымдарына сипаттама беру.
Дәрістің қысқаша мазмұны:Мораль принциптері мен ережелері.Мораль дегеніміз адамдардын, мінез-құлқынында тарихи қалыптасқан принцитері мен ережелерінің жиынтығы. Бұл принциптер мен ережелер жақсылык, пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік, абыройлы-лық пен абыройсыздық деген ұғымдардың тұрғысынан қаралып, адамдардьщ мінезі мен іс-әрекеттерін баға-лаудың өлшеуіші болып табылады. Бұлар адамдардың. бір-біріне, қоғамға, мемлекетке, үй іші адамдарынык бір-біріне деген қарым-қатынастарын ретке келтіріп отырады. Мораль қоғамнан тысқары тұра алмайды. Қоғам моральды туғызады, сақтайды, дамуына ықпал жасайды. Қоғамның дамуымен және экономикалық құ-рылыстын. өзгеруімен бірге мораль да өзгеріп отырады. Керісінше, мораль адамның еңбекке деген кезқарасы арқылы қоғамның экономикалық дамуына әсер етеді. Моральдын, калыптасуына қоғамдық сана, саясат, құқық, көркемөнер, дін ықпал етеді.Барлық заман мен барлық халықтарға бірдей жарамды ереже болмаса да, жалпыға бірдей кейбір моральдық ережелер бар. Мұндай ережелерді қоғам тәртібінің ен, қарапайым ережелері деп атаймыз. Мысалы, барлық заманда табиғат апаты кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетіп отыру моральдық борыш деп есептелінген. Өз балаларының алдында әкелік және аналық борышын орындамаған ата-аналарды, ата-ана-сы алдындағы ез борышын ұмытатын балаларды мо-раль атаулыньщ бәрі де айыптайды, қоғамдық орын-дарда ен. қарапайым тәртіпті сақтау, жасы кішілердің үлкендерді сыйлау ережелері барлық уақытта да болған. Адамдардың қарым-қатынас мәдениеті осы ереже-лер аркылы баянды етіледі. Жас ұрпакты адамгершілік рухында тәрбиелеу дегеніміз — оларды жоғарыда айтылған мінез-құлықтың дағдылы ережелеріне үйрету. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз — адамның моральдық қасиеттерін белгілі бір максатқа бағыттап қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |