Мектепке дейінгі педагогика – мектепке дейінгі балалармен (туғаннан жеті жасқа дейін) білім-тәрбие беру жұмысының заңдылықтарын зерттейді және мектепке дейінгі қоғамдық мекемелер мен отбасының тәрбиелік ықпалдарының біртұтастығын қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, бұл жұмыстың мектепке дейінгі ұйымдардағы бағдарламасы мен әдіс- тәсілдерін қарастырады.
Аргумент– 1.Пайдалану, басқа бір пікірдің шындығын растау. 2. Дәлелдеудің негіздемесі.
Апатия (енжарлық) – қажу, қатты уайымдау немесе дерт салдарынан айналаға қызығушылығы жоқ, немқұрайлы болатын психикалық күй.
Актив – мәдениеттің, ұжымның, ұйымның ең озық, белсенді, іскер бөлімі.
Авторлық жүйе – қызмет негізінде дәстүрлі емес тәсіл, идея, тұжырымдама алынған авторлық мектеп.