Білім беру жүйесі – жас ұрпақтың қоғамдық өмірге, арнайы мекеме жүйесіне зияткерлік даярлығы.
Басқару жүйесі – қызметтің жетекші түрі мен мақсатын нақтылауға, жаңалық енгізуге, қарым қатынасты жетілдіруге, қоршаған ортамен өзара әсерді кеңейтуге бағытталған басқару қызметі.
Бағдарлы рефлекс – қоршаған орта жаңалығына серпіліс ретінде болатын шартсыз рефлекс.
Баланың әлеуметтік кеңістігі – оң және теріс валенттілікке ие болатын, бағалау және құндылық жүйесі арқылы оның мінез құлқына қалай әсер ететінін, оның санасындағы шағын әлеуметтік топ туралы түсінік жиынтығы.