Демократиялық стиль (ұжымдық, алқалық) – баланың жағымды эмоцияға деген қажеттілігіне сүйенген, тәрбиенің ең тиімді стилі. Жалпы тілектестік жағдайында сендіру мен сенімділік пайдаланылады. Қажетті жағдайда балаға берілетін сөгіс оны оң қарым- қатынастан айыру арқылы іске асырылады.
Диагностика – жұмыс тәртібінде мүмкін болатын ауытқыларды болжау үшін, процестерде, машиналарда ақауларды сипаттайтын белгілерді техникалық басқару және зерделеу, ауруларды анықтау және диагноз қою әдістері мен принциптері туралы ілім.
Дербестік(индивидуалность) – жеке адамның өзіне ғана тән ерекшелігі. Адам және оның тұлғасының жеке жағдайда көрінуі.
Есте сақтау – заттар мен құбылыстардың бейнесі зердеде бекитін ақыл-ес процесі. Есте сақтау әрқашанда таңдамалы түрде өтеді: біздің сезу ағзаларымызға әсер ететіндердің бәрі бірдей есте қалмайды.