Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


тақырып:Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі



бет41/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   143
Байланысты:
УМКД -Мектепке дейінгі педагогика готовый

7 тақырып:Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.

Жоспар:

1.Дене тәрбиесі ұғымдары. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің теориялық негіздері.

2.Дене тәрбиесінің мақсат, міндеттері. Дене тәрбиесі құралдары. Қимыл-қозғалыс белсенділігі.

3.Шет ел ғалымдарының зерттеулеріндегі мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін беру мәселелері.(В.Трейер, В.Етерн, К.Бюлерж.т.б.)

4.Қазақстандық ғалымдардың мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі туралы педагогикалық ой-пікірлері.

Дәрістің мақсаты: Дене тәрбиесі ұғымдарына сипаттама беру,пәннің мақсат,міндеттерін атап кету,дене тәрбие мәселелерін белгілеу

Дәрістің қысқаша мазмұны:Дене тәрбиесі баланың дене құрылысының дамуына, денсаулығына, икемді қимыл әрекеті мен еңбекке қабі-леттілігіне, мәдени және гигиеналық дағдыларыныа жақсы дамуына ықпал етеді. Жас ағза өзінін, да-муына ыңғайлы жағдай тудыруды қажет етсе, ол әдейІ ұйымдастырылған тәрбиемен, қоғамдық ортаның мүм-кіншілігімен қамтамасыз етіледі.

Деье тәрбиесінің негізгі мақсат, міндеттері — балалардың денсаулығын сақтау, нығайту, денесінің дұрыс өсуіне және жақсы шынығуына көмектесу, қимыл-қозғалысын дамыту, тіршілігіне қажетті дағдыларға үйрету, мәдени-гигиеналық әдеттерге баулу.

Дене тәрбиесінің табиғи-ғылыми негізі — И. П. Павловтын, ағзанык біртұтастығы мен жоғары жүйке жүйесі жайлы ілімі. Дене құрылысы дұрыс қалыптасқан, денсаулығы мықты, ақыл-есі калыпты дамыған бала білімді, тәрбиелі болып, әдеп пен дағдыны жақсы мең-гереді. Дене тәрбиесі балалардын, ерік-жігерін шьщдап, жағымды мінез-кұлқын, тәртібін бекіте түседі. Көпшілік қатысатын тәрбие жүмыстары (шаралар), ойын, мере-келер, оқу, серуен балаларды үжымшылдыққа тәрбие-лейді. Дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эсте-тикалық тәрбиелермен де байланысты.Дене тәрбиесінің негізгі тәрбие кұралдары — күнделікті өмірде тазалықты сақтау, дұрыс күн тәртібі, нәрлі тамақ, балалардың әр түрлі іс-әрекетін (еңбек, ойын, т. б.), қимылдарын дамыту.

Дене тәрбиесінің бірізді, біртұтас жүйесі құрылған: бөбекжайда дене тәрбиесінік негізі — жалпы гигиеналық жағдай, күн тәртібі, бастапқы дағды, баланың қимылын дамыту;балабақшада аталған талаптармен қатар, тыныш отырып ойнайтын ойындарды, гимнастика жаттығулары мен кимыл ойындарын, гигиеналық дағдыларды меңгерту көзделеді.

Дене тәрбиесі саласында алдыңғы қатарлы теориялар шықты. Францияда Ф. Рабле және М. Монтекь дене тәрбиесін ақыл-ой тәрбиесімен бірлікте қарау керек дегенді ұсынды. Я. А. Коменский дене тәрбиесіи педагогикалық процестің негізгі бір бөлігі деп қарап, өзінің «¥лы дидактика», «Аналар мектебі» сияқты еңбекте-рінде балалардың күн тәртібі, тамағы, тазалығы, ойындары, дене шынықтыру жаттығулары мәселелеріне үлкен мән берген. Дене тәрбиесін сәбилік шақтан бастауды ұсынған.Ағылшын философы Дж. Локк, француз философы Ж. Ж. Руссо дене тәрбиесіне ерекше мән берген. Неміс педагогі Ф. Ян, швед педагогі И. Г. Песталоцци, чех педагогі М. Тырш, т. б. педагогтер дене тәрбиесінің әр қилы жүйелерін құрған.

Алдыңғы қатарлы орыс педагогтері мен қоғам қайраткерлері де дене тәрбиесі мәселесіке көп көңіл белген. В. Г. Белинский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевский, К. Д Ушинскийлер дене тәрбиесін сәбилік шақтан бастауды және еңбекпен байланыстыру мәселесін қозғап, оны балалардың ақыл-ойы мен адамгершілігін дамытудың қажетті шарты деп тапқан. Адамтанушы әрі педагог П. Ф. Лесгафт езінің окушысы В. В. Гориневскиймен дене тәрбиесінің ғылыми жүйесін құрған. Сондай-ақ бала денесі дамуының заңдылықтарын, тұкым қуалаушылық ғана емес, орта мен тәрбиенің ықпалын да атап көрсеткен. Дене тәрбиесін ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалык тәрбиемен байланыстырған.

Дене тәрбиесіне үлкен мән беріп, еңбек еткен педа-гогтер Н. К. Крупская және А. С. Макаренко болды.Дене тәрбиесі организмді шынықтырып, бала психи-касыныд дамуына үлкен әсер ететін, адам организмінін барлық жағыкан жетілуіне, қимыл әрекеті мен дағды-сының, білімінің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған, кеп қырлы педагогикалық іс.Дененің дамуы — тәрбиенің және бізді қоршаған іш-кі, сыртқы ортаның әсерінен организмнің биологиялык функцияларының және адам денесіндегі бұлшық ет тарамдары мен түрлерінің өзгеруі және өсуі.Дененің жетілуі — өмірге, Отан қорғауға, еңбекке қабілеттілігі, дене дамуының ең жоғарғы дәрежесіне жетуі.Ағзаның өсуі (сандық өзгеріс) оның қүрылысЫ мен функциясының (сапалық өзгеріс) өзгеруімен бай-ланысты. Ағзада сандық және сапалық дің жинақталуы жас шамасына қарай дамудың бір баспалдағынан екінші баспалдағына өтуге, ауысуға івкеліп тірейді. Жас шамасына қарай әр баспалдақтағы даму сапа жағынан бір-бірінен өзгеше. Әрбір жана йаспалдақ келесі баспалдаққа өтудің дайындығы болып табылады. Адамның жеке басының дамуы бірінен-бірі-не ауысып отыратын нәрестелік, бебектік, сәбилік, мек-тепке дейінгі, кіші шәкірттік, жеткіншектік, жас еспі-рімдік шақ сияқты баспалдақтарға бөлінеді.

Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін берудің мақсаты мен міндетіМектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін берудің мақсаты — балалардың денсаулығын нығайту, денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету, өйткені бұл кезде баланың дамуына қолайлы жағдай жасалса, бала денесі тез жетіліп өседі. Мектепке дейінгі шақта бала ағзасы әлсіз, әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмайды, сондықтан оны аурудан сақтап, денсаулығын нығайтуда, қимыл әрекетін дамытуда, мәдени гигиеналық дағдысын, әдетін қалыптастыруда дене тәрбиесінің мәні ерекше.

Дене тәрбиесі ақыл-ой тәрбиесімен тығыз байланысты, өйткені біздің психикамыздың материалдық негізі — ми, жүйке жүйелері. Көру, есту, иіс сезу сияқты сезім мүшелері — сыртқы тітіркендіргіштерді адамның орталық жүйке тармағына өткізуші болса, ал ми қа-бықтары олардың қызметін орталық мүшелерге жеткі-зеді. Балалардың көру, есту, иіскеу мүшелерінің да-муын қамтамасыз етіп, қабылдау мен түйсіну сезімін Жетілдіріп, езін қоршаған ортаны тануға мүмкіндік ту-Дьірады.

Дене тәрбнесі патриоттық, эстетикалық тәрбиемен Де байланысты. Әйткені дені сау, көңілі шат бала әсем-Дікті де жақсы қабылдап, езі де әсем көрінуге талпы-нады. Дене тәрбиесі баланың денсаулығын, өмірін сақ-тап қана қоймай, ағзасын шынықтыруға және ки-Мьіл қабілетін дамытуға пайдалы деп түсінген жөп.

Міне, осындай ұлан-ғайыр мақсат көздейтін дене ^әрбиесінің негізгі міндеттері: 1) баланың денсаулығын ;сақтау және нығайту, 2) мәдени-гигненалық дағдылар күн әдеттерді қалыптастыру, 3) бала денесін шынықру, 4) балаларды жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, жатықтыру сияқты негізгі қимыл әрекеттерін дамыту.

Дене тәрбиесіне қажетті жағдайлар және оны ұйымдастыру:Дене тәрбиесін дурыс жургізу үшін ағзаның дамуына әсер ететін жағдайдың бәрін пайдалану қажет», деп И.П.Павлов адам ағзасының біртұтастығын , дене мүшелерінің бәрі де бір-бірімен және сыртқы ортамен байланысты екенін танытты.Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесік беру негізіне мыналар жатады: балалар кутімі және оның өсуіне қолайлы мәдени-гигиеналық жағдай жасау, дұрыс жасалған күн тәртібі, тамақтандыру, дененің тазалығы, баланың жасына, ауа-райына ыңғайлы киінуі, гимнастика және қимылды ойындар ойнату, ұйқысын ұйымдастыру, серуенге шығару, күнді, ауаны, суды тиімді пайдалану.Дене тәрбиесі мен балаға деген қамқорлыққа негізделеді. Күнделікті тұрмыстағы гигиенаны сақтау (үй ішіндегі, сырттағы, киім-кешектегі, жабдық-жиһаз дағы, т. б.), күн тәртібін дұрыс орындау, уақтылы нәрлі тағаммен қамтамасыз ету, дене шынықтыру жаттығуларын мезгілімен жүргізу, дәрігерлік бақылау ұйымдастыру, аурудың алдын алу, тәрбие шараларын белгілеу, қоғамдық тәрбие орындарының отбасымен тығыз байланысын қамтамасыз ету бала денесінің дұрыс өсіп, дамуына мүмкіндіктер тудырады.

Дене қимылын дамыту. Мектеп жасына дейінгі балаға дене тәрбиесін беруде қимылды ойындардың орны ерекше. Қимылды ойындар бұлшық еттерді ғана іске қосып қоймайды, баланың бүкіл ағзасының, ішкі құрылысының кызметін, зат алмасуын кұшейтіп, психикасының дамуына да ықпал етеді, жалпы денсаулығын нығайтады. Қимыл әрбір іс-әрекеттің негізін құрайды, тиімді ұйымдастырылған қимыл икемділікке, күштілікке, үйлесімділікке, әдемілікке баулиды, жұмыстың табысты болуын қамтамасыз етеді.

Балабақша міндеттерінің бірі — балаға қимыл негіздерін үйрету. Негізгі қимылдарға жүру, жугіру, секіру, лақтыру, ермелеу сияқты қимылдар жатады. балаларды мақсатқа бағытталған қимыл жасауға, қажя кезінде қимылды тежеу әрекеттеріне үйрету керек.

Қимылдың тәрбиелік әсері де зор: ойын, гимнастикалық жаттығулар мен еңбек үстінде балалардың кеңістікті бағдарлау, шапшаңдық, дәлдік, ептілік касиеттері, ұжымдық қарым-қатынастары тәрбиеленеді.Қимылды дамытуды жоспарлағанда мынадай жалпы қағидаларды ескеру керек:

1) жаттығуларды, ойындарды, еңбек тапсырмаларын таңдағанда баланың қолынан келетін, оларды қызықтыратын, бүкіл ағзасының дамуына түгел ықпал жасайтын, бұлшық еттердіқ қимыл әрекетіне әсері барын сұрыптап алу;

2) ойындар мен жаттығулар еңбек тапсырмаларын орындауға, жүру, жүгіру, лақтыру, секіру, өрмелеу сияқты қиыылдардың дамуына ықпал ететін, дұрыс дағдыны қалыптастыратын болуы керек;

3) физиологиялық жағынан әлсіз бұлшық еттерді иығайту, баланын тұлғасын дұрыс қалыптастыруға себепкер болуы керек;

4) ұжымда жұмыс істей білуге жетілуін қамтамасыз етуге тиіс.

Мектепке дейінгі балалардың қимылын дамытудың негізгі құралдары — қимылды ойындар, гимнастикамен, спортпен шұғылдану, еңбектену.

Таңертеңгі жаттығу 5—7 минутқа созылады, оган түрлі қимылдар енеді: сапқа тұру, жүру, бұлшық еттердің әрбір бөлшегіне арналған жаттығулар жасау, жүгіру, секіру. Таңертеңгі гимнастика тек қимылды дамыту үшін ғана емес, балаларды ұйымдастыру, олардың сергек көңіл күйін қамтамасыз ету үшін де қажет.

Балалардьщ қимылын дамыту үшін тәрбиеші се-руенді кеңінен пайдаланады, серуен кезінде балалар жүгіреді, секіреді, доппен, жіппен, шеңбермен ойнайды, үзақ жүруге, тоғаннан өтуге, төбеге шығуға, шарбақтан асып түсуге, өрмелеуге жаттығады. Тәрбиеші балалардың шаршап, шалдықпауын, жалықпауын қарастырады, тапқырлығын, белсенділігін қолдап отырады.

Мектеп жасына дейінгі балалар қимылының дамуы-на спорттық бой жазу ойындарының: шанамен сырға-иаудың, коньки, шаңғы, велосипед тебудің үлкен маңы-зы бар.

Қимылды дамытуда әрбір баланьщ жеке ерекшелігін, денсаулығын, жеке басының қасиеттерін (жасқаншактық, үялшақтық, шапшаңдық) ескеру керек.Қимылды дамытуда күнделікті тұрмыста, табиғатта, ойын үстінде қолданылатын, яғни материалды өзгертуге бағытталған, мақсат көздей ұйымдастырылған еңбек аса маңызды, Еңбек қимылдары баланың іс-әрекетінің Дәлдігін, үйлесімділігін арттырып, мақсатқа бағытталған сәнді қимылдар жасауға үйретеді. Балалар кілемді сыпыру, гүл суару, ойыншықтың құрылысын жоспарлау арқылы қимыл ғана жасап қоймайды, сонымен бірге пайдалы еңбек те атқарады.Тәрбиеші балалардың тамағын, ұйқысын, қимылын, ойынын, еңбегін отбасында дурыс ұйьшдастырудың маңызы, жолдары, әдіс-тәсілдері туралы ата-аналарға ке-і,ес береді.

Денені шынықтыру және оньщ принциптері. Шынықтыру — ағзадағы баланың денсаулығына зиянды әсерлерге қарсылық кушін жетілдіріп, әр қилы қолайсы жағлайлардан денені қорғап, икемділігін дамытатын шаралар жүйесі.

Шынықтыру дене мушелерінің, жуйкенін жұмысын жетілдіруге негізделген. Шынықтыру дене тәрбиесінің басқа куралдарымен катар, дені сау, моральдық жағы-яан тұрақты, табанды, батыл, төзімді адамдарды тәр-биелеуге ықпал етеді.Мектепке дейінгі балаларды шынықтырудың негізгі ііринциптерінің біріншісі — біртінділік принципі. Мысалы , біртіндеп судың температурасын төмендету, бала-лардың киімдерін де біртіндеп жеңілдету, күн көзінде болудың мерзімін біртіндеп ұзарту.

Шьшықтырудың екінші принципі — жүйелілік, яғнн шынықтыру ережелерін сақта)', шынықтыру шараларын уздіксіз қайталау. Шынықтыруды анда-санда, кездей-соқ, қалай болса, солай өткізуге болмайды. Ондай шы-1 нықтыру балалардың денсаулығына үлкен зиян келті-реді.

Шынықтырудың ушінші принципі — балалардың жеке басының ерекшелігін ескеру. Әрбір топтағы бала-.лардың ішінде суыққа, желге, ыстыққа шыдамай, ауы-рып қалатындары болады. Мундай балаларды бірте-ч бірте, сақтықпен шынықтыру керек.

Шынықтыру құралдары: ауа, су, күн. Күнделікті өмірде тәрбиеші бұларды сауыктыратын процедура турінде — ауа және кун ваннасы, шомылу, сулы шуберекпен ысқылану, устіне суық су құйыну турінде пайдаланады.

Баланы кунделікті өмірде шынықтыруға ауаны пай-далану оңай. Ол үшін жазды кундері балалар куні бойы — ойнау. серуендеу, тамак ішу, ;йыкта}- кездеріндеі таза ауада болуы керек.

Баланың денесін шынықтыру ушін бірте-бірте жалаңаштап, көктемде күн жылына бастаск.чен-ақ балаларға шолақ жеңді жеңіл кейлек, жазда шолақ шалбар кигізу үсынылады. Суық тусе бастағанда біртіндеп жылы киімге ауысады.Қысқы күндері де күшті жел, аяз болмаса, терезе желдеткішін ашып қойып, жұмыспен шұғылдануға үйрету керек.

Шынықтырудың ең бағалы құралы — жыл бойы таза ауада өтетін күндізгі үйқы. Ашық ауада ұйықтау,, серуендеу, кыдыру, шана, шаңғы, коньки тебу ағзанын жұқпалы аурулар мен суықка карсылығын арттыратыны анықталған. Қыста далада арнайы тігілген көрпелерде (көрпе-қап) ғана ұйықтауға рұксат етіледі.



Күн сәулесін дүрыс пайдалана білудің әсерінен ағзада болатын өзгерістер шапшаң өтеді, қан айналысы жақсарады, шеміршектері сүйекгенеді, сүйектері бекиді, тері аурулары жазылады. Күн сәулесін дұрыс пайдаланбау да, шамадан тыс ұзак күн көзінде болу да зиян. Тәрбиеші күнде жүру мерзімін қатаң қадағалап, бала денесінің ыстықта немесе суықта қалмауын бақылап, көлеңке мен күнде болуды алмастырып отыруы керек.

Жазда суды жиі пайдаланған жақсы. Балалар суда жүзуді, су шашысып ойнауды ұнатады. Жылы күндері оларға тайыз судың жағасында, жаңбырдан соң жалая аяқ су кешуге, су шашысуға рұқсат еткен жөн.Шынықтыру үшін жасалатын арнаулы шаралар дәрігердің нұсқауымен және дәрігердің немесе медбике, тәрбиешінің бақылауымен жүргізіледі.

Күн сәулесін қабылдау үшін балаларды жайма кереуетпен камтамасыз ету керек. Күнде болатын уақыг мөлшерін балалардың денсаулығына, әдеті мен дағдысына, ауаның температурасына қарай дәрігер белгілейді. Күн сәулесін қабылдауды сағат 11-ге дейін, күннің пайдалы ультракүлгін сәулелері бар кезде өткізген жөн. Күн сәулесін әуелі бір минуттан бастап, біртіндеп жоғары топтағы балаларға 15—20 минутқа дейін қабылдауға жеткізеді (оң жақ бұйір, сол жақ бұйір, іш, арқа). Баланын, басын ақ орамалмен немесе қалпақпен бүркеп қояды. Шынықтыру үшін жасайтын арнаулы процедураларға: сулы шүберекпен сүртіну, шомылу, құйыну жатады. Бұл процедураларды кабылдау кезінде баланың суық судан тоңып қалмауын қадағалаған жен. Су мен ауа салқындаған сайын, процедураның мезгілі Қысқа болуы керек деген ереже басшылыққа алынады. Құйыну, сүртіну кездерінде судың температурасы бір-тіндеп төмендетіледі. Су құйынғаннан кейін денесін орамалмен ысқылап сүртінуі керек. Естияр балалардын өздері сүртінуді үйренгені жөн. Шомылу баланы шаттыққа бөлеп, рақаттандырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет