Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


тақырып:Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу бағдарламасы



бет37/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   143
5тақырып:Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу бағдарламасы.

Жоспар:

1.Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу бағдарламасы және қалыптасу тарихы.

2.Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу тұжырымдамалары.

3.Мектепке дейінгі білім беру стандарты.



4.1жас және 6 жасар аралығындағы балаларды оқыту және тәрбиелеудің базалық минимумы.

Дәріс мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың тәрбиелеу бағдарламасымен танысып,тұжырымдарды,стандарттарды зерттеп,әр жастағы балалардың тәрбие принциптерін талдап,саралау.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, денсаулығы мен күтімін жақсарту, ана мен балаға қамқорлықты күшейту – ҚР-ның Қаулы-қарауларынан тыс қалған емес. «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы» — мектепке дейінгі мекемелердің оқу-тәрбие жұ-мысының мақсатын, міндеттерін, мазмұнын айқындап беретін мемлекеттік қүжат. Мектепке дейінгі тәрбие жәніндегі орталық әдістемелік кабинет талқылап, даярлаған бағдарламада нәрестелік, бөбектік, сәбилік және мектеп жасына дейінгі балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты тәрбие беру міндеттері карастырылған.

«Бағдарламада» халыққа білім беру жуйесінің алғашқы басқышы ретінде балалар мекемелерінің алатын орны, әр турлі жастағы топтарда жүргізілетін оку-тәрбие жұмысының мазмұны мен міндеттері ашылып, тәрбиешінің басшылық рөлі керсетілген.

«Бағдарлама» балалардың денесі шыныққан, акыл-ойы ұшқыр, адамгершілік жағынан мінсіз, еңбекке кабілетті, достыққа берік, эстетикалық талғамы бай етіп тәрбиелеу міндетін кояды. Онда әрбір баланың даму, жас ерекшелігі, жеке басының өзіндік ерекшелігі, психологиялық ерекшелігі еске алынады. Бағдарлама балалардың жан-жақты дамуына қамқорлық жасайды, олардың талап-тілегін, қажетін ескеріп, мазмұнды, қызықты іс-әрекетін (ойын, еңбек, оку) ұйымдастырады. Балалардың көңіл күйшін сергек, қуанышты болуын кездейді. Балабақшада педагогикалық істі ұйымдастырып, басқарушы тәрбиеші. Ол «бағдарламаның» талаптарын орындауға жауапты.

Тәрбие ісін бірізді, жүйелі жүргізу үшін тәрбие бағдарламасының маңызы зор. Онда мектепке дейінгі тәрбие теориясы мен практикасының дамуындағы жаңалықтар қорытылған. Тәрбиеші осы бағдарламаға сүйене отырып, әрбір топтағы тәрбие ісін дұрыс құрып, бір топта жүргізілген тәрбие жұмысын келесі топта қайталамайды.

Балалар мекемелерінін. сан жағынан өсе түсуі педагог кадрлар даярлау міндетін қоюмен бірге бақшадағы оқу-тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру, оларды бірыңғай педагогикалық талаптарға сай ұйымдастыру үшін бағдарлама мен әдістемелік құралдар жасау міндетін де койды.

Біздің типтік бағдарламамызда балабақшалардың ролі, мектепке дейінгі тәрбие теориясы мен практикасының дамуындағы жаңалықтар мен жетістіктер жинақталып көрініс тапқан.

Еліміздегі«Балабақшада оқыту және тәрбиелеудің типтік бағдарламасы»төмендегі принциптерге:

1) бағдарламалық материалдардың ғылыми-идеялық мазмұны тәрбиенін, мақсат, міндеттеріне, балалардын, жас және жеке психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сай келуіне,

2) оқыту мен тәрбиенің бірлігіне,



3) баланың нәрестелік шағынан бастап мектепке барғанға дейінгі тәрбиесі мен оқытуы сияқты педагогикалық процестің үздіксіздігі мен біртұтастығына,

4) материалдар бағдарламада белгіленген міндеттерді кешенді түрде шешуге ыңғайлы, бірізді, жүйелі орналасып, бір топтан екінші топқа өткен сайын күрделене түсуіне және бөлімдерінің езара байланыстылығына,

5) сан түрлі іс-әрекеттердін, балаларды жан-жақты, үйлесімді дамытуда басты роль атқаратынын ескеріп отыруға негізделіп жасалған.

Осы принциптер негізінде «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы» туғаннан алты жасқа дейінгі балалар үшін жасалды, ал жеті жасқа қараған балаларды оқыту-тәрбиелеу бағдарламасы жеке басылып шықты. «Бағдарламадағы» оқу, тәрбие мазмүны тәрбиенің мақсат-міндеттерінесай айқындалған. Әрбір топта балалардың күнделікті тұрмысын ұйымдастыру және тәрбиелеу, сабақтарда оқыту мәселелеріне басты кеңіл бөлінген бағдарламада балалардьщ жас ерекшелігі жөніндегі мінездемелер нақтыланған. Ондағы негізгі жаңалықтар — балалардың жасына қарай әр топтың күн тәртібінде ұйымдастыруға қойылатын талаптар анық көрсетілген. Балалардың қимыл-қозғалысын жетілдіру, ойын-сабақ өткізу, сенсорлі тәрбие беру әр тоқсанға бөлініп берілген.

«Бағдарламада» баланы күнделікті адамгершілікке баулудың мазмуны жуйеленген, бірізділігі сақталған, баланың дербес әрекетін ұйымдастыру, оны өзгелердің іс-әрекетімен үйлестіруге жаттықтыру нақты көрсетілген. Оқытуға арналған материалдар, әдебиеттер, бейнелеу өнері, музыка мәдениеті жаңа шығармалармен толықтырылған.

«Айналамен таныстыру», «құрастыру» арасындағы .заңды байланыстар «Бағдарламада» балалардың ұғымына лайықты етіп берілді, айналадағы ортамен таныстыру (бөбектер тобынан бастап) білім беретін арнаулы бөлім ретінде бірінші рет енгізілді, сондай-ақ «Тіл дамыту» жөнінде арнайы бөлім беріліп, жұмыс мақсаты айқындалып, мазмуны нақтыланды. Ондағы жаңальщтардың негізгілері — сауат ашу деңгейі белгіленіп (сөздің дыбыстық құрамын ажырата білуге үйрету), қарапайым математикалық уғымдарды қалыптастыру бөлімінде естиярлар тобы ушін 5-ке дейінгі, ересектер тобы ушін 10-ға дейінгі сандарды цифрлармен белгілеу енгізілді.

«Бағдарламаның» «ойын» бәлімінде баланың өзіндік ойын-әрекетін қалыптастыру міндеттері өз алдына жеке кәрсетілді.

Типтік бағдарлама негізінде мектепке дейінгі қазақ мекемелеріне бағдарлама жасалып, кейбір бөлімдер жаңа материалдармен байытылды. Атап айтсақ, әр топта окылатын көркем әдебиет, бейнелеу өнері, таби-'ғатпен, айналадағы ортамен таныстыру, музыкалық тәрбие, ойын, еңбек жумыстарының мазмуны республи-ханың улттық ерекшеліктерін қамтитын төл туынды-лармен толықтырылды.



Бағдарламаның құрылымы:Жаңа бағдарлама балалардың дене және психика-лық дамуының бірнеше сатысын камтиды: нәрестелер—туғаннан бір жасқа дейін, бөбектер — бір жас-тан екі жасқа дейін, сәбилер (1-тобы) —екі жастан үш жасқа дейін, сәбилер (2-тобы) —үш жастан терт жас-қа дейін, естиярлар — төрт жастан бес жасқа дейін, ересектер — бес жастан алты жасқа дейін.Ал мектепке даярлық топтарына жаңа типті бағдар-лама жеке жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет