Дәрістің қысқа мазмұны: Бала айналадағы құбылыс, қоршаған орта туралы сан түрлі мағлұматтар мен дағдылар, білімдер игереді. К. Д. Ушинский айтқандай «ақыл-ой дененнің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі» екенін ескерсек, баланың өз тәжірибесі қаншалықты бай, саналуан дегенмен, акыл-ойы дамуының қайнар көзі бола алмайды; Сондықтан балаға ересек адам тарапынан ұйымдастырылып, түсіндірілмеген, өзінің тікелей өмір тәжірибесі арқылы меңгерген мәліметтері мен дағдылары өмір құбылыстарының нақты себептерін аныктауға кедергі жасап, жалған түсініктердің тууына негіз болады.Ақыл-ой тәрбиесі баланы қоршаған орта, құбылыс, адамдар, олардың өзара қарым-қатынасы жайлы дұрыс мәліметтермен қаруландыру арқылы тәжірибесін үлғайтып, айналасындағы құбылыстарға, ақиқатқа, оқиғаларға оның дұрыс қарым-қатынасы мен көзқарасын қалыптастырады. Олай болса, мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі айналадағы құбылысты дұрыс танып-білудің, олардың арасындағы себепші байланыстарды дәл түсінудің алғашқы негізін қалайды. Ақыл-ой тәрбиесі ақыл-ойдын, дамуы ғана емес, оның дамуы тек меқгерген білімнің санымен, сапасымен сипатталмай, ойлау процесінің құрылысымен де сипатталады. Даму — баланың сандық және сапалық жағынан жетілуі, психикасының, ой-санасының өсуі. Ақыл-ойдың дамуы баланың өзін қоршағаы дүние туралы алғашқы мәліметтерді игеруінің нәтижесінде іске асады.
Ақыл-ойдың дамуы дегеніміз — балалық жасына байланысты оқыту мен тәрбиенің әсерінен, тәжірибе жинақтауынан онын, акыл-ой әрекетінде болатын сандық және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Ақыл-ойды дамытудың шарты — балалардың сан қилы іс-әрекетінің тиімді ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның әсері, адамдардың қарым-қатынасы, тілді меңгеруі, қабылдауы мен түйсінуі, берілетін білім сапасы. Міне, осылардың бәрі баланың жан-жақты дамуына мүмкіндік тудырады.
Сонымен ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз балаға мақсат көздей ықпал етіп, оның айналадағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін камтамасыз ету, табиғатқа, қоғамға, адамдарға дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру. Айналадағы тіршілік құбылыстары жайлы дұрыс түсінік қалыптастыру:
Мектеп жасына дейінгі бала күн сайын жаңа құбы-лыстармен, заттармен кезігеді, айнала өмірді бақылап, өздігінен түсініп, қорытынды жасағысы келеді. Бірақ үлкендердің басшылығынсыз, өздігінен игерген білімі мен түсініктері жүйесіз, кейде таяз, қате болады. Сол себептен педагогтің міндеті — баланың білім қорынын. бірізді молаюына, бірте-бірте, ретпен, жүйелі жинақ-талуына көмектесу. Бала айналадағы заттар, оның сапасы (түс, түрі, көлемі), қолданылатын орны, касиет-тері (сынуы, жыртылуы, каттылығы, жұмсактығы, бұ-зылуы), қандай заттан (ағаш, темір, қағаз, мата) жаса-латындығы жайлы нақты түсінік алуы керек. Сондай-ақ кейбір табиғат құбылыстары туралы, олардын. езара байланысы, заңдылықтары, өсімдіктердің, жәндіктер-Дің, жануарлардың дамуын танып-білу, бақылау және түсінігіне жеңіл тиетін қоғамдық құбылыстармен, оқи-ғалармен, адамдардың еңбегімен, мерекелермен, рес-публика астанасы Алматымен т. б. таныстыру арқылы балалардың дүние, табиғат, қоғам, Отан туралы ал-ғашқы түсініктері қалыптасады.
Танымдық-психикалық процестерді дамыту:Баланың түйсік, қабылдау, ес, қиял, ой және тіл сияқты танымдық-психикалық продестерін дамыту — ақыл-ой тәрбиесініқ басты міндеттерінің бірі.
Айналадағы дүниені тануда түйсік пен кабылдау-дың дамуы неғұрлым жоғары болса, дүниені танып бі-лу соғұрлым бай болады, сондықтан балабақшада сен-сорлық тәрбиеге аса зор көңіл бөледі.
Мектепке дейінгі жаста тілді дамытудың орны ерек-ше. Тілді дүниені тікелей түйсіну мен қабылдау аркы-лы ғана емес, көркем шығармалар арқылы да игеруге болады. Сондықтан балабақшада тілді, сездік қорды, сөз байланысын дамыту, сөздің грамматикалық құры-лысын қалыптастыру міндеттері де шешіледі.
Айналадағы дүниені сезім мүшелері арқылы қабыл-дау және оны тілмен жарыққа шығару бірінші және екінші белгі беру жүйесінің байланысын көрсетеді.
И. П. Павлов сөз адамға ғана тән, жаңа белгілер беру жүйесі болып табылатынын, оның шартты реф-лекстерді қалыптастыруға негіз болатындығын дәлел-деген. Адамнын, сөзі барлық нақты тітіркендіргіштік орнына жүреді де, ол ми қабьгғында сан алуан тежеу-лер мен козулар тудырады. Сөз жеке зат туралы, то-лып жатқан біртектес заттар туралы мәліметтер беріп, сол арқылы ойлауға, ой қорытындысын жасауға, түрлі ұғымдар калыптастыруға мүмкіндік береді. Екінші белгі беру жүйесі — сөз адамды тәрбиелеу, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибені сақтау, білімді ұрпактай ұрпаққа жеткізу қүралы болып табылады.
Балаларды ана тілінде үйрету оларды пікір алыс™ дың, дүние-танудың күшті құралымен қаруландырадыг сөзді анық, қысқа, тұжырымды айтуға, ойын, талап-ті-легін сез аркылы жеткізуге, көрген-білгенін әңгімелеп беруге дағдыландырады. Бүл жұмыс әр жастағы топ-тарда «Балабақшада окыту және тәрбиелеу бағдарла-масы» бойынша жүргізіледі.
Бөбектер мен сәбилер тобында тәрбиеші балаларды балабақшаның бөлмелерімен, ондағы мүліктермен, бақшада жүмыс істейтін адамдардың енбегімен таныстырады. Даяшының, аспазшының, күтуші-нің, қора сыпырушыньщ еңбектерін бағалау қажеттігін іусіндіреді. Жыл мезгілдерін ажырата білуге, үй жа-куарлары мен құстарды бақылап, жем беруге, тануға, аттарын дұрыс атауға, табиғат бұрыштарын бақылау-ға, гулдерді суаруға үйретеді. Бұларды меңгеру арқылы балалар ересектердің сөзін тыңдап, сұрағына жауап қайтара білуге, ертегіні тәрбиешінің көмегімен қайта-лап айтып беруге үйренеді. Баланың тілін дамыту ба-кылау, саяхатқа шығу (экскурсия), дидактикалық ойындар өткізу арқылы да іске асырылады.
Естиярлар тобындағыларды балабақшамен, белмедегі жиһаз-мүліктермен, адамдардыц еңбегімен, айна-ламен таныстыруды жалғастыра түседі. Бұлар сәбилер тобынан анағұрлым күрделі және нақты білімді қажет етеді. Заттардың аттарын, жақын адамдардың аты-жө-нін, мекен-жайын білумен қатар, заттарды пайдалану әдістері, жолдары үйретіледі. Балалардың сөздік қо-рында заттың сын-сипатын танытатын жалпылағыш сөздер де орын ала бастайды. Балалардың еңбек, оның ішінде үйымдаскан еңбектің сипаты туралы түсініктері ыолая түседі. Табиғатты бақылауды, ауа райының кү-былысына қарап жыл мезгілдерін ажыратуды, жан-жануарлардың, жәндіктердін. сыртқы түрін тануды, оларды бақылауды, үй және жабайы жануарлардын, түрағын, үй жануарларының адамдарға тигізетін пайдасын, адамдардың оларды қалай күтетінін үйретеді.
Оң, сол, алыс, жақын, таңертең, күндіз, түн, бүгін, ертең, кеше, шапшан, баяу деген ұғымдарды қолдана білуді түсіндіреді.
Ересек топтағы балаларға қойылатын талаптар бұдан да күрделірек. Балаларды жалпы әңгімеге қатысуға. көрген-білгенін байланыстыра әңгімелеуге баулу, Үсынылған тақырыпка әңгіме кұрастыра білу, сөйлесуде, әнгімелесуде грамматикалық түлғаларды дүрыс Колдануға үйретеді. Балалар тәуліктің бөліктерін, ап-таның күндерін, жыл мезгілдерін, онын, өзгеру кұбы-лыстарын түсінеді.
Заттың атын уйретумен қатар қандай материалдан Жасалғанын, кімнің, калай істегенін де түсіндіреді. Ең-бектің қоғамдық мәнімен, фабрика-заводтардағы жұ-Чьісшылардың, ауыл шаруашылығындағы колхозшы-^ардың еңбегімен таныстырады.
Мектепке даярлау тобында балаларды үйден балабақшаға баратын жолды бағдарлауға, көшеде жүрудің межелерін меңгеруге, жақын жердегі дүкен, дәріхана,поштаның қайда екенін білуді, сағатты, кунтізбені, газплитасын пайдалана білуді үйрету, сіріңкемен, отпен ойнаудан сақтандыру, үлкендердің құрылыстағы, ауыл шаруашылығындағы, тұрмыстағы еңбегінің маңызы, еңбек құралдары жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі. Осы мағлұматтарды игеру нәтижесінде балаларды мектепте табысты окуға дайындайды.
Баланың есі мен ойының дамуына байланысты шы-ғармашылық қиялы дамиды. Бұл жастағы балаларға нақты және бейнелі ойлау тән, осының негізінде аб-стракциялық ойлауын дамыту керек. Тәрбиеші балалардың құбылыстарды терең түсінуіне, мәнді жақтарын ажырата білуіне мүмкіндік тудыратын талдап-жинақтап ойлау әрекетін қалыптастырады.
Ақыл-ой қабілетін, дағдысын, білуге құштарлығын, ойлаудың қарапайым тәсілдерін дамыту.Білуге құштарлық—балаға тән қасиет. Ол баланың айналадағы дүниеге қызығуынан, бәрін де білгісі, көргісі, ұстағысы, іс-әрекетке араласқысы келетін ниетінен, сан түрлі сұрақтарынан байқалады. Баланың осы құштарлығын қолдай отырып, бақылау сұрақтарыңыз дер кезінде жауап беру, өз бетінше ойнауға бағыттап, өздігінен жауап табуға дағдыландырған дұрыс. Ақыл-ой тәрбиесі міндеттерінің бірі — баланың құштарлығын, ой сергектігін дамыту, осының негізінде тұрақты таным құштарлығын қалыптастыру.
Қандай да болмасын іс-әрекетті табысты меңгеруге мүмкіндік тудыратын баланың жеке басының қасиетін психологияда қабілегт деп атайды, Қабілет іс-әрекет процесшде көрінеді. Ақыл-ой қабілетіне тапқырлык, сыншылдық, табандылық, ойшылдық, зейінділік, ер-кін билей алу, талдау, жинақтау әрекеттеріне икемділік, есте сақтау, қайта жаңғырта алу, әр қилы өмір жағдайына байланысты пайдалана білу жатады.
Балаларға нақты білімді хабарлау, ақыл-ой әрекетін үйымдастыру акыл-ой қабілетінін. дамуына қажетті шарт болып табылады. Ақыл-ой қабілеті ақыл-ой әрекеті үстінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Балалардың назары, зейіні ыдырамалы, тарап кетуге бейім болады. Тәрбиеші балалардын зейінін белсенді жаттығулар жасау арқылы зейінге айналдыруы керек. Оларды тындай, ести білуге, өз еркімен тәрбиешінің сөзіне құлақ асуға баулып ырықты есту зейінін тәрбиелейді, есту кабілетін дамытады. Ол үшін тәрбиешінің сөзді тәрбие құралы ретінде дұрыс пайдалана білгені абзал.
Тәрбиешінін, сөзі қысқа, дәл, нақты, түсінікті болып, асықпай, қатты айғайлап құлақты кеспей, әдемі үнмен, жай, байсалды естілуі тиіс. Тәрбиешінің өз бұй-рығын орынсыз қайталауы, көп сөзділігі, тәрбие әдістерін дұрыс пайдаланбауы баланың зейінін әлсіретіп, «тыңдамау» сияқты зиянды әдетке үйретеді.
Балалардың айтқан сөзін, әңгімесін, сұрағы мен жауабын басқаларына тыңдату арқылы да зейінін тәрбиелеуге болады.
Зейінді тәрбиелеудің пәрменді қүралы — балаға қойылатын талапты күшейту. Бұл үшін есту зейінін дамытатын ойындар үйымдастырудың мәні зор. Мысалы: «Қоңырау қай жақтан сыңғырлайды?»,«Бұл кімнің даусы?»,«Кім екенін даусынан таны», т. б. Бақылампаздық — ақылдылықтың сапасы, сондықтан балалар-ды көре білуге үйретеді, бір заттың негізгі бөлшегін аңғарып, оньщ ерекшелігін табуға, табиғат қүбылыста-рын, оның өзгерістерін байқауға, жаңа үйлер мен дү-кендердің, көлік түрінің өзгеруів бакылауға үире-теді. Айналадағы дүниені, табигатты бақылау арқылы бала жаңа білім жүйесін игереді. Өсімдіктерді, жәндік-терді, қүстарды бақылау балаға көптеген жаңалықтар әкеледі. Жүйелі бақылау онын, жеке басының байқампаздығын дамытады. Бақылампаздық таным қызығу-шылығын дамытады. Бақылампаздық қабілетін тәрбиелеудің құралы — өмірдің өзі және көрнекі құралдар.
Көрнекі құралдарды бақылау балалардың салыстыру, қорытындылау, жалпылау, жинақтау қабілетін тәрбиелейді. Бақылампаздық нақты білімді игеруге көмектеседі. Балаға нені, не үшін, қалай бақылауды үйрету дәлдікке, реттілікке баулиды.
Бақылаудың дәлдігі салыстыруға негізделеді. Салыстыру, талдау, жинақтау қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді. Ал талдау, жинақтау әрекеті дүрыс түсінікті қамтамасыз етеді. Талдау, жинақтау әрекеті — ақыл-ой қызметінің бір-бірімен байланысты екі Жағы. Мысалы: балалар саяхатқа барып, терек, қайың, шырша, қара ағаш, қызғалдақ, сарғалдақ, бәйшешекті көрді. Ал тәрбиеші саяхаттан келген соң терек, тал, қайың, қара ағаш, шыршаның ағашқа, ал қызғалдақ, сарғалдақ, бәйшешектің гүлге жататынын жинақтап ұқтырмаса, балалардың білімі сол бұрынғы күйінде дамымай қалады.
Балалар өз білімдерін іс жүзінде пайдаланып, іске асыра алуы үшін сол білімдерді естерінде сақтап, қалу қажет кезінде қайта жаңғырта білуі керек.
Есте сақтау мен қайта жаңғыртудың негізіне уақытша байланыстарды — ойдың байланысын (бірін айтса, екіншісі еске түсу) құру жатады. Есте сақтауды далыптастыру оку-тәрбие процесінде іске асады.
Тәрбиеші балалардың есте сақтауы және кабылда-ганын жаңғыртуы үшін әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолданады: балалармен әңгімелесу, көрген-білгендерін зңгімелеп айтқызу, алған әсерін сурет салуда, пласти-линнен заттар жапсыруда, құрастыруда бейнелеу, сон-дай-ақ кеше және одан бұрын көргендерін есіне түсі--ріп, жаңғырту сияқты әдістерді колданады. Осы мақсатпен дидактикалық ойындар үйымдастырылады. Мысалы: «Бақшада не әзгеріс бар?», «Бөлмеде не жоқ?», «Бұл қай кезде болады?» және т. б. Осының бәрі есте сақтау мен қайта жаңғыртуды бекіте түсудің жаттығуы болып табылады.
Ақыл-ой тәрбиесі негізінен айналадағы дүние шын-дығын тану, ойын, оқу, еңбек, тұрмыс әрекетінде іске асады.
Достарыңызбен бөлісу: |