Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы



бет68/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   143
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы. Бұл функцияның мақсаты ұлтына, нәсіліне қарамастан барлық адамдарға тән әлеуметтік-мәдени құндылықтарды меңгерту болып табылады. Ойындар арқылы кез-келген ұлт өкілдері өз ұрпақтарын өмірдегі әртүрлі жағдаяттардан жол таба білуге, кикілжіңді қатыгездіксіз шешуге, әр қилы эмоцияларды дұрыс қабылдай білуге үйретеді. Ойында шекара жоқ. Ұлттық ойындар, ұлтаралық ойындар, әртүрлі салалық ойындар, бүкіл адамзатқа тән ойындар көптеп саналады.

3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі. Бұл ойынның функцияларының бірі. Адамға ойынның өзін іс жүзінде көрсетіп, тұлға ретінде қалыптасуы үшін маңызы зор. Сол себептен ойын үрдісі адам үшін маңызды. Ойын барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді. Адам өмірінде үнемі ойын жағдаятына кездесіп тұрады. Соны шешу арқылы адамның ой-µрісінің дамуы көрінеді.



 4. Коммуникативтік ойын. Белгілі бір ережесі болса да ойын коммуникативті әрекет. Ойын балаларды адам қарым-қатынастарының әр түрлі жағдайларында болдырады. Осы әр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді. Топтық ойынға қатысушылар ойыншылар қоғамын құрайды. Осы қоғамның мүшелері бір-бірімен коммуникативті байланыс орната алмаса, ешқандай ойын болуы мүмкін емес. µ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет