Бірінші деңгейдегі мақсат – ойын үрдісінен рахаттану. Егер ойын балаға қуаныш әкелетін болса, онда бала кез-келген белсенділікке дайын болады.
Екінші деңгейдің мақсаты – функционалдық. Ол ойын ережесінің сақталуы, көріністер ойнау, рөлдерді орындаумен байланысты.
Үшінші деңгей ойынның шығармашылық мақсатын айқындайды. Шешу, табу, қорытындыға жете білу жолындағы іс-әрекетті көрсетеді. Баланың тілегі мен тәрбие мақсаты үйлескен кезде ойынға қызығушылық пайда болады. Ойнауға ауызша және жазбаша тартуға болады. Ойын заттары, ойыншықтар, ойын жарнамалары ойнауға қызығушылық тудырады. Ойнауға ұсыныс жасау арқылы оның ережесі мен іс-әрекет техникасы түсіндіріледі. Ойын шартын түсіндіру өте маңызды кезең. Ойын шартын тура басталар алдында нақты және қысқаша түрде түсіндіру қажет. Бұл кезде ойын заттарын, ойнаушылар айырмашылығын, негізгі және көмекші ережелерді, ойын мазмұнын, ойын атын айту қажет. Ойнайтын жер ойынның мазмқнына, құрамына, сюжетіне, ойнаушылардың санына сәйкес келуі керек. Сонымен қатар қауіпсіз, балаларға ыңғайлы, гигиеналық талаптарға сай, бөгде адамдар кедергі жасамайтын жерде болғаны жөн. Ойын алаңы балалардың жас ерекшеліктеріне сай жабдықталуы тиіс. Ойындар қосарланған, жеке, топтық және ұжымдық болады. Ұжымға, топқа бөлген кезде әдеп сақтау, балалардың бір-біріне тартымдылықтарын, симпатияларын, жаратпаушылықтарын ескеру қажет. Балалардың ойнау тєжірибелерінде топтарға бөлу кезінде жеребе, санамақ сияқты демократиялық тәсілдер бар.
Бала ойынындағы маңызды сәттердің бірі рөлге бөлу. Олар белсенді және енжар, негізгі және қосымша болуы мүмкін. Рөлге бөлу кезінде дене тұлғасының ерекшелігіне, жынысына, жасына тәуелді болмайды. Көп ойындар рөлдердің тең құқылығына құрылған. Кейбір ойындар үшін жүргізушілер, капитандар, басқарушылар қажет. Жетекшілер мен тәрбиешілердің балалар ойынындағы рөлі маңызды. Олар ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі балалардың даулы мәселелерін шешіп беретін әділ төреші болуы тиіс. Тәрбиеші кейде рөлдерді өзі бөледі. Кей жағдайда капитандар, жүргізушілерді тағайындайды. Бала тілегі де ескеріледі. Ойында рөлдерді кезектесіп ойнайды.
Топтық ойындар кезінде рөлдерге бөлу талас-тартысты ұмытып, ортақ мүдде туралы ойлауға, енжарларға белсенді болуға, беделі жоқтарға беделін көтеруге, тәртіпсіздерге тәртіпті болуға, жаңадан қосылған балаларға басқалармен тіл табыса білуге көмегін тигізеді. Демек, ойнау кезінде балалар арасындағы қарым-қатынас нығая түседі. Сонымен қатар ойын барысындағы бәсекелестік жағымсыз қарым-қатынас тудыруы мүмкін. Жағымсыз қылықтар арқылы, әртүрлі амал-айла көмегімен өз тобын жеңіске жеткізуге тырысады. Сол жағдайда педагогтің немесе жетекшінің міндеті - балалар арасындағы адамгершілік қарым-қатынасты талдап, дұрыс шешім қабылдап, тиімді әдіспен басқару.
Ойын кезінде көмекші рөлдердегі балаларға жетекшілердің үстемдік көрсетпеуін, әрбір рөлдің әрекетте болуын, жағымсыз рөлдердің болмауын ескеру керек.
Ойын үнемі даму үстінде болады. Ойын ережесі қиындайды, ойын іс-әрекетінің эмоционалдылығы өзгереді, ойынға қатысушылар құрамында өзгерістер болып тұрады. Ойынның мақсатына жету кезіндегі тәсіл мен іс-әрекетті аяғына дейін білмеу себебінен ойынға қатысушылардың белсенділігі, қызығушылықтары артады.Тәрбиешілердің интеллектуалдық ойындарға қатысуы ойындардың тәрбиелік, білімдік құндылығын арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |