Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


тақырып.Мектепке дейінгі ұйым және мектеп



бет86/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   143
15 тақырып.Мектепке дейінгі ұйым және мектеп.

Жоспар:

1.Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы сабақтастық. Балаларды мектепке даярлаудың ерекшеліктері.

2.Мектепалды даярлық топтары мен мектептің бірлескен жұмыстарының формалары.

3.Мектепке бару. Тәрбиешілер мен мұғалімдердің педагогикалық жұмыстарының сабақтастығы.



Дәріс мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы сабақтастықты көрсету, мектепке даярлаудың ерекшеліктерін белгілеу,жұмыс формаларының құрылымын талдау.
Дәрістің қысқаша мазмұны: ҚР Мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесі туралы

Қазақстанның мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесі әртүрлі типті, түрлі және деңгейлі білім беру ұйымдарынан тұрады:

-мектепке дейінгі ұйымдар;

-жалпы білім беру мектептеріндегі мектеп алды сыныптары;

-түрлі деңгейдегі БКИ-дегі мектепке дейінгі тәрбие және мектеп алды дайындық кабинеттері;

-жоғары оқу орындары және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі білім беру факультеттері және бөлімдері.

Негізгі түрі 9-10 сағаттан жұмыс істейтін және жастық топтары бар ясли-бақша болып табылады.Балаларды жастық деңгейіне қарай бөлетін  топтар:ерте жастағы балалар тобы – 1 жастан 2 жасқа дейін;бірінші кішкентайлар тобы – 2 жастан 3 жасқа дейінгі;екінші кішкентайлар тобы– 3 жастан 4 жасқа дейін;орта - 4-тен 5 жасқа дейін;балаларға арналған мектепке дейінгі топ – 5-тен 6-ға дейін;мектепке дайындық – 6-дан 7-ге дейін.Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің сапасын жақсарту үшін бірқатар республикалық жалпы білім беру бағдарламалары құрылған: «Балбөбек», «Қарлыгаш», «Қайнар» және басқалар.5-7 жастағы балалардың мектепке дейінгі дайындық сапасын қамтамасыз ету мақсатында министрлікпен екі оқу бағдарламасы жасалған: «Мектеп жағдайында 5-6 жастағы балаларға мектепке дейінгі дайындыққа арналған жалпы білім беру бағдарламасы», «Балабақшада 5-7 жастағы балалардың мектепке дейінгі дайындық бағдарламасы». Осы бағдарламаларға 19 оқу-әдістемелік кешендер әзірленген, оған 82 оқу басылымдары кіреді. Сонымен қатар, баланың қолын жазуға үйрету дайындығы бойынша мұғалімдерге арналған, кәдімгі математикалық білімдерді ұластыру, балаларды қоршаған ортамен таныстыру бойынша әдістемелік кеңестер, балалар көркем әдебиеті бойынша хрестоматия, сондай-ақ балаларға арналған әліппе-дәптерлер және т.б бар. Мектепке дейінгі деңгейде білім қызметтерін сапалы жеткізуді қамтамасыз ету үшін  ЮНЕСКО және шетелдік сарапшылармен бірлесіп жаңа толқын стандарты жасалды.  Стандарт жобасы  5 ағарту облысын біріктіреді:  коммуникация, тану, денсаулық,  шығармашылық, социум. Тұңғыш рет стандартта педагогикалық процесті ұйымдастыруға жаңа талаптар қарастырылған:  ортаны ұйымдастыру және отбасымен мектепке дейінгі ұйымның ынтымақтастығы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет