Ќазахстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет3/16
Дата10.05.2023
өлшемі325 Kb.
#91605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Ақпарат ұғымы

Ақпараттандыру – елдің өмір салтын елеулі түрде өзгертуге бағытталған күрделі әлеуметтік процесс. Ол компьютерлік сауатсыздықты жою, жаңа информациялық технологияларды пайдалану мәдениетін қалыптастыру сыяқты бағыттарда көп күш жұмсауды талап етеді.
Ақпараттандыру ісін қолға алу АҚШ-та өткен ғасырдың 60-жылда­рын­да басталса, ол 70-жылдары – Жапонияда, 80-жылдары – Батыс Европада етек ала бастады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың бастауымен 1998 ж. орта білім саласын ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама елімізде компьютерлер негізінде білім беретін және қашықтан оқыту ісін ұйымдастыратын орталықтар ашуға мүмкіндік беріп келеді.
Қоғамды ақпараттандыру қазіргі әлеуметтік прогресс заңдылықтарының бірі болып саналады. Бұл термин осыған дейін жиі қолданылған "қоғамды компьютерлендіру" сөзін ығыстыра бастады. Бұлардың ұқсастығы болғанымен әжептеуір айырмасы бар. Қоғамды компьютерлендіру кезінде компьютерлердің техникалық базасын күшейтуге көңіл бөлінсе, ақпараттандыру кезінде адамның барлық қызмет салаларында компьютерлерді пайдалану арқылы информа­цияны өңдеу жұмыстарында кешендік шаралар жүзеге асырылады.



    1. Компьютерлік технологияны пайдаланудағы педагогикалық мақсаттар




  1. «Ақпараттық қоғамның» жеке тұлғасын дайындау.

  2. Ақпараттық білім ауқымын кеңейту, мүмкіндігінше қажетті саладан мол хабардар болуы.

  3. Ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, коммуникативтік қабілетін дамыту.

  4. Оқушылардың танымдық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, құбылыстар мен процесстеді имитациялау, модельдеу есебіне игерілетін пәнді тереңдете оқыту.

  5. Оқушылар үшін физиканы үйретуге арналған білім беру сайттарымен жұмыс жасай білу, оның ақпараттық даярлығын сапаландыру.

  6. Оқу-танымдық үрдісті басқарудың және мектептегі білім берудің мазмұнын түрлерін және заман талабына сай жаңартып отыруы.

  7. Қазіргі қоғамның ақпараттануына байланысты әлеуметтік тапсырыстарды орындау (жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс істейтін мамандар дайындау).

  8. Компьютерлік телекоммуникациялық жүйеде мультимедиалық ақпараттарды интерактивті режимде қолдану.

  9. оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу.

  10. Оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту оқушының оқу танымдылық белсенділігін қалыптастыру және тәжірибелік-зерттеу қызметін жетілдіру.

  11. Интернет желісі арқылы пән мазмұнын толықтыру.

  12. Оқушылардың танымдық қызығулары арқылы оқуға деген мотивациясын дамыту.

  13. Зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру. Игерілетін заңдылықтарды, соның ішінде нақты өтіп жатқан үрдістерді көрнекіліктер арқылы жеткізуге, оқушылардың өз бетінше мәліметтер алып, өзін-өзі бақылап, бағалауы.

  14. оқытудың гуманизациялық принципіне негізделген жаңа педагогикалық технологияны іске асыру.

Бұл мақсаттар мектептегі оқу үрдісі кезінде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі бағыттарын анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет