Мазмұны
Кіріспе..............................................................................
Ақпарат................................................................
1.1. Қоғамды ақпараттандыру .......................................
1.2. Компьютерлік технологияны қолданудың негізгі бағыттары........................................................................
1.3. Ақпарат көзі ............................................................
II. «Ақпарат» ұғымының қолданылуы
2.1. Кибернетика.............................................................
2.2. Ақпарат, ақпарат көлемін өлшеу және ақпаратпен орындалатын іс-әрекеттер.............................................
2.3. Ақпарат, физика және синергетика
.........................................................................................
2.4. Ақпаратты екілік сан түрінде жазу және ақпаратты өрнектеу форматтары....................................................
Қорытынды......................................................................
Кіріспе.
Ақпараттандыру – елдің өмір салтын елеулі түрде өзгертуге бағтталған күрделі әлеуметтік процесс. Ол компьютерлік сауатсыздықты жою жаңа ақпараттық техналогияларды пайдалану мәдениетін қалыптастыру сияқты бағыттарда көп күш сынауды талап етеді.
Ақпараттандыру ісін қолға алу АҚШ-та өткен ғасырдың 60-шы жылдарында басталса, ол 70-жылдары – Жапонияда, 80-жылдары-Батыс Европада етек ала бастады.
XXI-ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытуда жаңа технологиялардың пайда болуы күмәнсіз. Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді кезең ретінде қарастырылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру процесі ақпараттық қоғам жағдайында толыққанды өмірге адамды даярлау болып табылады.
Қазахстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың бастауымен 1998ж. Орта білім саласын ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Қоғамды ақпараттандыру қазіргі әлеуметтік прогресс заңдылықтарының бірі болып саналады. Бұл термин осыған дейін жиі қолданылған “қоғамды компьютерлендіру” сөзін ығыстыра бастады. Бұлардын ұқсастығы болғанымен әжептеуір айырмасы бар. Қоғамды компьютерлендіру кезінде компьютерлердің техникалық базасын күшейтуге көніл бөлінсе, ақпараттандыру кезінде адамның барлық қызмет салаларында компьютерлерді пайдалану арқылы ақпаратты өндеу жұмыстарында кешендік шаралар жүзеге асырылды.
Кез келген педагогикалық технология-ақпараттық технология болып табылады. Оқу-тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру үшін ақпараттық технологияға көшу қажет. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз: оқу мен оқу-тәрбие материалдарының, үйретуге арналған есептегіш техника мен аспаптық құралдарының жиынтығы; есептегіш техника құралдарының оқу үрдісіндегі ролі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі; мұғалімдердің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін толықтай өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқытудағы пән аралық байланысты күшейтуге, оқу үрдісін ұйымдастыруды ұдайы жаңартып отыруға мүмкіндік береді.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп, шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіндік туғызады.
Ел басының жолдауында мектептерді, ең алдымен ауылдық жерлердегі мектептерді компьютерлендірудің кең ауқымды бағдарламасын іске асыру, жаңа ақпараттық техналогиялармен жұмыс істеуді үйрету, жаппай ақпараттандыру жұмыстары жүргізілсін делінген.
Ақпарат
Ақпарат – адамнан да ерте туған құбылыс. Табиғат өзінің даму барысында жұмбақталған ақпаратын өсімдіктер мен тірі ағзалар арқылы беріп отырған. Ал жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа қандай бай. Адам өзінің алғашқы
Қадамынан бастап-ақ ақпаратты беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздейді және табады Оған жартастағы суреттер мен “Жазбалар храмындағы” майя өркениетінің иориглифті плиталары, сондай-ақ, ежелгі египеттіктердің папирустары, гректердің жасырын жабарламаларды жіберуге арналған абак тастары мен дискілері, өткен дәуірлерді зерттеушілердің енбектері дәлел бола алады. Бұған қоса алғашқы басылған кітаптар, радио мен телефон және компьютерлер де адамның осы әрекетінің үздіксіз екенің көрсетеді.
Философиялық түсінік бойынша ақпарат дегеніміз нақты әлемді (өмірді, қоршаған ортаны) мәліметтер және хабарламалардың көмегімен көрсету. Бұл хабарламалар тіл (сөзбен айту), бейнелеу, цифрлық мәліметтер, таблицалар, графиктер, т.б. түрінде болады. Жалпы мағынада ақпарат алмастыру – бұл адамдар арасында мәліметтер алмастыру, тірі және өлі табиғат, адамдар және құрылымдар арасындағы берілетін белгілер алмастыру.
Ақпарат дегеніміз – хабарламаның, берілген белгінің, жадының мазмұны, сонымен қатар хабарламада, берілген белгіде немесе жадыда болатын мәліметтер.
Ақпараттық процесстер, яғни информацияны сақтау, өндеу және тарату процесі қоғам өмірінде әрқашан маңызды рөл атқарған. Адамдар ауызша хабарламалармен, хаттармен, жолдаулармен алмасып отырған. Олар бір-біріне өтініш, бұйрық, орындалған жұмыс туралы есептер, мүліктердің тізімін беріп отырады; жарнамалық хабарландырулар мен ғылыми мақалаларды басып шығарады; көне хаттар мен құжаттарды сақтайды; алынған хабарлар туралы көп ойланады немесе бастықтың нұсқауларын дереу орындауға ұмтылады. Осының барлығы – ақпараттық процесстер.
Ақпарат әрқашан материалдық тасушылармен, ал оны жеткізу жұмсалған энергия шығынымен байланысты. Алайды бір ақпараттың өзін әр түрлі материалдық түрде (қағазда, фотонегатив түрінде, магниттік таспада) сақтауға және әр түрлі энергиялық шығындармен (почта, телефон,курьер және т.б. арқылы) беруге болады. Жөнелтілген ақпараттың нәтижесі оны таратуға жұмсалған физикалық шығынға байланысты емес.Мысалы, батырманы жәй ғана басу арқылы театр сахнасының пердесін түсіреді немесе үлкен ғимаратты қопарады, бағдар шамның қызыл жарығы поезді тоқтатады, ал күтпеген қайғылы хабар жүректі жарып, инфаркке ұшыратады.Сондықтан да информациялық үрдістер физикалық үрдістерге келтірілмейді және информация материя және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның негізгі мәндерінің бірі болып табылады.
18-19 ғ.ғ техникалық жетістіктертолығымен физика және химия ғылымдарының жетістіктерімен байланысты болған. Сол ғылымдар арқылы материя мен энергияны әр түрлі мынадай өзгертушілер: қозғалтқыштар, металлургиялық және химиялық өндірістер, электрогенераторлар және т. б. Жасалды және кең тарай бастады. Олардың жұмыстарының тиімділігі физикалық ұғымдар арқылы сипатталады: қуаты, п.ә.к., жүк көтергіштігі, өндірілетін энергияның мөлшері және т.б. 20 ғасырда техникалық дамуына байланысты басқа құрылымдар пайда болды: байланыс құралдары, автоматика құрылымдары, ал 40-жылдардан бастап есептеуіш техника қолданысқа енді. Олардың жұмыстарының тиімділігін физикалық ұғымдардың көмегімен сипаттаудың мүмкін еместігі және мұндай құрылымдардың маңызды сипаттамаларын мүлдем басқа әдістермен келтіру керектігі анықталды. Нәтижесінде адғаш рет информация мен информацияның математикалық теориясының нақты ұғымы пайда болды.
Информация ұғымы оның өлшемімен байланысты.40- жылдардың аяғында Клод Шиннан информацияның мөлшерін өлшеудің ықтималдық жолын тауып жасады, ал компьютерлер жасау жұмыстары информацияны өлшеудің көлемдік тәсіліне әкелді.
Информация теориясында информацияны алушыға арналған хабаолама мазмұнының құндылығын ескеретін ықтималдық әдіс қабылданған және ол келесі үлгілерден шығады. Хабарларды қабылдап алушының кейбір мүмкін оқиғалар туралы белгілі бір түсінігі болады. Бұл түсініктер жалпы алғанда деректерге сүйенбеген және болғалы отырған оқиғаның ықтимал екенін білдіреді. Хабардағы информация мөлшері осы өлшемнің хабарды қабылдап алғаннан соң қаншалықты азаюымен анықталынады. Мысалы, тривиалдық яғни оны қабылдаушыға алдын ала белгілі хабар күткен ықтималдарды өзгертпейді және ол қабылдаушыға ешбір ақпарат әкелмейді. Егер хабарлама анықталмағандардың барлығын жойса, немесе оның белгісіз тұстары жоқ болса, онда берілгенкөптеген оқиға туралы информация толық болады. Бұл жағдайда информация мөлшері алдындағы анықталмағандыққа тең болады.
Информация мөлшерін көлемдік тәсілмен анықтағанда объектіге мәндік қатысын бөліп көрсетпейтін, дербессіздендірілген информация көлемі хабарламадағы символдар санымен өлшенеді.
Ақпарат ұғымы басқа ғылыми ұғымдармен қатар материялдық әлем заңдарын тереңірек білуге мүмкіндік береді. Ол материя қозғалысының барлық түрлері мен пішіндеріне ортақ болып табылады және материяның белгілі бір ажырағысыз қасиетімен және атрибутымен (көрністерімен, әртүрлілігімен, құрылымымен, кеңістікте және уақыт бойынша зат пен энергияның біртексіз таралуымен) байланысты деп есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |