Ақпараттандыру – елдің өмір салтын елеулі түрде өзгертуге бағытталған күрделі әлеуметтік процесс. Ол компьютерлік сауатсыздықты жою, жаңа информациялық технологияларды пайдалану мәдениетін қалыптастыру сыяқты бағыттарда көп күш жұмсауды талап етеді.
Ақпараттандыру ісін қолға алу АҚШ-та өткен ғасырдың 60-жылдарында басталса, ол 70-жылдары – Жапонияда, 80-жылдары – Батыс Европада етек ала бастады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың бастауымен 1998 ж. орта білім саласын ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама елімізде компьютерлер негізінде білім беретін және қашықтан оқыту ісін ұйымдастыратын орталықтар ашуға мүмкіндік беріп келеді.
Қоғамды ақпараттандыру қазіргі әлеуметтік прогресс заңдылықтарының бірі болып саналады. Бұл термин осыған дейін жиі қолданылған "қоғамды компьютерлендіру" сөзін ығыстыра бастады. Бұлардың ұқсастығы болғанымен әжептеуір айырмасы бар. Қоғамды компьютерлендіру кезінде компьютерлердің техникалық базасын күшейтуге көңіл бөлінсе, ақпараттандыру кезінде адамның барлық қызмет салаларында компьютерлерді пайдалану арқылы информацияны өңдеу жұмыстарында кешендік шаралар жүзеге асырылады.
оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу.
Оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту оқушының оқу танымдылық белсенділігін қалыптастыру және тәжірибелік-зерттеу қызметін жетілдіру.
Интернет желісі арқылы пән мазмұнын толықтыру.
Оқушылардың танымдық қызығулары арқылы оқуға деген мотивациясын дамыту.
Зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру. Игерілетін заңдылықтарды, соның ішінде нақты өтіп жатқан үрдістерді көрнекіліктер арқылы жеткізуге, оқушылардың өз бетінше мәліметтер алып, өзін-өзі бақылап, бағалауы.
оқытудың гуманизациялық принципіне негізделген жаңа педагогикалық технологияны іске асыру.
Бұл мақсаттар мектептегі оқу үрдісі кезінде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі бағыттарын анықтайды.