Азаматтыќ ќўќыќтаєы объектілер



бет2/9
Дата25.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#127394
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
5 �j���

Заттарды жіктеу

  • өндіріс құралдары мен тұтыну зат-р,
  • қозғалатын және қозғалмайтын зат-р,
  • тұтынылатын және тұтынылмайтын
  • жеке-анықталған және тектік зат-р, бөлінетін және бөлінбейтін зат-р,
  • басты зат және керек – жарақ,
  • жеміс, өнім және табыс.

Азаматтық кодекстің 117-бабына сәйкес заттардың өзі:

  • қозғалатын және қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Затты қозғалмайтындар қатарына жатқызу екі жағдайға байланысты: яғни материалдық жағынан затты жерден айыруға болмайтындығына және оны орнынан қозғау үшін шығындану қажеттілігіне байланысты.
  • Азаматтық кодекстің 117-бабында былай делінген:
  • 1. Жылжымайтын мүлікке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты озге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына вай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады.
  • 2. Мемлекеттік тіркеуге жататытн әуе және теңіз кемелері, ішкі сауда жүзу кемесі, “өзен-теңіз” жүзу кемесі, ғарыштық объектілер де қозғалмайтын заттарға теңестіріледі. Заң құжаттары бойынша қозғалмаймын заттарға өзге де мүліктер жатқызылуы мүмкін.
  • 3. Қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлік деп танылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлікке құқықтарды тіркеу талап етілмей

Қозғалмайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуден өткізу

  • Қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс.
  • Меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, бір жылдан астам мерзімге пайдалану құқығы, бір жылдан астам мерзімге пайдалану құқығы, жылжымайтын мүлікті кепілге беру, жылжымайтын мүлікке рента, сенім білдіру арқылы басқару құқығы мемлекеттік тіркеуден өткен кещден бастап пайда болады.

Қозғалмайтын мүлікке құқықты және онымен жасалатын мәмілені мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырушы орган құқық иеленушінің өтініші бойынша тіркелген құқық немесе мәміле туралы құжат беру арқылы не тіркеу үшін табыс етілген құжатқа жазба жасау арқылы тіркеуден өткендігін растауға міндетті. Қозғалмайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалған мәмілені

  • Мемлекеттік тіркеу жария түрде өтеді. Тіркеуді жүзеге асырушы орган жасалған тіркеу мен тіркелген құқықтар туралы ақпаратты кез-келген адамға беруге міндетті.
  • Қозғалмайтын мүлікке құқықты немесе онымен жасалатын мәмілені мемлекеттік тіркеуден бас тартқан не тіркеуден негіссіз жалтарған жағдайда сотқа шағым жасалуы мүмкін.
  • Мемлекеттік тіркеу тәртібі және тіркеуден бас тарту негіздері осы Кодекске сәйкес қозғалмайын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілені тіркеу туралы Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленеді. (ҚР АК 118-бабы 1,2,4,5,6,7 тармақтары)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет