Азаматтыќ ќўќыќтаєы объектілер



бет7/9
Дата25.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#127394
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
5 �j���

Акция

  • Акция – акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға, ол бойынша дивидент және акционерлік қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алуға құқықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз.
  • Акциялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретінде шығарылады.
  • Акциялардың түрлері Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді. Акцияларды шығару тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногі туралы заңдармен белгіленеді.

Банктік депозит сертификаты

  • Банктік депозит сертификаты - өз ұстаушысының шығару шарттарында белгіленген айналыс мерзімі аяқталғаннан кейін не ол аяқталғанға дейін номиналды құнын, сондай-ақ шығару шарттарында белгіленген мөлшерде сыйақы алу құқығын растайтын атаулы эмиссиялық емес бағалы қағаз.

Мүліктік емес өзіндік құқықтар

  • АК-тің 115-бабында азаматқа тиесілі мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтардың үлгі-тізбегі келтірілген, оған жататындар: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абыройы, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, шығармаға қолсұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар.

Азаматтық құқық объектілерінің бұл тобының ерекшелігі мынада:

  • 1) бұл құқық өзіндік, яғни тиесілі тұлғадан ажырамайды;
  • 2) мүліктік емес сипаты бар, яғни материалдық (мүліктік) мазмұны болмайды;
  • 3) абсолютті құқықтың санатына жатады, яғни бұл құқықтарды ешкім де бұза алмайды;
  • 4) бұл құқықтар ешкімге тапсырылмайтын, әрі өзгеге берілмейтін құқық.

Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау құқығы

  • Ар-намыс дегеніміз тұлғаның (азамат және заңды тұлға) рухани және әлеуметтік болмысына берілетін қоғам бағасы.
  • Қадір-қасиет дегеніміз тұлғаның өзін-өзі бағалауы, өзінің жеке сапаларын сезінуі, қабілет-қарымын көре білуі, дүниетанымын, қоғамдағы орны мен борышының маңызын іштей түсінуі, өзін-өзі бағалау тұлғаның моральдық және басқа сапаларын бағалаудағы әлеуметтік маңызды түйіндерге негізделеді.
  • Іскерлік бедел тұлғаның кәсіби іскерлік (өндірістік, мамандық) қабілеті жөнінде қалыптасқан қоғамдық пікір.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет