Құқықтық мемлекет– тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне, қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқықтық мемлекет екі жақгы жауапты объективтік процесс.
Құқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан атақты ғалымдар: Г.Гроцкий, Б.Спиноза, Д.Локк, Ш.Монтескье, Д.Дидро, П.Гольбах, Т.Джефферсон, Вольтер, Гельвеций, Кант, т.б.
Гроцкий – қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи құқық – адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл, парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі – мемлекеттің қабылдаған нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді.
Монтескье – мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бостандығын, теңдігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.
Локк – Маркс құқықтың мазмұнын өте дұрыс, ашық түсіндірді. Мемлекет адамдардың құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқықтық мемлекеттің негізгі мазмұны халықтың табиғи бостандығын, теңдігін қорғау.
Кант – құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамдағы үстемдігін қалыптастыру деп түсіндірді.
Гегель – қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі құқықтық философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді. Азаматтық қоғам құқық арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет құқық пен моральдың бірлестігін дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жақсартуы.
Маркс – құқық пен мемлекетті қоғамның таптық құрылысына сәйкес қараған. Таптар жойылса, құқық пен мемлекет те жойылады. Бұл процесс қоғамда құқықтық мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқталуға тиіс. Бостандық Маркстің ұғымында, – қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны қоғамға бағындырып, халықтың мүдде – мақсатын орындайтын органға айналдыру. Сонда ғана құқықтық мемлекет қалыптасады.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақты дамып, дүниежүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты деуге толық болады.