Қазан, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады Ұлытау бағдары



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата06.03.2017
өлшемі8,16 Mb.
#8218
1   2   3   4   5   6

ҰЛЫТАУ БАҒДАРЫ

Ерлан СЫДЫҚОВ, 

Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық 

университетінің 

ректоры

байлап, айналаға қарамай өмір сүруді 

әдетке айналдырған. Осыдан жиырма 

жыл бұрын да сондай даңғыра қағылатын, 

қазір де соның даңғыр-дұңғыры естіліп 

қалады. Әлбетте, есті басшы ессіз сөзді 

елең етпейді. Бірақ барша адам ондай емес 

қой. Сондықтан да Нұрсұлтан Әбішұлы 

әлдеқашан айқындаған Қазақстанның 

экономикалық дамуының бір 

траекториясын пысықтап өтеді: 

«Біздің 

«теңізіміз» – Ресей территориясы. 

Біздің «теңізіміз» – Қытай 

территориясы. Осы екі мемлекетті теңіз 

деп санасақ, біз солардың жағасында 

тұрмыз. Енді біз осылармен сауда-

саттық жасамасақ, онда экономикамыз 

қалай өседі?».

Адамның жаны да, танымы да 

қызық. Ұлт та, ел де осы секілді. Рухани 

құндылықтарымызда жиі айтылып-

жазылатындай, біз өзімізге өзгенің 

көзімен қарап дағдыланумыз керек. Соңғы 

жылдары Қазақстан ЖОО-ларына, соның 

ішінде Еуразия ұлттық университетіне 

шетелдік көрнекті ғалымдар келіп, 

тұрақты дәріс оқып тұрады. Оның ішінде 

Нобель сыйлығының лауреаттары да 

бар. Бұл жобаға мемлекет арнайы қаржы 

бөледі. Осы шақырылған ғалымдар: 

«Қазақстанның тұрақтылығы – оның 

болашақ дамуының кепілі. Президент 

Н.Ә.Назарбаев – ел экономикасы мен 

әлем экономикасының тамыр соғысын 

қатар байыптап отырған саясаткер. 

Сауатты экономика және салиқалы саясат 

– Қазақстан таңдаған дұрыс бағыт» дейді.

Сүбелі сұхбаттағы Елбасымыздың: 

«Болашақ біздің қолымызда. Болашақ 

бізге бетін бұрып тұр... Асығыстық 

жасамау керек. Сабырлы болған жөн» 

деген сөздері біздің жүрегімізге сенім 

ұялатады.

Естеріңізде болса, 2000 жылы 20 

қазанда Түркістан қаласының 1500 

жылдығы салтанатында Ұлт көшбасшысы: 

«Қазақ елі үшін бақтың бірден-бір 

кепілі, дерттің бірден-бір емі – сыртқы 

ықпалдастық пен ішкі ынтымақты бірдей 

дамыта білу» деген болатын. Бұл сөздің 

экономикаға да, руханиятқа да тікелей 

қатысы бар деп білеміз. Сонымен бірге 

ол тегеурінді тәуекелді талап етеді. Ел 

болашағының темірқазығы – сенім мен 

тәуекелшілдікті тең ұстаған «Қазақстан – 

2050» Стратегиясы.

Ұлытаудың әулиелі жерінде отырып 

бағзыдан бүгінге дейінгі қазақтың 

тарихи мекендері мен оқиғаларын 

сана мен парасат сүзгісінен өткізген 

Елбасымыз осының бәрін жас ұрпақ 

үшін айтты. 



«Менің арманым, ойым – 

Қазақстанның мәңгілік болуы, – деді 

Нұрсұлтан Әбішұлы, – 



Заман өтеді, уақыт 

алға жылжиды. Ұрпақтар бірінің жолын 

бірі жалғайды. Бірақ ата-бабамыздың 

жері осылай керемет болып қала береді. 

Осындай әулиелі жерден қуат алған 

халқымыз ата-бабалар жолымен жүреді 

деп санаймын. Ол жол – сара жол, 

Мәңгілік Елдің жолы!».

Әр құбылыстың өз сәті бар. Ұлытау 

бағдары – сәтімен айқындалған, орайымен 

нұсқалған бағдар дер едік. Бұл бағдар 

бізді біріктіріп, ынтымаққа және табысқа 

бастайды.



(Соңы. Басы 1-бетте).

4

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 17-18 (174-175), 

қазан, 2014 жыл

Француз институтының 

(IFEAC) грантымен

Кәсіби біліктіліктерін

арттырып қайтты

Тарих ғылымдарының докторы, 

Қазақстан тарихы кафедрасының 

профессоры  Арайлым Мұсағалиева 

Орталық Азияны зерттейтін 

Француз институтының (IFEAC) 

грантын жеңіп алып, француз 

жағының қаржыландыруымен, осы 

жылы қыркүйек айының соңында 

Қырғызстанда, Бишкек қаласында 

өткен "1989, also a key year in Cen-

tral Asia" атты халықаралық ғылыми 

конференция жұмысына қатысуға 

шақырылған болатын. Конференция 

Берлин қабырғасының құлауының 

25 жылдығына арналды. Орталық 

Азияны зерттейтін Француз 

институты Ж. Баласағұн атындағы 

Қырғыз Ұлттық университетімен 

бірігіп, 1989 жылғы Орталық Азия 

елдерінде болып өткен әлеуметтік-

мәдени және саяси өзгерістерді 

талқылау мақсатында халықаралық 

конференция ұйымдастырды. Аталған 

шара Францияның сыртқы істер және 

халықаралық даму министрлігінің, 

Француз институтының және 

Фридриха Эберт қорының 

қолдауымен ұйымдастырылды. 

Конференцияға Франциядан, 

АҚШ-тан, Чехиядан, Германиядан, 

Қазақстаннан, Қырғызстаннан, 

Тәжікстаннан және басқа елдерден 

ғалымдар қатысты. Қазақстаннан 

Назарбаев университеті, КИМЭП 

және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ- 

ден зерттеушілер барды. 

Арайлым Мұсағалиева "1989 год 

в истории политических репрессий 

Казахстана" тақырыбындағы 

баяндамасымен "Обострение 

межэтнических отношений в 

Центральной Азии в период 

перестройки" секциясында сөз 

сөйледі. Баяндама тыңдаушылар 

тарапынан үлкен қызығушылық 

туғызды, себебі өзінің деректер 

базасымен тартымды болды. 

Конференция Орталық Азия 

тарихын зерттейтін ғалымдардың 

әрі қарай ынтымақтастықта жұмыс 

істеуіне мүмкіндік берді. Сонымен 

қатар ол "Ата Бейiтте" орналасқан 

саяси репрессиялар музейіне және 

қырғыз халқының көрнекті жазушысы 

Шыңғыс Айтматовтың бейітіне 

барды.

Әлемнің жетекші университеттерінде кәсіби біліктілігін арттыру 

бағдарламасы аясында жаратылыстану ғылымдары факультетінің 

оқытушылары жалпы биология және геномика кафедрасының 

меңгерушісі, ҰҒА академигі, профессор Р.І. Берсімбайдың жетекшілік 

етуімен Швециядағы Стокгольм университетінде болып, жоғары оқу 

орнының ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысып қайтты.

Стокгольм университетінің негізі 1878 жылы қаланып, Шанхай академиялық 

рейтингісі бойынша (The Shanghai Academic Ranking of World Universities 2014)  

2014 жылы әлемнің 100 жетекші университеттерінің және Times Higher Educa-

tional World University Rankings 2013-2014 жж. рейтингісі бойынша Европадағы 

50 жетекші университеттердің құрамына кіреді. 

Кәсіби біліктілігін арттыру барысында ұстаздар Каролинский 

институтының, Швециядағы химия-биологиялық консорциуымының, тіршілік 

туралы ғылым атты зертханасының (Science for Life Laboratory, SciLifeLab) 

ғылыми - зерттеу жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар Стокгольм, Уппсала 

университетінің жетекші профессорлары заманауи биомолекулалық мәселелер 

жөнінде және Седерторн университетінің профессорлары қоршаған орта 

туралы зерттеулер мен технологиялары жайлы дәрістер оқыды. 

SciLifeLab Швециядағы адам денсаулығы, қоршаған ортаға негізделген 

молекулалық биология саласындағы зерттеулер үшін қажетті алдыңғы қатарлы 

технологияларды жетілдіріп, тасымалдауға мүмкіндік беретін жетекші 

ұлттық орталық болып табылады. SciLifeLab базасында 200-ге жуық зерттеу 

топтары ғылыми жобаларын жүзеге асыруда. SciLifeLab зерттеу орталығының 

серіктестері Каролинский институт, Швециядағы Королдық технологиялық 

институт, Стокгольм университеті және Уппсала университеттері.  Оларда 

дәрістер шеберлік сабақтары және семинар түрінде өтті. 

Швеция университетінде өткен ЖҒФ-нің биология, биотехнология және 

экология кафедраларының оқытушыларына профессорлық-оқытушылық 

құрамының кәсіби біліктілігін арттыру бағдарламасы айтарлықтай мазмұнды 

және пайдалы болды. Тағылымдама материалдары факультет оқытушыларының 

ғылыми және білім беру аясындағы іс-әрекеттерін дамытуда маңызды рөл 

атқаратын болады. 

Анықтама. 

Каролинский институты — медициналық-биологиялық зерттеулер 

жүргізетін және мамандар даярлайтын Еуропадағы ірі медициналық 

университеттердің бірі. Институт Еуропалық ғылыми университеттердің 

одағына кіреді. Әлемдік университеттердің академиялық рейтингісі бойынша 

Каролинский институты әлемдегі алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу 

университеттерінің ішінде 51-орын алады, ал Еуропада – 11 және Швецияда- 

1 орын алады. Каролинский институтының профессорлары медицина және 

физиология саласы бойынша берілетін Нобель сыйлығының лауреаттарына жыл 

сайын сараптама жасайды. 

Уппсала университеті – негізі 1477 ж. қаланған 500 жылдық тарихы бар 

жоғарғы оқу орны. Қазіргі таңда бакалавриат негізінде 70 оқу бағдарламасы, 

магистратура негізінде 60 бағдарлама аясында шамамен 23 000 студент және 2 

400 PhD-докторанттар білім алуда. Шанхай академиялық рейтингісі бойынша 

Уппсала университеті әлемдік 100 жетекші университеттердің қатарына кіреді. 

 2014 жылдың  1 қазанында Қазақстан 

Республикасындағы Испания Корольдігінің 

Өкілетті және Төтенше Елшісі Мануэль 

Ларротча Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің ректоры Е.Б. 

Сыдықовты, халықаралық қатынастар 

факультетінің деканы Б.Ж. Сомжүректі, испан 

тілі оқытушылары мен Л.Н. Гумилев атындағы 

ЕҰУ-нің білімгерлерін өз резиденциясында 

ресми қабылдады.   

Қабылдаудың мақсаты -  жаңа оқу 

жылының басталуы мен Испания елшілігінің 

ұйымдастырылуымен Орталық Азияның 

студенттері арасында өткен испан тілінде 

шығармалар бойынша бірінші сайыстың 

нәтижесі бойынша мадақтамаларды табыстау. 

Сайыс үш сала бойынша жүргізілді: 

тарих, халықаралық қатынастар мен әдебиет. 

  Қазақстан  Республикасы  студенттердің 

арасында өткен  сайысында жеңіске жеткен 

алты білімгердің төртеуі Л.Н. Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университеті 

халықаралық қатынастар факультетінің 

студенттері болып табылады:   

1. 

Арай Мансурова – халықаралық 



қатынастар категориясы бойынша І 

орын, тақырыбы: «Еуропалық Одақ. 

Артықшылықтары мен кемшіліктері»;

2. 


Юлия Лысенко – халықаралық 

қатынастар категориясы бойынша ІІ 

орын, тақырыбы: «Қазақстан мен Испа-

ния арасындағы екіжақты қатынастың 

болашағы»; 

«Еуразиялықтар»  тағы да бірінші!

3. 


Айжан Козуева: – әдебиет 

категориясы бойынша ІІ орын, тақырыбы: 

«Қазақстандағы испан тілді әдебиет»

4. Елена Бугакова – тарих категориясы 

бойынша ІІ орын, тақырыбы: «Карлагтағы 

испандықтар».

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да испан 

тілі 2003 жылдан бері Испанияның ІІМ-нің 

жанындағы Ынтымақтастық агенттігі мен 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің арасында қабылданған 

Меморандум негізінде оқытылып келеді. 

Қазіргі уақытта халықаралық қатынастар 

факультетінде испан тілінің шетелдік 

оқытушылары Инмакулада Сория Эррера 

мен Эдита Денст Гарсия қызмет атқарады. 

Оқытушылар испан тілінен дәріс оқудан басқа, 

университет студенттері мен оқытушыларына 

арналған тегін факультативті курс жүргізеді. 

Испан тілін халықаралық қатынастар 

факультетінің 200 студенті оқып жетілдіруде. 

Испания Корольдігінің Елшісі Мануэль 

Ларротча Еуразия ұлттық университетінің 

ректоры Е.Б. Сыдықов пен халықаралық 

қатынастар факультетінің деканы Б.Ж. 

Сомжүрекке испан тілі мен мәдениетін 

дамыту мен қолдау саласында көрсеткен 

нәтижелі ынтымақтастығы үшін алғысын 

білдірді.        

А.М. ЕСЕНГАЛИЕВА,

ХҚФ шетел тілдер кафедра 

меңгерушісі

Экономика  факультетіне  Ресей  жаратылыстану  академиясы  атынан 

қуанышты  хабар  келіп  түсті.  РЖА  Президиумының  шешімімен  2014  жылғы 

16  қыркүйегінде  Л.Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ-дің  «Қаржы»  кафедрасына 

«Отандық ғылымның алтын қоры» топтамасының «Алтын кафедра» дипломы 

мен сертификаты табыс етілді. 

Ресей жаратылыстану академиясы Президиумының шешіміне (08.07.2008 ж.) 

сәйкес «Отандық ғылымның алтын қоры» топтамасының аталмыш дипломымен 

ғылым докторы атағы бар, отандық білім беруді және дәріскерлік шеберлікті 

дамытуға орасан зор үлес қосқан ғылыми-педагогикалық ұжымдар, ғалымдар 

мен оқытушылар марапатталады. 

Бұл  дипломмен  кафедра  меңгерушісі,  э.ғ.д.,  РЖА-ның  корреспондент-

мүшесі,  ХАА  академигі  К.Ж.  Сәдуақасова;  э.ғ.д.,  профессор,  «Еуразия» 

халықаралық академиясының академигі, ХАА академигі Н.К. Кучукова; э.ғ.д., 

профессор, экономика факультетінің деканы С.Б. Мақыш; э.ғ.д., профессор, ХАА 

академигі,  РЖА-ның  корреспондент-мүшесі  Л.М.  Сембиева;  э.ғ.д.,  РФ,  э,ғ.к., 

профессор  А.А.  Ильяс;  э.ғ.к.,  қауымдастырылған  профессор,  ХАА  академигі, 

РЖА  академигі  З.К.  Есымханова;  э.ғ.к.,  қауымдастырылған  профессор,  ХАА 

академигі Л.З. Бейсенова; э.ғ.к., доцент, ХАА академигі Р.К. Берстембаева және 

кафедраның басқа да қызметкерлері ие болды.



«Алтын кафедра» дипломымен марапатталды

АҚПАРАТ АЙДЫНЫ

5

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 17-18 (174-175), 

қазан, 2014 жыл

Кемелдік пен құндылықтың тамаша 

үлгісін көрсеткен қайраткер

«Елдік парасат және ұрпақтар сабақтастығы»

Еуразия ұлттық универси-

тетінде Мемлекет қайраткері 

Темірбек Жүргеновті еске алу 

құрметіне арналған «Орта 

Азия мен Қазақстанның білімі 

мен мәдениетін дамытудағы 

Т.Жүргеновтің рөлі және рухани 

мұрасы» атты халықаралық 

ғылыми-тәжірибелік конференция 

болып өтті.

Конференцияның негізгі мақсаты 

– мемлекет және қоғам қайраткері 

Т.Жүргеновтің өмірі мен рухани 

мұрасын кең көлемде дәріптеу, Орта 

Азия мен Қазақстанның ғылымы 

мен білімін, мәдениеті мен өнерін 

қалыптастырып, дамытудағы еңбегіне 

арналған ғылыми-зерттеулер 

нәтижелерін баяндау, жаңа 

мұрағаттық құжаттарды саралап, 

ғылыми айналымға ендіру. 

Конференцияның пленарлық 

мәжілісіне Қазақстан Республикасы 

Премьер-министрінің орынбасары 

Гүлшара   Әбдіқалықова,  Қазақстанның 

Еңбек Ері, Қазақстанның халық 

жазушысы Әбіш Кекілбаев, Қазақстан 

Республикасының Мәдениет 

және спорт министрі Арыстанбек 

Мұхамедиұлы, тағы басқа қоғам 

қайраткерлері қатысып, құттықтау 

сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасы 

Парламенті депутаттары, Қазақстан 

Республикасы Үкіметі мүшелері, 

Қазақстан Республикасының 

мемлекеттік органдарының өкілдері, 

шетелдік және отандық ғалымдар, 

жоғары оқу орындарының ұстаздары 

мен жас ізденушілер қатысқан 

конференцияның пленарлық 

мәжілісін Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің 

ректоры Ерлан Сыдықов жүргізіп 

отырды. 


Басқосу барысында Мемлекет 

қайраткері Темірбек Жүргенов 

туралы деректі фильм көрсетіліп, 

тарих ғылымдарының докторы

профессор, Ресей ғылым академиясы 

Ресей тарихы институтының 

бас ғылыми қызметкері Тамара 

Красовицкая «Түркі элиталары 

XIX ғ.-1930 жылдардағы Ресей 

жаңғыруының субъектісі ретінде», 

тарих ғылымдарының кандидаты, 

Тәжікстан Республикасы Ғылым 

академиясының А. Дониш атындағы 

Тарих, археология және этнография 

институтының қазіргі заман 

тарихы секторының меңгерушісі 

Абдулло Гафуров «Т.Жүргеновтің 

Тәжікстандағы қызметі туралы», 

тарих ғылымдарының докторы, 

профессор, Қазақстан Республикасы 

Білім және ғылым министрлігі 

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих 

және этнология институтының 

директоры Ханкелді Әбжанов 

«Т.Жүргенов: ұлттық тарих пен 

мәдениетке  көзқарасы»,  Қазақ 

Ұлттық өнер университетінің 

профессоры, өнертану докторы 

Бақыт Нұрпейіс «Темірбек 

Жүргеновтің қазақ театр өнерін 

дамытудағы рөлі», филология 

ғылымдарының кандидаты, доцент, 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ 

агротехникалық университетінің 

тәрбие жұмысы жөніндегі 

департамент директоры Бауыржан 

Иманғалиев «Темірбек Жүргеновтің 

әдеби-публицистикалық мұрасы» 

тақырыбында ғылыми баяндама 

жасады.


Конференцияның секциялық 

отырыстарында 90-нан астам 

баяндама тыңдалып, онда белгілі 

мемлекет және қоғам қайраткерлері, 

танымал қазақстандық және 

шетелдік ғалымдар қайраткердің 

өмірі мен қызметіне байланысты 

баяндамалар жасап, сол заманның 

тарихи оқиғалары бойынша өз 

зерттеулерінің нәтижелерін көпшілік 

қауымға таныстырды. Сонымен 

қатар, Т. Жүргеновтің Қазақстан 

мен Орта Азия тарихындағы ерекше 

рөлін, оның Шығыс халқын рухани 

азат ету, кеңес заманында қазақ 

мемлекетін нығайту мен қазақ халқын 

біріктіру жолында жасаған ерен 

еңбегі баса көрсетілді.

Конференция қатысушылары 

Темірбек Жүргеновтің Орта 

Азия мен Қазақстанның ғылымы 

мен білімін, мәдениеті мен өнерін 

қалыптастырып, дамытудағы еңбегіне 

ерекше тоқталды. Баяндамаларда ХХ 

ғасырда орын алған мәдени жаңғыру 

үдерісін тәуелсіз көзқарас тұрғысынан 

пайымдау мәселелері және «Мәңгілік 

Ел» ұлттық идеясын жүзеге асырудың 

басымдық факторлары мазмұндалды. 

Бір айта кетері, конференция 

қарсаңында Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің 

қолдауымен шығатын «Мәңгі Ел» 

халықаралық танымдық-ғылыми 

журналының жаңа саны жарық 

көріп, конференция қонақтарына 

таратылды. Онда Ш.Уәлиханов 

атындағы Тарих және этнология 

институтының директоры Хангелді 

Әбжанов «Темірбек Жүргенов» 

атты мақаласы жарияланып, 

қайраткердің ғұмыры қысқа 

болғанымен халқына сіңірген еңбегі, 

артында қалған мұрасы, ұлт тарихы 

мен мәдениетіндегі орны – ұрпақтан-

ұрпаққа, дәуірден-дәуірге жалғаса 

беретін кемелдік пен құндылықтың 

тамаша үлгісі екені баса көрсетілді. 

Мемлекет қайраткері Темірбек 

Жүргеновті еске алу құрметіне 

арналған «Орта Азия мен 

Қазақстанның білімі мен мәдениетін 

дамытудағы Т.Жүргеновтің 

рөлі және рухани мұрасы» атты 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік 

конференцияға қатысушылар Т. 

Жүргеновтің тұлғасына және оның 

тарихи маңызды қызметіне қатысты 

мәселелерді талқылау негізінде қарар 

қабылдады.



ЕҰУ-дің ғылыми кеңес залында 

халықаралық қарттар күніне орай «Елдік 

парасат және ұрпақтар сабақтастығы» 

тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. 

Оған мемлекеттік ұйымдар өкілдері, 

ғалымдар мен сарапшылар, азаматтық 

қоғам институты мен БАҚ өкілдері және 

студенттер қатысты. 

Дөңгелек үстел басындағы әңгімені 

жүргізген университет ректоры Ерлан 

Сыдықов басқосудың мақсаты туралы айтып 

берді. Мақсаты – Қазақстан Республикасы 

Президентінің Ұлытау төрінде БАҚ-қа 

берген сұхбаты аясында және халықаралық 

Қарттар күніне орай елдік парасат пен 

ұрпақтар сабақтастығы мұратын бағамдау, ұлт 

дәстүрі мен мәдениетінің бастауы саналатын 

қарияларды құрметтеу, аға буынның 

тағылымды еңбегін жастарға үйрету сынды 

үрдістерді зерделеу. Сондай-ақ саясат пен 

парасат, тарихи ел бірлігі мен бүгінгі ел бірлігі 

тұжырымдамаларын сабақтастырып, Қазақ 

елінің «Мәңгілік Ел» мұратының орны мен 

маңызын қарастыру. 

Жиынға қатысушылар бүгінгі 

қариялардың қадірі, қарттар үйінің көбеюі 

мен ұрпақтар сабақтастығындағы мәселелерге 

байланысты сөз қозғады. Профессор 

Мырзатай Жолдасбеков «Елдіктің алтын 

арқауы» атты баяндамасында бүгінгі 

жастардың үлкенді сыйлауды ұмытып 

бара жатқанын, баяғыдай қарияға сәлем 

беруге құмартпайтындығын күйіне айтты. 

Академик Сейіт Қасқабасов ел аузындағы 

аңыз-әфсаналарға сүйене отырып, қариялар 

қадірін елдік дәстүрмен байланыстырды. 

Ал Ғарифолла Есім өз баяндамасында үш 

ұрпақтың – Ата, Әке, Немере арасындағы 

сабақтастықтан елдік парасат туындайтынын 

түсіндіріп берді. Сонымен қатар 

қыпшақтану орталығының директоры Болат 

Көмеков, профессор Сайлау Батырша-

ұлы, «Кәусар» бірлестігінің жетекшісі 

Кенжеғали Мыржықбай, доцент Гүлнар 

Адаева мен журналистика және саясаттану 

факультетінің студенті Назым Кенжебаевалар 

тақырып аясында өз ойларын ортаға салды. 

«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Анар 

Төлеуханқызы ұрпақтар сабақтастығындағы 

қыздар мен келіндердің рөліне тоқталды. Ең 

басты мәселе – қарттар үйі мен ондағы қариялар 

санының көбеюі болса, қатысушылардың 

барлығы бұл қоғамдық індетпен күресудің 

жолдарын қарастыруды ұсынды. Қарттар 

мерекесіне арналған аталмыш шара аясында 

университеттің студенттік «Шаңырақ» 

театры Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық 

қазақ драма театрында Жолтай Әлмашұлының 

«Мұңмен алысқан адам» («A man fighting 

with his sorrow») спектаклін ағылшын тілінде 

қойды. 


Болат Көмеков, т.ғ.д., профессор 

ҰҒА академигі, ЕҰУ-дың Еуразиялық 

зерттеулер кафедрасының профессоры:

Қазақ елі – қарттарды қадірлеп өскен ел. 

Өйткені қари көздер бұл – елдің қазынасы, 

ғасырдан ғасырға келе жатқан құны жетпес 

әлеуметтік топ. Бізде, қазақ елінде киелі 

орын бұл – төр. Қазақ төрін өне бойы жасы 

келген адамға береді. Сол жерде жасы 

үлкен адам отырады. Бұл бостан бос емес. 

Өйткені, көптеген елде мұндай дәстүр 

жоқ, қалыптаспаған. Қазақта «жастың 

қайраты білекте, қарттың қайраты тілінде» 

дейді. Себебі жасы ұлғайған сайын өмірлік 

тәжірибені жинақтап, даналыққа өтеді. Өзінің 

тарихын біліп, әдет-ғұрпын біліп, осыны 

ұрпаққа жеткізіп, шежіреге көп көңіл бөледі. 

Шежірені айтатын қарттар болады. Сонымен 

бірге қай жерде болмасын, елдің күші, 

жердің қуаты руханиятқа байланысты. Рухты 

биіктететін – қари көздер. Қариялардың 

тәрбиедегі орны өте зор. Қазақта «қайсібір 

үйде қарт болса, сол үйде береке бар» дейді. 

Өйткені, жастардың тәрбиесі, өнегесі, бәрі 

де сол жасы келген адамның әсері. Күнделікті 

айтып тұрады, жол көрсетіп отырады. Қарт бар 

жерде тоқтау бар. Қарт бар жерде береке бар. 

Мұның барлығы қоғамда ғасырдан ғасырға 

қалыптасқан дүние. Қазақтың болмысын, 

ерекшелігін бәрін де алақанда ұстап, көпке 

жеткізіп отырған бұл – қарттар. Өкінішке 

орай, қарттардың құнын білмейтін, оны төмен 

түсіретін шаңырақтар пайда болды. Жас 

ұрпақтар әкесін, шешесін жасы ұлғайды, енді 

қажеті шамалы деп қарттар үйіне тапсырып 

жатыр. Қарттар үйі қазақ еліне жараспайтын 

дүние.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет