Қазан, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады Ұлытау бағдары



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата06.03.2017
өлшемі8,16 Mb.
#8218
1   2   3   4   5   6

КАРИМОВ Бахтиёр,

доктор философских 

наук, профессор, директор 

Института усредненных 

языков и языка ортатюрк, 

Узбекистан.      

Казахский  народ  по  своей  природе  отличается  не  только 

гостеприимством  и  толерантностью,  но  и  имеет  склонность  к 

объединению,  интеграции,  коллективизму.  Казахи  всегда  отмечают 

важность  взаимовыгодного  партнерства  и  сотрудничества.  Об 

этом  говорят  такие  пословицы,  как  «Бөлінгенді  бөрі  жейді»  или 

«Жалғыздың үні шықпас, Жаяудың шаңы шықпас», которые можно 

растолковать так «Разъединившиеся становятся добычей волков» или 

«Голос одного останется неуслышанным, пеший много не напылит».

Поэтому, на мой взгляд, вполне закономерным является то, что 

после развала Советского Союза главным генератором и разработчиком 

интеграционных идей выступил наш Президент Н. Назарбаев.

Еще  на  заре  независимости,  в  1992  году  Нурсултан  Назарбаев 

отмечал  стратегическую  важность  интеграционных  начинаний  для 

нашей страны. В «Стартегии становления и развития Казахстана как 

суверенного государства» он подчеркивал, что «будет активизироваться 

подключение  Казахстана  к  интеграционным  процессам  ...  в  целях 

получения доступа к динамично развивающимся рынкам капиталов, 

технологий сырья и промышленных продуктов» /с. 49/.

Как одну из особенностей интеграционных идей Н. Назарбаева 

следует  омтетить  то,  что  проект  создания  Евразийского  Союза 

выдвигался  тогда,  когда  почти  все  лидеры  постсоветских  стран 

были склонны больше к дезинтеграции, чем к интеграции. Поэтому 

неэффективность  интеграции  в  рамках  СНГ  была  обусловлена 

объективными  центробежными  процессами.  СНГ  даже  начинали 

называть «содружеством несговорчивых государств». 

Начиная  с  1994  года  Президент  Н.  Назарбаев,  на  протяжении 

20 лет развивая идею евразийства, теоретически обогатил ее, придал 

новое  содержание  и  обосновал  совершенно  новую  евразийскую 

концепцию,  которая  послужила  импульсом  интеграционных 

процессов на постсоветском пространстве. 

Все  его  труды,  выступления,  доклады  на  форумах,  статьи  в 

ведущих  изданиях,  интервью  по  проблемам  евразийства  являются 

теоретическим обоснованием евразийской интеграции. 

Разрабатывая  евразийскую  концепцию  Н.  Назарбаев,  по  сути, 

определяет  характер  и  специфические  особенности,  выстраивает 

модель  развития  интеграционных  процессов  на  постсоветском 

пространстве, обосновывает их необходимость. 

Изучая труды Президента по проблемам евразийской интеграции, 

в  первую  очередь,  обращаем  внимание  на  термины  и  понятия. 

В  них  впервые  введены  такие  термины,  как  «разноскоростное 

интегрирование»,  «многовекторная  и  многоуровневая  интеграция», 

«интеграционные  центры»,  «интеграционное  ядро»,  «силовая 

интеграция»,  «рациональная  интеграция».  Важно,  что  автор, 

определяя  и  обосновывая  преимущества  и  позитивные  явления 

интеграции,  обращает  особое  внимание  на  негативные  перспективы  

дезинтеграционных процессов.

В  поисках  новых  путей  и  моделей  интеграции  постсоветских 

государств  Н.  Назарбаев  определяет  концептуальную  основу 

евразийской  идеи,  которая  заключается  в  исключении  гегемонии 

какого-либо  участника  интеграции  и  обосновании  принципа 

консенсусной договоренности всех участников.

Вопросами  методологического  изучения  интеграционных 

процессов  в мире активно занимались и продолжают заниматься ученые 

и  политики  России,  Белоруси  и  других  стран.  Однако  фактически 

евразийская концепция Н.Назарбаева остается единственной в полной 

мере теоретически обоснованной концепцией, готовой к реализации в 

практической плоскости. 

В  связи  с  этим  возникает  необходимость  всестороннего  и 

детального  изучения  механизмов  и  потенциальных  возможностей 

интеграционного  сотрудничества  между  странами,  разработки 

эффективных способов их реализации и регулирования. Для этого в 

первую  очередь,  необходимо  глубокое  теоретическое  осмысление 

феномена интеграционных идей, в качестве методологической основы 

которого  может  выступать  евразийская  концепция  Н.  Назарбаева, 

реализованная в виде Евразийского экономического союза. 



Евразийская концепция 

Н. Назарбаева как 

методологическая основа 

изучения интеграционных 

процессов

Нурбек ШАЯХМЕТОВ,

д.и.н., заведующий кафедрой 

евразийских исследований 

ЕНУ имени Л. Гумилева

12

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 17-18 (174-175), 

қазан, 2014 жыл

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Құмай археологиялық-

этнографиялық кешені

ҚР Парламент 

Мәжілісінің депутаты 

Камал Бұрханов, Мемлекет 

тарихы институтының 

директоры Аяған 

Бүркітбай және тарих 

ғылымдарының докторы 

Зиябек Қабылдинов 

сынды бір топ тарихшы 

ғалымдар Астанадан жүз он 

шақырым жердегі Құмай 

түріктік археологиялық-

этнографиялық кешенінде 

болып қайтты. 

Ақмола облысының 

Ерейментау ауданы, 

Бұйратау бауырына 

орналасқан кешен 

2009 жылы жүргізілген 

барлау жұмыстарының 

нәтижесінде ашылған. 

Мұндағы ескерткіштер 

түрк мұрасының озық 

үлгісі. Ертедегі қола, түрк 

дәуірлерінен сыр шертетін 

ескерткіш-мүсіндер бір-

біріне жақын орналасқан. 

Бұл жердің «Құмай», 

«Ершоқы», «Жаушоқы», 

«Қос батыр» аталуының өзі 

де осы өңірдің қасиеттілігі 

туралы ойды бекемдей 

түседі. 


Әсіресе, тың және 

тыңайған жерлерді игеру 

кезінде, одан кейінгі уақытта 

да түрк мұрасының сақталып, 

ғұрыптық құрылыстардың, 

тас мүсіндердің, қоршау 

қабырғаларына түсірілген 

ру таңбаларының күні 

бүгінге дейін сақталып жетуі 

таңдандырмай қоймайды.

ҚР Парламент 

Мәжілісінің депутаты Камал 

Бұрханов осындай асыл 

қазынаны талмай зерттеп 

жүрген белгілі археолог 

ғалым, жоба жетекшісі 

Айман Досымбаеваға үлкен 

алғыс сезімін жеткізе келіп, 

ескерткіштерді зерттеу, 

қайта қалпына келтіру мен 

сақтауды жалғастырудың 

маңыздылығына тоқталды: 

- «Бұл жерде ұрпақтары 

ата-бабаларына мәңгілік 

ескерткіштер орнатып, 

оларды соңғы сапарға 

шығарып салғаны көрініп тұр. 

Түрктер бұл жерді аса бағалы 

әрі киелі символ ретінде 

таниды. Қараңыздаршы, 

бабаларының мүсіндерін 

тасқа бедерлеп, оларды 

кең далада орнатып, ата-

бабаларының сенімін 

ақтауға, бабалар жерінің 

киелілігін қорғауға ант еткен. 

Жастарды отаншылдыққа, 

патриотизмге баулиды. 

Бұл жер ашық аспан 

аясындағы археологиялық-

этнографиялық мұражайға 

сұранып-ақ тұр. Сырт көз 

сезіне бермеуі мүмкін, 

тарихи кешенді аралаған 

адам Астана қонақтары үшін 

дайын тұрған тағылымы мол 

тарихи орын екенін бірден 

бағамдайды», - дейді Мәжіліс 

депутаты.

Жоба жетекшісі Айман 

Досымбаева БАҚ өкілдеріне 

зерттеу жұмыстарының 

кешенді жүргізіліп жатқанын 

әңгімелеп берді. – Біздің 

еңбек барлаудан, жаңадан 

ашылған ескерткіштерді 

құжаттаудан және 

зерттеуден тұрады. Негізгі 

құжат ескерткіш жайындағы 

толық ғылыми ақпаратты, 

есеп картасын, ескерткіштің 

қысқаша сипаттамасын, 

графикалық сызбасы мен 

фотосын қамтиды, - дейді ол. 

Тарихи орынға табаны 

тиген адамды ең әуелі Құмай, 

Ершоқы, Жаушоқы, содан 

кейін Қос батыр қарсы алады. 

Қос батыр түріктік мәдени 

кешені Құмай өзенінің сол 

жағалауында, Қарағайлы 

ауылына жақын жерде 

орналасқан. Кешегі тарихтан 

сыр шертетін кешенде екі 

батырдың мүсіндері қатар 

тұр. Бет-әлпеті анық. Ер адам 

мүсіні дәстүрлі түрк стилінде 

бедерленген. Кеуде тұсында 

оң қолымен ұстаған кубок 

тәрізді ыдыс, сол қолында 

кішкене қанжары бар. Бұл 

ата-баба антына адалдық 

деген сөз.

Тарихшылардың айту-

ынша, бұл ескерткіштер 

2006 жылы Ерейментау 

ауданының музейіне 

қойылыпты. Кейін облыстық 

мәдениет басқармасы, аудан 

әкімі орынбасары және музей 

дирекциясымен жүргізілген 

келіссөздердің нәтижесінде 

мүсін қайтарылып, 

бастапқы орнына қайта 

орналастырылған. 

Болашақта Айман 

Досымбаева бастаған 

ғалымдар Құмай 

түріктік археологиялық-

этнографиялық кешенін 

ғылыми тұрғыда зерттеуді 

жалғасыра түспек. 

Археолог ғалымдардың 

сөзіне қарағанда, бұл 

тарихи орын ашық аспан 

астындағы мұражай, білім 

жолындағы мамандар мен 

жастарға дәріс өткізетін 

зертхана, республикалық 

және халықаралық 

туризм орталығы ретінде 

пайдалануға жол ашады.

Біздің де бұл 

пайымға келіспеске 

лажымыз жоқ, Құмай 

түріктік археологиялық-

этнографиялық кешені 

шындығында аспан 

астындағы мұражайға 

сұранып-ақ тұр. Алдымызда 

ЭКСПО-2017...

Саясаттану кафедрасының 

профессоры, «2013 ж. ЖОО үздік 

оқытушысы» грантының иегері 

Нұртазина Роза Әуталіпқызы 

«Әлемдік қауымдастықтың 

виртуалдық білім беру кеңістігін 

құру» жобасы шеңберінде 

ұйымдастырылған Киото Санге 

университетінде өткізілген «Білім 

беру және ғылыми контекстіндегі 

әлеуметтік мәдени және 

филологиялық аспектілері» атты 

халықаралық виртуалдық форумға 

қатысты. 

Халықаралық форум 

әлемнің 26 мемлекетінен 

лингвистерді, әдіскерлерді, 

м ә д е н и е т т а н у ш ы л а р д ы , 

әдебиеттанушыларды, саясат-

танушыларды және оқытушыларды 

біріктірді: Қазақстан, АҚШ, Ресей, 

Тайвань, Хорватия, Өзбекстан, 

Моңғолия, Латвия, Түркия, 

Оңтүстік Корея, Грузия, Бельгия, 

Италия, Қытай, Польша, Молдова, 

Армения, Украина, Беларусь, 

Словакия, Жапония және т.б.

Шетел тілдерін оқытудың 

әдіснамасы,   филологиялық 

 

ғылым-дағы инновациялар, 



билингвальды білім беру сияқты 

жеті негізгі ғылыми бағыттар: 

мүмкіндіктер және болашақ, 

педагогикалық теорияның жаңа 

парадигмасы, педагогикалық 

қызметтің мәдениетаралық 

аспектілері, білім берудегі 

ақпараттық технологиялар, әдеби 

көкжиектері – ғалымдардың 144 

баяндамаларында көрсетілген 

болатын.  

Профессор Нұртазина 

Роза Әуталіпқызы «БАҚ 

және этносаяси мәселелердің 

мәдениетаралық аспектілері», 

««Қазақстан-2050» Стратегиясы 

контекстіндегі саяси білім беру 

әдіснамасының аспектілері» 

тақырыптағы баяндамалармен сөз 

сөйледі.


Форумның жұмысы ұлттық 

социум қызметінің гуманитарлық 

сферасындағы өзекті мәселелерді 

табу және кешенді талдауға, 

халықаралық ынтымақтастықтың 

тиімділігін жоғарылату жолдарын 

іздеу, іс жүзіндегі және виртуалдық 

форматтағы сөйлеу мәдениетіне, 

инновациялық мәдениетаралық 

білім беру ортаны құру негізінде 

мамандардың педагогикалық 

және ғылыми потенциалының 

интеграциясына арналған.

Виртуалдық 

форумға 

қатысты

Киото университетінің профессоры, Форумның 

ұйымдастырушылық комитетінің төрағасы Китадзе Мицусимен бірге


13

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 17-18 (174-175), 

қазан, 2014 жыл

АРДАГЕРЛЕР

Имандылық негізі – 

ұлттық тәрбиеде

Еуразия ұлттық 

университеті әкімшілігінің 

«Егемен Қазақстан» газетінің 

үжымымен бірлесе отырып 

«Елдік парасат – ұрпақтар 

сабақтастығы» деген тақырыпта 

өткізген дөңгелек үстелі 

қоғамдағы індетке айналып бара 

жатқан әлеуметтік мәселеге 

– қараусыз қалған қарттар 

мәселесіне арналыпты. Бұл - өте 

құптарлық жай. 

Тәуелсіз, егемен ел 

болдық, етек-жеңімізді жиып, 

оң-солымызды таныдық, ақ-

қарамызды айқындап, ата 

дәстүр-салтымызды түгендедік, 

Наурызымызды тойлап, 

мәдениетімізді өркендеттік, 

өзімізді әлемге таныттық. Алайда 

осыған кереғар жағдай да қылаң 

етіп бой көрсетті - елімізде 

ашылған «қарттар үйінің» саны 

жүзге таянып қалыпты! «Әр 

кәлләда бір қиял» деп өзбек 

ағайындар айтпақшы, себеп 

көп, ортаға салар ой көп. Оның 

бәрі сыр-сұхбатта айтылды. 

Отбасы кінәлі, келін кінәлі, қыз 

кінәлі, бала кінәлі, ағайын-тума 

кінәлі, тағысын-тағылар. Расы да 

сол.  Отбасында дұрыс тәрбие 

болмағасын қай тірлік оңсын? 

 

Бүгін бала әкені қуса, ертең өзін 



баласының қумасына кім кепіл? 

Әлгі «Астау жасап жатырмын, 

қартайғаныңызда мен де өзіңізге 

осыған тамақ құйып беремін» 

дегеннің кері де. Қазақ «Атаңа 

не қылсаң, алдыңа сол келеді» 

деп бекер айтпаған ғой.

Өткен ғасырдың «қазақ 

қоғамын орыстандыру ғасыры» 

болғаны баршамызға белгілі. 

Кезінде Екатерина патшаның 

«қазақтың қыздарын орысша 

оқытсақ, ұлтты рухани жаулап 

алуымыз оңай» деген мақсатпен 

қазақ даласында қыздарға 

арналған пансионаттар ашқаны 

тарихтан белгілі. Осы үдеріс 

жалғаса келе, ХХ ғасырда 

балаларды орыс мектебіне 

беру үдерісі басталды.  Ата-

аналар біреулер баласын 

«қызметте көтерілу үшін, 

өмірінің жарқын болуы үшін» 

осындай жағдай жасауды 

мақұл көрді. Сол, анасының 

жетегінде «тарыдай болып» 

орыс сыныбының босағасын 

аттаған нәрестеміз бүгінде 

бітім-болмысында қазақылық 

нышаны азайған әкелер мен 

аналар болып шыға келгені анық. 

Біз шаңырағын шайқалтпаған, 

ата-ананы сыйлаған, енені тыңдап 

құрметтеген, үлкеннің алдын 

кеспеген, отбасының берекесін 

шайқалтпаған халық едік. Біз балаға 

ғана емес, ата буынға да жағдай 

жасайтын халық болдық. Баласы 

бар үйді «базарлы үй» десек, қарты 

бар үйді «қазынасы бар үй» дедік. 

Ұлтымыздың ғасырдан-ғасырға өтіп 

келе жатқан салт-дәстүрінің мән-

мағынасын жоғалтпай, қаймағын 

бұзбай келер ұрпаққа жеткізуге 

тырыстық. Өзге тілде тәлім-тәрбие 

көрген ата-аналар осындай ізгі 

әрекеттерді жалғастыра алды ма? 

Ата-ененің «қарттар үйінің» 

тұрақты тұрғынына айналғанының 

себебі осында емес пе екен деген 

ой келеді.

Теорияға емес, өмірдің өзіне 

үңілейік. Есімізде, социализм 

кезінде «біріміз бәріміз үшін, 

бәріміз біріміз үшін» деген 

моральдық кодекстің тармағы 

болушы еді. Бекер обалы не 

керек, бұл тармақ адамдарды 

барды бөлісуге шақыратын. Қазір 

әркім өзін ғана ойлайтын нағыз 

индивидуализмнің заманы туды. 

Ата-ана балаларының құлағына 

«өзін ғана ойлауды» құюмен әлек. 

«Көмектесу», «қол ұшын беру», 

«мүсіркеу», «жағдай жасау» 

сияқты ұғымдар олар үшін жат. 

«Өзін ғана ойлап өскен» бала 

(келін) өздерінің, балаларының 

жағдайын жөндеумен әлек. Тіпті 

олар үшін ертеңгі күні ата мен 

әженің де «басы артық» болып 

шыға келсе, таңғалмаймыз. Керек 

десеңіз, олардың атында тұрған 

жылжымайтын мүліктері болса, 

сатқызып, түскен қаржыны иеленіп 

алудан да тайынбайды. «Ертең о 

дүниелік адамға олар неме керек? 

Тіпті оларды неменеге үйде 

ұстайды? Бәрі жұмыста, денсаулығы 

жоқ адамдарды кім қарап, бағып-

қағып отырады? Одан гөрі «бағып-

күтетін жағдайы бар» интернатта 

неге тұра бермеске? Мемлекет 

күтеді, зейнетақысы және бар. 

Күйінетін ештеңе жоқ». Осылай 

амалдап-айлалап интернатқа 

өткізілген қарттарды бірте-бірте 

іздеп барып хабарласатын да адам 

болмайды. Міне, мәселе - осы!

Біздер, практикалық қазақ 

тілі кафедрасының оқытушылары, 

орыс топтарына «Қазақ тілі» пәнін 

жүргізу барысында «Осы індет 

қайдан шықты?» деген мәселемен 

нақты іс жүзінде кезігіп отырамыз 

десек те болады. Орыс топтарына 

қазақ тілін жүргізудің типтік 

бағдарламасы бойынша алғашқы 



«ШӘКӘРІМ» - 

ТҮРІК ТІЛІНДЕ

Әлемдік руханият тарихында орны бар қазақ тұлғасы туралы 

түркі тіліндегі тұңғыш рет шыққан толымды еңбекті тіл маманы, PhD 

Ләззат Орақова аударса, лайықты баспадан шығаруға Түркі кеңесі 

төрағасының бұрынғы орынбасары, қазіргі Түркі академиясының 

президенті Дархан Қыдырәлі айрықша еңбек сіңірген.

- Мен бұл жаңалықты естіп қатты қуанып тұрмын. Абайды, 

Шәкәрімді, Мағжанды – ақын деу аз, бұлар – Түркі дүниесі мәдениетінің 

алтын көпірлері. Юнус Эмре мен Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясын-

да ортақ сарындар өте көп. Мен Шәкәрімді қазақша оқыдым. Ойы 

терең, халық тағдырына ерекше қам жеген бұл ақынды Түркия білсе ғой 

деп жүретінмін. Құрметті ректор Ерлан Сыдықов кітабының түрікше 

аудармасын шын ықыласпен қабылдадым. Түрік-қазақ мәдени байла-

ныстары бұдан әрі де арта беретініне сенімдімін, - дейді Юнус Эмре 

атындағы Түрік мәдениет орталығының директоры Ибраһим Йыл-

дырым. Ал Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Жақып Өмерұлы 

«Бұл кітапта Шәкәрімнің қазақ мәдениеті мен әдебиетіне және са-

насына  қосқан үлесін Ерлан Сыдықов мырза жаңадан қарастырады. 

Оқырмандарға осы  кітапты оқуға кеңес беремін» дейді.

Жалпы ақын, дінтанушы, шежіреші, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы 

туралы бұл ғұмырбаяндық кітаптың түрік оқырмандарына жетуі мен 

танылуы – Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті үшін үлкен олжа әрі 

Тәуелсіздік пен Елбасымыз жүргізіп отырған салиқалы саясаттың 

үлкен жемісі. Ұлтымыздың қайраткерлері мен санаткерлерін уақытты 

жоғалтпай осылайша әлемге кең таныта білсек, елдігімізге – мерей, 

мемлекетімізге – мақтаныш.



Түркия Республикасының астанасы – Анка-

ра қаласының атақты  «Bengu» (Мәңгі) баспа-

сынан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-

мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, халықаралық 

«Мәңгі Ел» ғылыми-көпшілік тарихи журналының бас 

редакторы Ерлан Сыдықовтың «Шәкәрім» атты 

танымдық-ғұмырбаяндық кітабы түрік тілінде жарық 

көрді. 

ПІКІРЛЕР

Әділ Ахметов, Түркі академиясының бөлім 

меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, про-

фессор:

- Қазақ елі әлемге төлтума салт-дәстүрімен, ұлтты ұлт жасаған 

қайраткерлерімен танылады. «Жақыныңды жаттай сыйла, жат 

жанынан түңілсін» деген нақыл сөзде көп мағына бар. Профес-

сор Ерлан Сыдықовтың ЖЗЛ сериясымен шыққан «Шәкәрімін» 

ықыласпен оқып шыққан едім. Енді оның түрік тіліне аударылып 

жариялануы бәрімізді қуантып отыр. Шәкәрім дәуірі – Шығыспен, 

Түркі дүниесімен тығыз байланыстағы дәуір. Сондықтан ақиқат пен 

шындықты иманнан, парасаттан іздеген қазақ ақынын жаңа Түркия 

оның замандастарымен салыстыра отырып, жаңаша тануы қажет деп 

ойлаймын. 

Шәкір Ибраев, Түркі академиясының экс-президенті, 

филология ғылымдарының докторы, профессор:

- Біз іссапармен Түркияда жиі боламыз. Зиялылармен шүйіркелесе 

кетсеңіз, ортақ тұлғаларымыз бен Стамбұлмен байланысы болған 

кісілерге ықыласы ерекше ауады. Мысалы, олар Шәкәрімді тереңірек 

білгісі келеді. Ерлан Бәтташұлының мына еңбегі сол сұранымды 

лайықты қанағаттандырады деп есептеймін. Мен түрік тіліндегі 

«Шәкәрімнің» электрондық нұсқасымен таныстым. Сәтті шыққан. 

Түркия оқырманы бұл кітаптан көп нәрсе олжалайды деп ойлаймын. 

Алдағы уақытта Шәкәрім поэзиясын жолма-жол түрікшеге аударуға 

қол жеткізсек, тіпті жақсы болар еді.



Қазақта «қазыналы қарттар» деген жақсы сөз, қасиетті ұғым бар. Осындағы «қазыналы» сөзінің 

мағыналық ауқымы кең. Ол байлық пен молшылықты, парасаттылық пен адамгершіліктің барлық қырын 

білдіреді. Бұл сөз айтылғанда, көз алдыңызға мол денелі, аппақ сақалы омырауын жапқан, келбетінен нұры 

таймаған, өмірден көріп-тоқығаны мол, ақыл-ойы көл дария бір батагөй абыздың келері хақ. Қарап көзің 

тоймайды, сүйсінесің, «менің де осындай қазыналы қартым болса ғой» деп те ойлайсың бір сәт. Сүрінерің 

мен сауалың ұлан-ғайыр мынау заманда осындай бір ақыл-абыройы артқан ғаламат қарияның жаныңда 

болғаны абзал ғой, шіркін. «Сол қазынаның бүгінгі хал-ахуалы қандай? Ол отбасының баға жетпес 

құндылығы болып отыр ма, әлде жетім көңілі жабырқап, бауыр еті бала-шағасын сағынып, тәуелсіз, 

еркін өмірін аңсап, осынау мейірімсіз де қатігез тіршілікке көзін сатып, «қарттар үйінің» терезесінен 

сығалауда ма? Бүгінгі күннің рухани құндылығына нұқсан келтіріп отырған дәл осы келеңсіз әрекеттің 

біздің қоғамымызға індетше жайылып бара жатқаны қалай?

төрт апталық сабақтың 

тақырыптары орысша оқып, 

тәрбиеленіп келген жастар 

үшін аса орынды болып 

шыққан. «Сәлем – сөздің 

анасы», «Отбасы – шағын 

мемлекет», «Қазақстандағы 

демографиялық мәселелер» 

және «Жас отбасы және 

дәстүр». Байқағанымыз – 

орыс сыныбында оқыған қазақ 

студенттердің отбасында 

ата-аналарымен орысша 

сөйлесетіні, отбасында қазақы 

қарым-қатынастың сақтала 

бермейтіні, салт-дәстүрлердің 

қайсыбірінен мүлдем 

бейхабар екендігі, жастардың, 

отбасын құрған соң, «өз 

алдына (самостоятельно) 

өмір сүргілері келетіні», 

бала санын еш көбейткілері 

келмейтіні, өмірлік 

ұстанымының «жақсы қызмет 

істеу, жақсы көлік міну, шет 

елдерді аралау, бақуат өмір 

сүру» екендігі анықталды. 

Осындай жағдайда бізге, 

оқытушыларға, әрине, ата 

салтымыз жайлы тер төгіп, 

тереңдеп толғауға тура келеді. 

Сөзіміз далаға кетпес үшін 

өмірден мысалдар келтіреміз, 

ұлылардың сөздерін, 

ақындардың өлеңдерін 

оқытып, жаттатамыз, шағын 

сценарийлер жасаймыз, 

өзара сұхбаттастырамыз, 

эссе жаздырамыз. Осы жете 

ме? Әрине, жоқ. Бұл тек 

сабақ қана. Қалай болғанда 

да түбегейлі тәрбиенің негізі 

отбасында жатыр. «Тәрбие 

басы – тал бесік» деп бекер 

айтылмаған. Баланың өмірге 

келгенінен бастап ата-ана 

өзінің жағымды  әрекеттерінің 

негізінде баулуы керек. 

Ал «жағымды әрекеттер» 

дегеніміз – ұлттық тәрбие 

тәсілі. Ешқандай мектеп алдын 

көрмеген ата-бабамыздың 

мектебі – нағыз далалық 

дана философия, даналық 

мектеп. Анасын жылатпаған, 

әкесін қаңғыртпаған 

қазақтың ұрпағы екенімізді 

ұмытпағанымыз жөн. Қорыта 

келе, өзінен өзгені ойламайтын 

менмендік, қартайған ата-

анаға жасалатын мейірімсіздік 

пен қатігездік, ұлттық 

дәстүрге немқұрайды қарап, 

оны аяқ асты ету қазақы 

тәрбие көрген отбасынан 

шықпайды. Бұл – дәлелдеуді 

қажет етпейтін ақиқат. 

Сондықтан бұл дертпен қоғам 

болын күрескеніміз абзал 

дер едім. Университетімізде 

осынау келелі мәселенің кең 

көлемде көтеріліп отырғаны, 

ұлт болашағы мен ұрпақ 

тәрбиесі үшін аса маңызды 

болғандықтан,  құптарлық жай 

дер едім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет