Қазан, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады Ұлытау бағдары


Ғарифолла Есім, ф.ғ.д., профессор



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата06.03.2017
өлшемі8,16 Mb.
#8218
1   2   3   4   5   6

Ғарифолла Есім, ф.ғ.д., профессор, 

ҰҒА академигі, ЕҰУ-дың философия 

кафедрасының меңгерушісі:

Елдік парасат деген ұғымның негізінде 

ұрпақтар сабақтастығы жатыр. Үш буын 

өкілдері арасында сабақтастық болса елдің 

бірлігі болады. Ата ұрпақ, Әке ұрпақ, Немере 

ұрпақ бірге, түсінікте өмір сүрсе елдік парасат 

шығады. Яғни, ата білетін құндылықтар әкеге 

өтсе, әке қабылдаған құндылықтар балаға 

өтсе, осылай құндылықтар трансформациясы 

бір отбасында үйлесім тапса елдік парасат 

болады. Ата мен немеренің арасындағы қырық, 

елу жылдық кеңістік біріне бірі жақындасу 

керек. Құндылықтардың кеңістігі болғанда 

ғана қарттарды қарттар үйіне тапсыру деген 

болмайды. Немере атасын немесе бала әкесін 

құндылық ретінде бағаламаса сабақтастық 

үзіледі. Сабақтастық үзілсе неше түрлі қиын 

жағдайлар басталады. Соның бірі бұрын соңды 

қазақта болмаған жағдай - қарттар үйіндегі 

қазақтың қарияларының көбейгендігі. Бұл 

-құндылықтардың құлдырауы. Конституцияда 

«Әкесі баласын асырап, білім беруге міндетті. 

Керісінше, баласы қартайған әкесіне қарауға 

міндетті» деп жазылған. Сонда қазір бізде 

конституциялық құқық бұзылып отыр. 

Ендеше әкесін қарттар үйіне апарып тастаған 

адам қоғамға бір пайда келтіретін жағдай 

жасау керек. Конституцияны орындататын 

заң қабылдауымыз керек.

Абай СЕЙФУЛЛАҰЛЫ

КОНФЕРЕНЦИЯ


6

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 17-18 (174-175), 

қазан, 2014 жыл

ТҰЛҒА

ҚҰТТЫҚТАУ

АҚСЕЛЕУ – ҰЛТТЫ СҮЮДІҢ 

СИМВОЛЫ

Ұлағатты  ұстаз

Жалпы және теориялық 

физика кафедрасының 

профессоры, педагогика 

ғылымдарының докторы 

Лигай Мария Алексеевнаның 

университеттің білім беру, 

ғылыми-әдістемелік, қоғамдық 

өмірінде белсенділігіне қарап 

80 жасқа толып жатқанын айту 

мүмкін емес. 

Лигай Мария Алексеевна 

4.11.1934 жылы туылған, ұлты 

кәріс, 1976 жылы социалистік 

сайыстың жеңімпазы, еңбек 

ардагері,  тыл қызметкері, 

«2011 

жылдың Үздік 



оқытушысы», педагогика 

ғылымдарының докторы, 

ҚР  ҰҒА академигі, физика 

ғылымдарының профессоры 

(1994 жылдан).

Ленинград университеті 

физика факультетінің түлегі 

Мария  Алексеевна өзінің 

еңбек жолын Қызылорда 

педагогика университетінде 

физика пәнінен сабақ 

беріп бастап, ал 1965 жылы 

Целиноград университетінде 

сол жұмысын жалғастырып, 

қазіргі кезде Еуразия ұлттық 

университетінде қызмет 

жасап, ҚР жоғары дәрежеде 

физиканы оқытудың қыр-

сырын меңгерген нағыз маман 

екенін дәлелдеуде. 56 жылдан 

бері  ҚР білім және ғылым 

саласында еңбек етуі осының 

дәлелі деп білеміз.

1967 жылы Целиноград 

университетінің басшылығы 

Лигай М.А. Алматыдағы 

ҚазПИ аспирантурасына 

оқуға жібереді. Аспирантурада 

оқу болашақта жоғары 

белестерді бағындыруға деген 

мүмкіндіктің ашылуына түрткі 

болды десек қателеспеген 

болар едік. Осының арқасында, 

еліміздегі беделді оқу орнында 

Жалпы және теориялық физика 

кафедрасының профессоры 

атанды.

Ешқашанда еңбектенуден 



жалықпайтын профессордың 

100-ден астам ғылыми еңбектері 

Москва, Ленинград, Санкт-

Петербург, Алматы, Баку, Сочи, 

Екатеринбург, Челябинск, 

Астана, Қарағанды, Көкшетеу 

сынды қалаларда басылып, 

қалың оқырман қауымына жол 

тартқан. Сондай–ақ өзінің 

шәкірттерімен көптеген 

ғылыми конференциялар 

және әртүрлі дәрежедегі 

семинарларға (халықаралық, 

республикалық) қатысып 

келеді.

Ал соңғы жылдары 



шығармашылық бағытын 

оқулықтар мен оқу-әдістемелік 

құралдарын шығаруға арнаған. 

Жарыққа шыққан оқулықтары 

тек қана ЕҰУ- де ғана емес, басқа 

да жоғары оқу орындарында 

оқу жоспарына еңгізілді. 

М.А. Лигай Л.Н. Гумилев 

атындағы  ЕҰУ-нің  құрметті 

өкілі ретінде  жоғары кәсіби 

біліктілігінің арқасында, кең 

эрудициясымен Ресей Білім 

Академиясының 

2009-2012 

жылғы «Физика в школе 

и вузе» атты  халықаралық 

ғылыми мақалалар жинағының 

редакция мүшесі болды. 

Ерекше айта кетерлік 

жәйт, барлық сабағын 

жоғары ғылыми- әдістемелік 

дәрежеде, студенттерге 

қызықты әрі түсінікті тілде 

өткізеді. Ол әріптестерінің 

арасында жауапкершілігімен, 

студенттерге қаталдығымен 

және талап қоя білетіндігімен 

ерекшеленеді. 

Жастарға 

өнеге болатындай ұстаздың 

жанамызда жүргеніне біздер 

қуаныштымыз және мақтан 

етеміз. Кәсіби құзыреттілігінің 

арқасында жастардан көмегін 

аямайтын, адал да ұлағатты 

ұстазымыздың мерейтойы 

құтты болсын!

ЕРМЕКОВА Ж.К.,

Физика-техникалық 

факультеті деканының 

ғылыми  жұмыстары 

жөніндегі орынбасары,

Осыдан 5 жыл 

бұрынғы қыркүйектің 

16-сы қазақ үшін қаралы 

күн болып тарихқа енді. 

Сол күні жазушы, әдебиет 

зерттеушісі, ғалым, 

филология ғылымының 

докторы, профессор, 

жүрегі елім деп соққан ұлт 

руханиятының жанашыры 

Ақселеу Сланұлы Сейдімбек 

дүниеден озған болатын. 

«Отырар» кітапхана-

сының аталмыш тұлғаның 

атындағы аудиториясында 

журналистика  және саясаттану 

факультетінің деканы Сақ 

Қайрат Өмірбайұлының 

мұрындық болуымен артына 

өлмейтұғын сөз қалдырған 

ағамызды еске алу кеші 

ұйымдастырылды. Жиынға 

тарихшы-этнограф, жазушы, 

Ақселеу Сейдімбекпен 

егіздің сыңарындай болған 

Қойшығара Салғараұлы, 

университеттің әлеуметтік-

мәдени даму мәселелері 

жөніндегі проректоры 

Дихан Қамзабекұлы, тарих 

факультетінің деканы Тілеген 

Садықұлы, абайтанушы 

Тұрсын Жұртбай, «Еуразия 

университеті» газетінің бас 

редакторы Кенже Жұмағұлов 

сынды азаматтар қатысып, 

естен кетпес естеліктер 

айтты. Қойшығара ағамыз ұлт 

жанашырының өзіне жазған 

хаты жайында тебірене 

әңгімеледі. Жолдасына жазған 

хатында Ахаң «істегенім бір 

тоғыз, істемегенім тоқсан 

тоғыз» десе керек. Қойшығара 

аға алайда Ахаңның істегені 

тоқсан тоғыз, істемегені 

тоғыз болды-ау деп еске алды. 

Сондай-ақ, жиын университет 

магистранты Құрманғазының 

орындауындағы Ақселеу 

ағаның әсем әндерімен әрленіп 

отырды. Ал ізінен ерген 

інісі Тұрсын 

Жұртбай оның 

« С а р ы а р қ а » , 

« Д ә у   р е н - а й » 

ат    ты 

әндерінің 

дү ние ге  келу  та-

рихын қызықты 

баяндап берді. 

Қ а й р а т 

Өмір байұлы  Ақ-

селеу ағамыз 

жур  налистика 

фа  культетінің 

ашы луына 

да 

зор еңбек сі-



ңіргендігін тіл-

ге тиек етті. 

Проректор Ди-

хан Қамзабекұлы 

кеңінен әңгіме 

өрбіте келе, өз 

сөзін «Ақселеу 

- ұлтты сүюдің 

символы» деп 

түйді. Тағылымға толы кешке 

жиналғандар жұртының 

жоғын іздеген азамат жайында 

талай мағлұматтарға қанығып, 

әрбір жас оның істерінен үлгі 

алу керектігін кеңінен түсінді.

Айгүл ӨЗЕКОВА

Университетімізде Әлеуметтік және азаматтық даму 

департаментінің ұйымдастыруымен «Дін саласындағы 

мемлекеттік саясат» атты кездесу-кеңес өтті. Оған мемлекеттік 

органдардың өкілдері, дінтану ғалымдары, Астана қаласының 

прокуратурасының, Ішкі істер департаментінің, Дін істері 

басқармасының, Жастар саясаты басқармасының өкілдері, 

дінтанушы ғалымдар, студенттермен жұмыс жөніндегі факультет 

декандарының орынбасарлары, 1 курс студенттері, жауапты 

мамандар, ЕҰУ-дің белсенді студенттері, барлығы мыңға тарта 

адам қатысты.

Іс-шараны Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің 

директоры Мәдібеков Әлібек Серғазыұлы жүргізіп отырды. 

Басқосу барысында Астана қаласы прокуратурасы бөлімінің 

прокуроры Ерекешов Еркебұлан Жанболатұлының, Дін 

проблемаларын зерттеу орталығы директорының орынбасары 

Смағұлов Есбосын Меркешұлының, Мемлекеттік жастар 

саясатын қолдау қорының директоры Жүнісбеков Бақытжан 

Әбдірайымжанұлының баяндамалары жастарға көп ой салғаны 

сөзсіз. Сондай-ақ қатысушыларға «Діни экстремизмнің алдын 

алу» атты бейнефильм көрсетілді.

Қазіргі таңда жастардың дінге деген қызығушылығы жыл 

сайын артып келеді. Бүгінгі күні кез келген діни ғимараттағы 

жамағаттың көп бөлігін жастар құрайтыны баршамызға мәлім. Бұл 

қоғамдағы дінді ұстанушы тұрғындардың басым бөлігін жастар 

құрайтындығын көрсетеді.

Жастар – қоғамның қозғаушы күші, ел ертеңі. Кез келген 

дәстүрлі діннің діттегені – күллі адамзат баласына сыйластық 

пен түсіністік. Егер ұйымдастырушылар жастар арасында 

ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізуді басты мақсат тұтса, 

онда ұйымдастырушылардың ол ойлары орындалды деп білеміз. 

Өйткені, осы бағытта Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінде студент-жастардың арасында дәстүрлі діни 

сананы қалыптастыру мен діни сауаттылықты арттыру және 2011 

жылғы 11 қазанында қабылданған Қазақстан Республикасының 

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының негізгі 

қағидаларын түсіндіру мақсатында жүйелі түрде жұмыс жүргізіліп 

келеді. Бүгінгі шара да соның бір айғағы.



«Дін саласындағы 

мемлекеттік саясат»

7

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 17-18 (174-175), 

қазан, 2014 жыл

КЕЗДЕСУ

Әдебиет әлеміндегі тұғырлы тұлға



Шығармашылық кешті ашқан 

университет проректоры Дихан 

Қамзабекұлы айтқандай, қазақтың 

қарымды қаламгері, Мемлекеттік 

сыйлықтың лауреаты және басқа да 

бірнеше сыйлықтардың иегері Дулат 

Исабековпен өткен кездесу ерекше 

форматтағы тарихи шара болды. 

Кездесу барысында айтулы 

жазушының ағылшын тіліне аударылып, 

Ұлыбританияның Лондон қаласында 

тұсауы кесілген пьесасы жөнінде 

Өнер академиясы дайындаған деректі 

фильм көрсетілді. Онда ағылшын тіліне 

аударылып, тұсаукесері әйгілі Кембридж 

университетінде өткен жазушының 

шығармалары жан-жақты сөз болды.

Лондонда Қазақстан Елшілігінің 

қолдау көрсетуімен "Lion & Unicorn" 

театрында алғаш рет Дулат Исабековтің 

«Өкпек жолаушы» атты пьесасы 

бойынша спектакльдің қойылымы 

ерекше оқиға болды. Қазақ әдебиетінің 

туындысын британ саханасына шығару  

қазақ мәдениетімен, дәстүрімен, тұрмыс 

және қатынастарымен таныстырып қана 

қоймай, ең алдымен, рухани байланыстар 

және отбасылық құндылықтардың 

маңызы туралы ой салды.

...Қамшының сабындай ғана қысқа 

ғұмырында адамдардың бір-бірін түсініп, 

сыйласа білуіне кей кездері жарты ғасыр 

да аздық етеді. Ал кейбір кездері аз ғана 

уақыттың ішінде танысып, араласып 

үлгерген адамына бар іштегі сырыңды 

жасырмай, ағыла ақтарыласың. Бұл 

да бір-екі адамның жан дүниесінің 

сәйкестігін, тазалығын көрсетсе керек. 

Тіпті тағдыр тәлкегіне ұшыраған 

жандардың  да кездейсоқ кездесулерден 

кейін өмірге деген құштарлығы, сүюге 

деген сенімділігі артады. Алайда 

пешенеге не жазылғанын ешқашан біле 

алмайсың… Міне, осындай  оқиғалар 

негіз болған Дулат Исабековтың «Өкпек 

жолаушы» атты туындысы Шекспир елін 

мойындатты. Бұл Ұлыбритания астанасы 

Лондон төрінде  қойылған алғашқы қазақ 

пьесасы. Диалогты драмаға құрылған 

пьесаның шетелдік театр мамандарын 

қызықтырып, сахналық қойылымға 

айналдыруының бір сыры – бәріміз де өмір 

соқпағының, тағдырымыздың «өкпек 

жолаушысымыз» деген автор ойының 

тереңдігінде жатса керек. Қалай десек те, 

бұл қазақ драматургиясы, қазақ мәдениеті, 

Қазақ елінің ынтымақтастығындағы 

алғашқы көпір болғаны сөзсіз. 

Бұл пьесаның Санкт-Петербургтың 

«Эксперимент» театрында сәтті 

сахналанып, «Транзитный пассажир» 

деп қойылып жүргеніне біраз уақыт өткен. 

Ал Лондонда қазақ пьесасы қойылады деп 

ешкім де ойлап көрмеген. Әсіресе, өзбек 

пен қырғыз ағайындардың Лондонда 

жүріп, бас қосып пьесаның ойдағыдай 

шығуына атсалысқаны таңқалдырды. Ал 

бұл шығарманың көрермендерге жол 

тартуына дәнекер болған Лондондағы 

Ш.Айтматов академиясының директоры, 

профессор Рахима Әбдуалиева қазақ 

қаламгері шығармаларының ағылшын 

тіліне аударылуы жайлы қызықты 

деректер мен әңгімелер айтып берді. 

Кітапты ағылшын тіліне 

аударушылар Дулат Исабековтың бес-

алты шығармасының қазақша да, орысша 

да нұсқасын оқуға алып кетіп, ұзақ 

келіссөздерден кейін ақыры осы пьесаға 

тоқталыпты. Содан кейін оның бірнеше 

шығармаларын аударып, Кембридж 

университетінде «Гауһартас» атты 

әңгімелер мен повестер жинағының 

тұсауы кесілді. Сүйтіп, Кеңестер тұсында 

шығарылған Мұхтар Әуезовтің «Абай 

жолы» романы мен Қ.Мұхамеджановтың 

Ш.Айтматовпен бірге жазған 

«Көктөбедегі кездесу» атты пьесасының 

ағылшын тіліндегі нұсқаларының 

қатарына жазушы Д.Исабековтың 

Лондонда аударылған алғашқы қазақ 

кітабы қосылды. 

«Лондон қаласынан кітаптың 

шығуына байланысты хат алмасулар, 

спектакльдің қойылуына, аударылуына 

қатысты жұмысты есептесек, бір жылға 

жуық уақыт кетіпті», - дейді жазушы 

Дулат Исабеков. - Жалпы кітаптың 

жарыққа шығуы, тіпті Англияның өзінде 

де жаңалық емес. Өйткені, қазір оларда 

да біздегідей нарықтық экономика 

болған соң, ақшасын берсеңіз, шығарып 

береді. Ал менің кітабымның ерекшелігі, 

ол – Лондонның өзінен солардың 

аудармасымен қоса, жарыққа шығып 

отыр. Робин Томсон деген жазушы 

кітабымды ағылшын тіліне аударды. 

Ол кітапқа «Гауһартас», «Сүйекші», 

«Өкпек жолаушы», «Ескерткіш 

операциясы», «Қабылан» атты әңгімем 

енді. Сонымен қатар «Өкпек жолаушы» 

атты пьесам ағылшын жерінде бірінші рет 

сахнаға шықты. Жалпы ағылшындарда 

кітап шығару жұмысы деген – ғылым. 

Лондонға барып ағылшындардың кітапқа 

деген ерекше ықыласын көрдім, – дейді 

драматург-жазушы Дулат Исабеков.

Қарымды қаламгер Д.Исабековтың 

Лондон қаласында ағылшын тіліндегі 

«Гауһартас» кітабының шығуына 

байланысты орайластырылған кітаптың 

тұсаукесеріне Ұлыбританиядан келген 

бір топ делегаттар қатысты. Жазушыға 

сұрақтар қойылып, оған тұщымды 

жауаптарын алған кеш қонақтары 

қаламгерден қолтаңба алып, естелікке 

суретке түсіп тарқасты. 

Сондай-ақ, университетте болған 

кездесуге Қазақстан Жазушылар 

одағының мүшелері Несіпбек Айтұлы, 

Төлен Әбдіков, Кеңес Юсупов, Тұрсын 

Жұртбай, Серік Тұрғынбекұлы, 

Әміржан Әлпейісов сынды қаламгерлер 

мен Мырзатай Жолдасбеков, Сейіт 

Қасқабасов, Серік Негимов, Намазалы 

Омашев, Мырзакелді Кемел, Ғаділбек 

Шалахметов, Жабайхан Әбділдин, 

Қаржаубай Сартқожаұлы, Тұрысбек 

Рақымжан тағы басқа да ғалымдар мен 

студент-жастар қатысты. 

Мақсұтбек ОТАШЕВ

Журналистика саласына 

маман 

дайындау  ісінде бірқатар проблемалардың 

бар  екендігі айқын. Ақпараттық дәуірде 

жыл өткен сайын білім алушыларды жаңа 

технологияға үйретуде ілгерілеу де жоқ 

емес. Әсіресе, Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің жур-

налистика және саясаттану факультеті 

теорияны 

тәжірибемен ұштастыруға 

бар күш-жігерін салып келеді. Ал  білікті 

маман даярлау жолында келекшекте 

не істеуіміз қажет, әлемдік озық оқу 

жүйелерін қалай үйренеміз деген сұраққа 

жауап іздеу кезек күттірмейтін мәселе. 

Осыған байланысты аталмыш оқу 

орнында «Қазақстан-2050»  Стратегиясы 

аясында журналистік білім берудің бүгіні 

мен болашағы» тақырыбында ғылыми-

теориялық конференция болып өтті. 

Жиынға Қазақстан мен алыс-жақын 

шетелден журналистика саласында білім беріп 

жүрген ғалымдар, профессор-оқытушылар, 

сонымен қатар еліміздегі БАҚ басшылары, же-

текші журналистер  қатысты. 

Отырыстың алғашқы бөлімі Л.Н. Гумилев 

атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану 

факультеті деканы, қазақ журналистикасының 

өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген Сақ Қайрат 

Өмірбайұлының 50 жылдық мерейтойына 

арналды. Сақ Қайрат Өмірбайұлы  – 

профессор,   алаштанушы  ғалым, филология 

ғылымдарының кандидаты, доцент, «ҚР-ның 

жоғарғы оқу орнының ең үздік оқытушысы» 

грантының иегері, Қазақстан Республикасы 

журналистер одағы сыйлығының лауреаты, 

ҚР мәдениет қайраткері, Халықаралық 

Еуразиялық телевидение және радио 

академиясының мүшесі, «Тіл Жанашыры» 

құрмет белгісінің иегері, 5 оқу құралының және 

200-ге таяу ғылыми мақалалардың авторы.  

Кіріспе сөзде университеттің әлеуметтік-

мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан 

Қамзабекұлы ректор Ерлан Сыдықовтың 

мерейтой иесіне арнайы құттықтауын жеткізді.  

Жазушы, кинодраматург Сұлтан Оразалин 

Қайрат Өмірбайұлын Алаш публицистикасын 

алғаш зерттеп жүрген кездерден, «Қазақ» 

кітабының жарық көрген уақыттан бері жақсы 

танитындығын айтып, ғалым інісіне ағалық 

ақ тілегін білдірді.   Қазақстан Журналистика 

академиясының президенті Сағымбай 

Қозыбаев мерейтой иесіне Журналистика 

академиясының академигі  

куәлігін 

тапсырып,  төс белгісін тақты.  Сонымен 

қатар Мемлекет тарихы институтының 

директоры, тарих ғылымдарының докторы 

Бүркітбай Аяған, саясаттанушы ғалым 

Нәубет Қалиұлы, Түркістандағы Қожа Ахмет 

Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті 

журналистика факультетінің деканы Бекжігіт 

Сердалы, С.Торайғыров атындағы Павлодар 

мемлекеттік университеті журналистика 

Қазақ журналистикасының бүгіні мен болашағы

кафедрасының меңгерушісі 

Қырықбай Алдабергенов, 

Қарағанды қаласы мен туған 

жері  –  Оңтүстік Қазақстан 

облысы Төлеби ауданының аза-

маттары жылы лебіздерін айтты. 

Негізгі бөлімде  Түрік 

Республикасынан келген 

белгілі профессор  Айдемир 

Окай «Коммуникация 

және қоғаммен байланыс» 

тақырыбында баяндама 

жасады. Ал профессор, 

саясаттанушы Нәубет Қалиев 

мемлекет дамуындағы 

әлеуметтік мәселелер, мемлекет 

аппаратындағы проблемалар жайында кеңінен 

сөз қозғады. Ол өз баяндамасы барысында 

журналистердің мемлекеттік қызметкерлер 

мен әкімдерді БАҚ-та «Әкім-қара» деп жазып 

жүргендігі қате екендігін түсіндірді.  «Қара» 

сөзін қосқанда аталмыш сөз мүлдем басқа 

мағына алып кететіні рас.  Саяси ғылымдардың 

докторы Әбдіжәлел Бәкір тәуелсіз сана, 

ұлттық рух төңірегіндегі әңгімесінде «Біз 

демократиялық қоғамнан жабық қоғамға 

айналып бара жатқан сияқтымыз. Бір мекемеге 

кіру үшін қаншама тексеруден өтесің. Барлық 

жерде жиналыстар көбеймесе азаймай отыр. 

Бұл  мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдары 

батыл жазу керек» деп қоғамдағы кемшін 

тұстарды көрсетіп берді. Сондай-ақ, жиында 

Ресей, Қырғыз елінен келген мамандар 

журналистік білім берудің бүгіні мен болашағы 

туралы ойларын ортаға салды. Конференция 

соңында Қайрат Өмірбайұлының «Алаш 

мұрасы», «Алаш көсемсөзі: жер мәселесі» 

атты кітаптарының тұсаукесері жасалды. Айта 

кетейік, автор бұған дейін «Ұлттық сана 

ұйытқысы» атты монографиясын жазып, 

Қытай жазушысы Ба-Цзиннің «Ызғарлы түн» 

романын қазақ тіліне аударған болатын. 

Абай СЕЙФУЛЛАҰЛЫ

Журналистика және саясаттану 

факультетінің ІІ курс студенті


8

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 17-18 (174-175), 

қазан, 2014 жыл

Дәстүрлі 

 ІV

 Вена балы өтті



жұп вальс әуенімен қалықтап, мың бұрала билегенде 

жиналған қауымның көңілі шарықтап, бейне бір өткен 

ғасырдағы тамаша кезеңге саяхаттағандай болды.

Вальс ырғағы, асқан құштарлыққа толы танго 

мен фокстрот би кешін ұмытылмастай ерек 

қыздырып жатыр.   Ақ   көйлекті  қыздар  мен ақ 

фрак киген жігіттерге қызықпай қарау мүмкін 

емес. Әрине, бұл арада  жарасымды жұптардың 

биіндегі іс-қимылдардың өте жоғары, кәсіби 

деңгейде орындалғандығын айта кету керек. Бұл 

біріншіден, хореограф  Асан Аманжолов пен 

Айдана Бегленованың ерен еңбегі болса, екіншіден 

студенттердің биік талап дәрежесінен көріне білуі.

Дәстүрлі Вена балында болып, көз алдыңда өтіп 

жатқан осындай кереметтерді көргеннен кейін, нағыз 

сұлулықты жан-дүниеңмен сезіне түскендей боласың. 

Жарасымын тапқан әсемдік пен әдемі әуенде неткен 

ұлы мағына жатыр десеңізші! Оған қоса сұлулық – 

құрбандықты талап ететінін де ұмытпау керек.

Өткізілген іс-шараға әлеуметтік және азаматтық 

даму департаментінің директоры Әлібек Мәдібектің 

сіңірген еңбегі айтпаса да көрініп тұр. Қысқасы, 

бұл «сахна сыртында» 

қалып қойған нағыз 

өз мамандарының 

шеберлері дайындаған, 

бірігіп ұжым арқасында 

жүзеге асқан керемет 

кеш болды. 

Кеш аяғы қазақ 

вальсінің королі Шәмші 

Қалдаяқовтың әдемі 

әндеріне ұласты.

"Еуразия-ақпарат"


9

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 17-18 (174-175), 

қазан, 2014 жыл

Шетелдік іргелі музейлердің 

тәжірибесін пайдаланған бұл 

музей ұлт игілігіне, жұртшылық 

асыға тамашалайтын тағылымы 

мол тарихи орынға айналары 

сөзсіз. 

Түсіне білгенге  жай ғана 

музей ашылып отырған жоқ, 

сан мың жылдың шежіресі 

жазылған «Білім тарихының» 

жаңа беті ашылып отыр. 

Мұражай Білім және ғылым 

министрі Аслан Сәрінжіповтің 

идеясы бойынша жасақталды 

және оған Қазақстанның ағарту 

саласындағы өткен ғасырдан 

бүгінгі күнге дейінгі жәдігерлері 

мен құнды ескерткіштері 

жинақталып отыр. 

Министр өз сөзінде кешегі 

кеңес заманында, одан бергі 

Тәуелсіздік алған жылдар 

ішінде білім, ғылым, оқу-

ағарту саласына үлес қосқан 

жандардың аз емес екенін 

айта келіп: «Солардың бірі де 

бірегейі Темірбек Жүргенов, – 

деді, – бірақ елімізде мұражай 

жоқ. Сондықтан ақпарат беру 

үшін осындай музей ашу туралы 

ой келді. Бүгін сол идеяны 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетімен 

бірлесіп жүзеге асырып 

отырмыз», - деді. 

Музейді ашудағы мақсат 

– ұлан-ғайыр территориялық 

аймақта ғасырлар бойы 

қалыптасып, сақталған 

мол мәдени-ағартушылық 

құндылықтарды жинақтай 

отырып, жұртшылық назарына 

ұсыну. Және жастардың бойына 

ізгілікті, білімге құштарлықты, 

тарихқа құрмет пен мақтаныш 

сезімін дарыту. Бағалы 

музей заттары мен мәдени 

құндылықтар жинақтамасын 

көпшілікке көрсету арқылы 

өткен тарихқа оң көзқарас 

қалыптастыру. 

Қазақстан «Білім тари-

хы» университеттің бас 

ғимаратындағы "Астана" 

Тұңғыш «Білім тарихы» музейі ашылды

атриумында орналасқан. 

Музей экспозициясын 

құру жұмыстарына ЕҰУ 

қаражат бөлді. Музейдің 

тұжырымдамасын дайындауға, 

әрі музей экспозициясын 

құруға педагогика тарихы, 

музей тарихы саласында 

ғылыми-зерттеулер жүргізген 

тәжірибелі ғалымдар 

жұмылдырылды. 

Жалпы аумағы 400 шаршы 

метрден асатын мұражайға 

кірген адамды Елбасымыз 

Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың портреті мен 

«Еліміздің басты байлығы – 

сапалы білім» деген даналық 

сөзі қарсы алады. Оң жағында 

Ыбырай Алтынсарин, Шоқан 

Уәлиханов, Абай 

Құнанбаев, Әлихан 

Бөкейханов, Ахмет 

Байтұрсынов, Қа-

ныш Сәтбаев, сол 

жақта Әбу Насыр 

әл-Фараби, Махмұд 

Қашқари, Қожа 

Ахмет Ясауи, 

Мұхаммед Хайдар 

Дулати, Бұхар 

жырау, Жәңгір хан 

суреттері ілініп, 

аты-жөндері алтын 

әріптермен жазылып 

қо йылды.  Сө редегі 

тарихи жәдігерлер 

әр жыл 


дардан сыр 

шертеді, әсіресе өт-

кен күннің байырғы 

құн дылығын 

та-

машалауға  бо  лады.  Әрине, 



оның бәрін сөзбен айтып 

жеткізу мүмкін емес, көзбен 

көріп, санамен сезіне білу 

керек. Тәуелсіздік жылдары 

туған ұрпақ білмеуі мүмкін, 

бірақ кешегі Кеңес одағы 

тұсында мектепте білім алған 

азаматтардың кеудесіне 

октябрят, пионер, комсомол 

төсбелгілерін тақпағандары 

кемде-кем. Күні кеше ғана 

келмеске кеткен кеңестік 

дәуірдің бұл атрибутикалары 

мен мектеп жабдықтары сол 

кезеңге қайта оралғандай әсер 

қалдырады. 

Алты бөлімдегі 48 арнайы 

сөреде білім беру жүйесінің 

тарихы барынша көрсетілген. 

Музейге келген қонақтар осы 

экспозицияда бейнеленген 

жазба және заттай ескерткіштер 

арқылы білім тарихымен 

таныса алады. Бұл кейінгі 

жас ұрпақтың өткен тарих 

тағылымын жан-жақты танып-

білуіне үлкен мүмкіндік туып 

отыр деген сөз. Музейге ғылым, 

білім, мәдениет саласындағы 

көрнекті тұлғалардың өмірі 

мен қызметі жәдігерлер арқылы 

көрсетіліп, жекелеген заттары 

(суреттер, құжаттар, мақалалар, 

хаттар т.б.) қойылған. Сондай-

ақ Қазақстаннның білім беру 

мен ағартушылық саласына 

шетелдік ғалымдардың қосқан 

үлесі де музей мазмұнын аша 

түседі. 

«Назарбаев зияткерлік 

мектебі», «Нұр Орда», 

«Жас ұлан», «Зерде» сынды 

тәуелсіздік алғаннан кейінгі 

елімізде бой көтерген жаңа 

бағыттағы мектептер мен 

«Назарбаев университеті» 

секілді жоғары оқу орнының 

қызметі де экспозициядан орын 

алды. 

Экспозициялық кешеннің 



негізгі бөлігі ретінде Л.Н. 

Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің бүгінгі 

таңдағы білім, ғылым, мәдениет, 

спорт саласындағы жетістіктері 

оқу орнының құрылған 

уақытынан бастап көрсетілуі 

музей көрермендері үшін үлкен 

олжа. 

Экспозицияда орын алған 



макеттер, диаграммалар, 

баға жетпес құндылыққа ие 

скульптуралар, граммафон, 

мөр, қабырға сағат, білте шам, 

сия сауыт, қылқалам, осының 

бәрі музейге келушілерге 

ерекше көңіл-күй сыйлайды. 

Қазақстандағы 

«Бі -

лім тарихы» музейі Елбасы 



тапсырмаларын басшылыққа 

ала отырып, болашақта 

білім және ғылым саласы 

тақырыптарын кеңінен ашу 

үшін түрлі тақырыптарда 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет