№ 17-18 (174-175),
қазан, 2014 жыл
Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
ҰЛЫТАУ БАҒДАРЫ
(Жалғасы 3-бетте).
Дәстүрлі
ІV
Вена балы өтті
Полонез.… Осы сөзді жәй
ғана атаудың өзі жеткілікті,
бірінен-бірі өтетін керемет сұлу
суреттер көз алдыңда тізбектеле
жөнеледі. Әсем жүріс, ғажайып
әуен, әдемі қимылдар мен әшекейлі
көйлектер…
Тәжірибелі бишілер қашанғыдай
өз шеберліктеріне тәнті етсе,
ұялшақ дебютанттар жарқыраған
паркет бетінде алғашқы қадамдарын
ұяң ғана басып жатады...
Біраз жылдар бұрын әдемі билей
білу жақсы ортада тәрбиеленген
қыздар мен әйелдердің ерекше
белгісі болып танылса, нағыз
жігіттер үшін жаңа таныстық,
қалыңдық таңдау жолындағы
жақсы жетістік болып саналған.
Жылдар сырғып өтті. Вена
балын өткізу дәстүрі уақыт өте
келе көмескіленіп, аса сәнді
көйлектер мен нәзік туфлилер
ұмытыла бастаған еді. Осы сәтте
ХХІ ғасырдың алдыңғы қатарлы
жастары бұл істі өз қолдарына
алды! 2011 жылдың 5 қазанынан
бастап жыл сайын осы уақытта
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
студенттері университеттің бас
ғимаратындағы атриумда Вена
балын өткізуді дәстүрлі түрде қолға
алды.
Биыл да әдеттегідей Еуразия
ұлттық университетінде дәстүрлі
ІV Вена балы болып өтті. Бас
ғимараттың ортасындағы Гумилев
атриумында мыңнан аса жігіттер
мен қыздар арасынан іріктелген 40
Бүгінгі Қазақстан әлемдік
қауымдастықта өз орны, өз жолы бар
мемлекет ретінде дамып келе жатқаны
баршаға аян. Адамзат тарихындағы
аса ірі оқиға саналатын КСРО-ның
құлауы, кеңестен кейінгі кеңістіктегі
буырқаныстар мен дағдарыстар жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстанның бағын сынап,
намысын қайрады. Ұлт көшбасшысының
салиқалы саясаты арқасында еліміз
қилы өткелдерден, сынақты жылдардан
сындарлы қалпымен өтті. Кеңестік күрделі
мұраны парасат таразысына салып, үзілген
елдік арқауды уақыт оздырмай қайта
жалғастырдық. Аталы сөздің қадірі артты,
мемлекетшіл жөн-жобаның бәсі биік
болды.
Бағзы заманның тағылымды бір
әңгімесі бар. «Бақ, қайда барасың?» –
деп сұрапты елдік үніміз бен үмітіміз.
«Ынтымаққа барамын!» – деп жауап
қатыпты Жаратқан бұйыртатын бақ. Бұрын
еліміз бен жерімізде ынтымақ болмады
деуге аузымыз бармайды, бірақ тарихи
Тәуелсіздігімізден кейінгі Қазақстанның
бір балама аты Ынтымақ болды деп
сеніммен айта аламыз. Бірлігі жарасқан ел
атануымызда Ұлт көшбасшысының орасан
қайраткерлік еңбегі бар.
Бақ қонып, Қыдыр дарыған Қазақстан
ешқашан тоқмейілсінген ел емес. «Еңбек
бәрін жеңбек» – біздің елдік ұстанымымыз.
Ішкі және сыртқы саясаттағы байыптылық
пен тұрақтылық, біліктілік пен ізгілік
– құқықтық-демократиялық, зайырлы
республикамыздың атқан таңдай анық
қағидатына айналды. Елбасымыз халық
алдында перзенттік қарыз бен парызды
орындаудың үлгісін көрсетті. Бұл –
данышпан Абай айтқан ақыл, қайрат,
жүректі тең ұстаудың және «асыл адам
айнымастың» жолы.
Халқымызда әдемі бір сөз бар:
«Барған жеріңнің биігіне шық, үлкеніне
жолық» деген. Жаңа Қазақстанның биігі
– Астана, рәміздік асқары – Бәйтерек. Ал
тарихи Қазақ елінің елдік биігі – Ұлытау.
Сондықтан Мемлекет басшысының
Ұлытау төрінде айтқан сөзі – қай жағынан
алсаңыз да тарихпен сабақтасқан, елдік
парасатпен астасқан сөз.
Халық, соның ішінде білім саласы
қызметкерлері аса жылы қабылдаған
сұхбатты – жай осы жанрдың жүгін
арқалаған риясыз әңгіме деу аз, бұл –
жаһандану үдерісі мен ұлт тағдыры, соғыс
пен бейбітшілік әлемді толғандырған
… И я вальсировал еще и еще, и не чувствовал своего тела. — Ну, как же не чувствовали, я думаю,
очень чувствовали, когда обнимали ее за талию, не только свое, но и ее тело, — сказал один из гостей».
Лев Николаевич Толстой
2
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 17-18 (174-175),
қазан, 2014 жыл
АҚПАРАТ АЙДЫНЫ
АҚШ елшілігінің
кеңесшісімен кездесті
Алиша Вудворт әңгіме арасында өзінің өмірбаянын да ұмыт қалдырмады.
2010 жылы АҚШ-тың ұлттық әскери колледжінде ұлттық қауіпсіздік
стратегиясы бойынша магистр деңгейімен марапатталған. Ол орыс, жапон
және румын тілдерінде еркін сөйлейді. Алиша Вудворт Юта штатына қарасты
Прово қаласында халықаралық қатынастар мамандығы бойынша Бригама Янга
университетінде жоғары білім алған. 1998 жылы АҚШ-тың дипломатиялық
қызметіне кіріскеннен кейін Токиода қоғамдық дипломатия маманы, Лондонда
консульдық қызметкер, Молдовиядағы АҚШ елшілігінде пресс-атташе,
Австралияның Петр қаласында бас консульдық қызмет, Вашингтонда Австралия,
Жаңа Зеландия және Тынық мұхитындағы аралдардың басқару кеңселерінде,
Мемлекеттік орталық басқару департаментінде лауазымды қызметтер атқарған.
Вашингтон штатының оңтүстік шығысында картофельді фермада туып
өскен Алиша Вудворт саяхаттауды, тамақ даярлауды, өзінің үлкен отбасымен
байланыста болуды және шіркеулік хорда ән айтуды ұнататынын жасырмады.
Ректор Ерлан Бәтташұлы Алиша Вудворттың қойған сауалдарына орай оқу
орнының бүгінгі тыныс-тіршілігі, білім саласындағы өзара ынтымақтастық пен
ықпалдастық жөнінде айта келіп, бұл бағыттағы байланыстар алдағы кезде де
жалғаса беретінін жеткізді.
Университеттің ҚР Тұңғыш Президенті аудиториясында «Elsevier – Қазақстан:
зерттеу қызметіндегі басымдық» атты форум болып өтті.
Форумда Elsevier компаниясының төрағасы Йонгсук Чи «Ғылыми-зерттеу
жетекшілері үшін алдағы перспективалар» деген тақырыпта баяндама жасап, Нидерландия
Корольдігінің Қазақстандағы елшісі құттықтау сөз сөйледі.
Сондай-ақ университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры мен «Еуразиялық
математикалық журнал» редакторын журналдың халықаралық Scopus дерекқорына
енуіне байланысты марапаттау рәсімі болды.
Elsevier компаниясының аймақтық директоры Тайфун Басал «Қазақстандық
академиялық өнімділікке, ықпал мен ынтымақтастыққа шолу», Elsevier компаниясының
Еуропа, Таяу Шығыс, Африка және Латын Америкадағы маркетинг бойынша аймақтың
директоры Ингрид ван де Штадт «Қазақстандық зерттеушілерді Elsevier компаниясының
қолдауы» тақырыбында сөз сөйлеп, авторлық семинар өткізді.
Семинар барысында ғылыми жарияланым туралы түсінік, халықаралық журналдарда
мақала жариялау, мақала құрылымы, мақала жариялау үдерісіндегі қателіктер – баспа
этикасы, рецензиялау жайы кеңінен талқыланды.
Басқосу соңында компания жетекшілері арнайы сертификаттар табыс етті.
Баспасөз қызметі
«Elsevier – Қазақстан: зерттеу қызметіндегі
басымдық» атты форумы өтті
«Адам құқықтары – қоғам
мен мемлекеттің үйлесімді
дамуының негізі»
ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия
мүшелері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері,
магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесуде «Адам құқықтары
– қоғам мен мемлекеттің үйлесімді дамуының негізі» тақырыбы кеңінен
талқыланды.
Қатысушылар алдында Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі
комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов пен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов құттықтау сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел үлгісінде өткен кездесу барысында Қазақстан
Республикасының Конституциясында және қолданыстағы заңнамасында
кепілдік берілген адамның құқықтары мен бостандықтарын іске асыру, адам
құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерін халықаралық стандарттарға сәйкес
жетілдіру мәселелерінің кең ауқымы бойынша қызықты пікір алмасулар болды
Дөңгелек үстелге қатысушы Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері: Бірғаным
Әйтімова, Светлана Жалмағамбетова, Тастемір Әбішев, Әділ Ахметов, Еркін
Оңғарбаев, т.б. баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде халықаралық құқықты
ұлттық заңнамаға енгізу, Қазақстанда адам құқықтарын соттық және соттан тыс
қорғауды халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру проблемалары қозғалды.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан
Републикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дарынды
магистранттарға арналған дербес стипендиясын тапсыру рәсімі өтті.
Естеріңізде болса, жас ғалымдарды қолдау үшін Елбасы Қазақстан
Республикасы ұлттық академиясының жеке стипендиясын еліміздің ең үздік
магистранттарына тағайындаған болатын. Президент стипендиясына ҚР Білім
және ғылым министрлігінің конкурстық комиссиясының шешімімен үлгерімі
үздік, алдыңғы қатарлы ғылыми журналдарда ғылыми жарияланымдары жарық
көрген, қоғамдық өмірге белсене араласатын ұлттық жоғары оқу орындарында
білім алатын 10 үміткер ие болды. Олардың ішінде Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің
магистранты Манарбек Қойшыбаев, көлік және энергетика факультетінің
магистранты Әділхан Рақышев және халықаралық қатынастар факультетінің
магистранты Назым Насырханова бар.
Салтанатты шарада 2014 жылғы стипендия иегерлеріне сертификаттар
мен төс белгіні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан
Сәрінжіпов тапсырды.
Бұл игі шара қазақстандық білім мен ғылымның дамуына және интеллектуалды
ұлтты қалыптастыру бағытында жасалған үлес болып табылады.
Президент стипендиясы тапсырылды
Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қоғаммен байланыс жөніндегі
кеңесшісі Алиша Вудворт Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің ректоры Ерлан Сыдықовпен кездесті.
Кездесу барысында кеңесші 1991 жылы 25 желтоқсанда Америка Құрама
Штаты Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекеттігін танығанын, ертесіне
дипломатиялық байланыс орнатып, бір жыл өткен соң Қазақстанда АҚШ
Елшілігі, АҚШ-та Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылғанын, Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың АҚШ-
қа сапары, «Шеврон», «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының құрылғаны
және бүгінгі таңдағы ынтымақтасық қатынастар жайлы әңгімелеп берді.
3
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 17-18 (174-175),
қазан, 2014 жыл
ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ
жоғары дамыған полиэтникалық
өркениет құра алатынымызға
сенемін, онда қазақ ұлты қайта
түлейтін болады, оған енетін барлық
ұлттар мен ұлыс өкілдері өздерін
еркін сезінетін болады».
Осы нар тәуекел сөздің
орындалғанына бәріміз куәміз. Осы нар
тәуекел сөз еліміздің және Елбасымыздың
тағдырына, бақ-берекесіне айналғанына да
баршамыз кепілдік береміз.
Қазақ елінде бұрын-соңды болмаған
байыпты Президенттік және биік
перзенттік еңбектің құлақкүйі – халыққа
адалдықтан, тарихқа адалдықтан басталуы
тегін емес. Мұның арғы жағында Отанды
шексіз сүю деген терең сезім жатыр.
Ұлытау сұхбатында Нұрсұлтан
Әбішұлы: «Отан деген – үлкен ұғым.
Отанды қорғау дегенде, әрине, адам
баласы алдымен өзінің шаңырағын
ойлайды. Әкеңді, шешеңді,
бауырларыңды, балаларыңды,
немерелеріңді ойлайсың. Сол
жүрекпен, сол тілекпен Отаныңды
қорғайсың. Сондықтан тарихыңды
білген жөн болады. Тарихын білмеген
ұлттың болашағы да бұлыңғыр» деп,
елді пір тұтудың – елдікке қызмет, халықты
ойлаудың – халықты қорғау екенін жіті
түсіндіргені санамызды серпілтеді.
Жалпы тарихқа байланысты жүйелі
әңгіменің ұсақ-түйегі болмайды. Біз
әрқашан көз жеткізіп келе жатқан ақиқат:
Елбасымыз тарихи әділеттілікті қалпына
келтіруде және әлемдік үйлесімділіктегі
Қазақстан тарихының лайықты орнын
айқындауда кез келген мәселені
алыстан болжайды. Бұл сөзімізді Астана
феномені, «Мәдени мұра» бағдарламасы,
елордадағы мәдени-рухани орталықтар,
Қазақстанның елдік рәмізді орындарын
қайта жаңғыртуы т.б. растайды.
1996 жылы 23 мамырда Еуразия
ұлттық университетін ашарда (ол
кезде жаңа Елорда әңгімесі әлі ресми
қозғалмаған) оның орнын Ақмоладан
сайлауы және оған көрнекті түрколог-
ғалым Л.Н.Гумилевтің атын беруі –
жоғарыдағы тұжырымның ақиқаттылығын
еселендіре түседі. Былайша айтқанда,
Қазақстанның – Еуразия жүрегіндегі
мемлекет екенін айқындау, қазақ сынды
түркі халықтарының кемі мың жылдық
арғы тарихын түбірлей зерттеген
ғалымның аты мен затын маңдайға басу –
арман ғана емес, мұратқа бастар тұжырым,
қағидат екені нақтыланды. Шүкір,
бәрі сәтімен орындалып, әлем таныған
еуразиялық мемлекет те болдық, мың
жылдық тарихымыз да парықталды. Қазір
Елбасы негізін қалаған университет және
оның отаншыл түлектері оң-солын танып,
еліміз бен әлемнің абыройына бөленіп
отыр.
Тарих пен отаншылдық – егіз
ұғым. Мемлекет басшысының «Тарих
толқынында» атты іргелі еңбегінен бастап
өзі ұйытқы болған «Тарих толқынындағы
халық» бағдарламасына дейін отаншылдық
сезімге суарылған. Ұлытау сұхбатында:
«Біздің елдігіміз, қазақ жұртының
арғы түбі ғұндардан басталады.
Ғұндардан кейін көк түріктерге
жалғасады. Одан кейін Алтын
Орда орнығады. Сөйтіп, хандық
дәуірге ұласып, кейін біртіндеп
Тәуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай
үлкен тарихымыз бар» деуі – оның
айсберг ойының бір бөлігі ғана. Өйткені,
гуманитарлық ғалымдар бас қосқан
жиындарда, әсіресе мемлекеттік «Мәдени
мұра» бағдарламасын қорытындылаған
бас қосуларда Елбасымыз тарихты тануға
қатысты оқ бойы озық талай пікір айтқаны
есімізде. Мұндай қасиет мәселені жіті
білгенін және оған елдік өреде қарағанын
айғақтайды.
Отаншылдықтың құрамдас бөлігі –
тіл, мәдениет, дін болса, Ұлытау сұхбаты
бұл жайды да айналып өтпеді. Мысалы,
«Біз еліміз үшін, жұртымыз үшін
тарихымызды, мәдениетімізді,
санамызды, ғұрпымызды өзіміздің
тіліміз арқылы ғана жеткізе
аламыз» делінген Елбасы тезисінің
астарында қаншама ой, қаншама зерде
жатыр. Басқа-басқа, бір кезде ел мен
тіл тұтастығына сына қағу үшін қолдан
жасалған «диалект» туралы да Елбасы
ашық көзқарасын білдірді. «Қазақтың
кең даласында диалект сөз жоқ» деп,
оның себебін айтты. Әлемдік тәжірибедегі
көп тіл білу мен практикалық мәні жоғары
тілдерді меңгеру мәселесін де жік-жігімен
түсіндірді.
Президентіміз дәстүрлі дінімізді
ұлт дүниетанымы мен мәдениетінің
ажырағысыз бөлігі екенін жиі айтады.
Сонымен бірге дін мен зайырлылық
үйлесуін тұрақты байыптайды. Сұхбаттағы:
«Дінді шынайы имандылыққа
жақындатып, оның жақсы жағын
алуымыз керек. Құранның қасиетті
үкімдерін орындау үшін кемтарларға
көмектесу, бір-бірімізге жанымыз
ашу, бауырмал болу, үлкенді сыйлау,
баланы тәрбиелеп өсіру, Отанды,
елді қорғау, бірлікке шақыру арқылы
дінді өркендеткен жөн. Сонда діннің
мемлекетке зор пайдасы, үлкен
қамқорлығы болады. Ол елдің басын
біріктіреді» деген ойын оқығанымызда,
Мемлекет басшысының Рамазан айында
өз атынан берген ауызашарда айтқан
сөздері санамызда жаңғырды. Расында, дәл
бүгін имандылықтың өлшемі, Елбасымыз
айтқандай, азаматтың қоғамға, мемлекетке
қарым-қатынасымен бағалануы тиіс.
Сонда ғана елде береке-бірлік болады.
Ұлытау сұхбатындағы байыпты ойдың
біразы Қазақстанның қарышты әлеуметтік-
экономикалық дамуына қатысты өрбіген.
Өздеріңізге мәлім, биылғы тамыз айында
еліміздің күретамыры сынды теміржол
саласында бұрын тек арман ғана болған
тың екі бағыт пайдалануға берілді. Соның
бірі тұйықтағы Жезқазған өңірін серпілту
бағыты еді. Ұлытаудың Әулиебұлағындағы
келелі әңгімеге дейін Елбасы сол жолдың
тұсауын кесті. «Теміржол төрт
облыстың бірнеше ауданына тіршілік
нәрін береді. Теміржолдың бойынан
жұмыс табылады. Жұмыс болғаннан
кейін кенттер бой көтереді. Халық
қоңданады, даламызды ел жайлайды»
деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Әрине, осының
бәрі – елдің әл-ауқаты мен білік-білім
дәрежесін өсіру қамы.
Бұрын да, дәл қазір де – саясат
еріккеннің ермегі емес. Биыл Еуразиялық
экономикалық одақ шартына қол қоярда
қайсыбіреулер құр байбалам салды.
Шектелушіліктің мәні – шеттелушілік.
Түйеқұстың басын жасырғаны өзін
жасырғаны емес екенін қазір Африкада
ғана өспейтін осы құстың өзі де түсінді-ау
дейміз.
Прагматизмі зор Елбасымыз бұл
жолы да: «Жақын көршілермен
экономикалық қарым-қатынас
жасау маңдайымызға жазылған
нәрсе. Мұны ешкім шекесі қызғаннан
жасамайды. Мүмкіндігіміз осындай,
басқа амалымыз жоқ. Сондықтан,
экономикалық одақ құрдық. Саяси
емес, экономикалық одақ. Бұл –
дұрыс. Мен бұған зерттеп-біліп,
шын көңілмен барып отырмын» деді.
Оның артынан тағы да: «Мен бір рет
айттым, тағы қайталап айтам:
Тәуелсіздікке нұқсан келтіретін
болса, ондай ұйымдарда Қазақстан
ешуақытта болмайды. Біздің ең
жоғары бағалайтын байлығымыз
– Тәуелсіздік. Ата-бабамыздың
қанымен, терімен келген тәуелсіздікті
біз ешкімге бере алмаймыз» деген
тарихымызда алтын әріппен жазылатын
сөздерін де қосып айтты.
Экономикалық даму – әлемдік
дамуға ілесудің, содан нәр алып, оған
нәр берудің алғышарты. Өкінішке қарай,
қоғамымыздың санаулы бір бөлігі көзін
шақта заманның қауіп-қатерін бағамдаған
салиқалы ой, салмақты пікір. Қазір дүние
жүзі тойымсыздық пен құлқынның
құрбаны болған адамзаттың, жер бетінің,
өңірдің, мемлекеттің, халықтың, ұлттың,
жеке адамның құрдымға кетіп бара жатқан
тағдырына алаңдап отыр. Бүгінде тууы мен
қалыптасып даму үдерісіне философия
және саясаттану ғылымдары айқын
баға бере алмайтын «жер астынан жік
шықты, екі құлағы тік шықты» дейтіндей
құбылыстар пайда болды. Ақылды
дағдарды, иманды селк етті, білікті біле
алмай қорланды. Қасиетті Құранда, оған
дейін нәзіл етілген Тәуратта, Зәбурде,
Інжілде ескертілген қиямпұрыс мінез,
құлқын, нәпсі қайта оянғандай, күлден
аунап тұрғандай еді.
Әрине, барша адамзат қазіргі күрделі
құбылыстардың аңысын аңдыса, Қазақстан
да бұдан бейтарап қалуы мүмкін емес.
Біле-білсек, әр жылдары елімізде биік
те жауапты деңгейде өткен және алдағы
уақытта да өтетін саммиттер, форумдар,
симпозиумдар, съездер – әлемдік қауіп-
қатерлердің себебін байыптап, салдарын
азайту жолындағы Қазақстанның үні,
жолы, ұстанымы, парасаты деуге толық
негіз бар.
Ойшыл Абай: «Адам
ақылсыздығынан азбайды, ақылдының
сөзін ұғып аларлық жүректе жігер,
қайрат, байлаулылық жоғынан азады» деп
бекер айтпаса керек. Ендеше біз қадірлі
Қазақстанымыз бен көшбасшымыздың,
ұстанымымызды жақтайтын әлемдік
зерде иелерінің үнін дүние жүзі естіп,
қорытынды шығарса деп тілейміз.
Елбасымыздың тарихи сұхбаты білім
саласы мамандары мен студент-жастарға
аса қажетті үш бағдарды айқындап берді
деп санаймыз.
Бірінші бағдар – Отан тарихын біліп,
Тәуелсіздіктің қадірін түсініп, отаншыл
болу.
Екінші бағдар – тарихи даму
үдерістері мен бүгінгі геосаяси құбылыстар
тұрғысынан Қазақстанның жаңашыл
мемлекет ретінде миссиясын бағамдай
алатын білікті-білімді болу.
Үшінші бағдар – әлемдік саясат,
әлемдік экономика, әлемдік руханият
мұхитына жұтылып кетпей, бар салада
Қазақстан мемлекетін танытатын, туған
елінің азаматы екенін көрсете алатын
тәуекелшіл болу.
Біз сұхбаттың өн бойынан осы
бағдарлардың жөн-жобасын ұғынып, жас
буынды азаматтық-рухани жетілдірудің
жаңа міндеттерін байыптаймыз.
Елбасы: «Ұлытау – өте қасиетті
жер. Ұлытау деп аталуының өзінің
тарихи мәні бар. Қазақтың ен
даласының қай шетіне барсаң да
осындай қасиетті жерлер табылады.
Шығысқа барсаң – Берел қорғаны бар,
Орталыққа келсең – қалмақтармен
соғысқан Аңырақай шайқасы өткен
жер бар. Батысқа барсаң – Алтын
Орданың хандары тұрған Сарайшық
сияқты қасиетті мекен бар,
Оңтүстікке барсаң – Түркістан тұр»
дейді. Осы сөздердің астарында ел мен
жер тұтастығын меңзеумен бірге тарихтан
тағылым алудың жолдары нұсқалған.
Мемлекет басшысының тәуел-
сіздіктің елең-алаңынан бері, жұмыс
кестесінің тығыздығына қарамай,
Отанымыздың барлық негізгі
тарихи орындарында болып, сол
жерлерге байланысты парасатты ой,
тұжырымдамалы пікір білдіргенін жақсы
білеміз. Оған 1993 жылы Ордабасыдан
бастап күні кешегі Ұлытауға дейінгі аруақ
қонып, нар шөккен қасиетті жерлерде
айтқан сөздері куә.
Біздің есімізге 1991 жылы 10
желтоқсанда тұңғыш рет Президенттік
қызметке кірісетін сәтте сөйлеген
Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзі түседі:
«Мен Қазақстан территориясында