Қазақша нұсқасының мәтінін қалыпқа келтірген Нұрсұлтан Серғазы Алматы — 2018 жыл


Ойланыңыз, басқа адамдардың өмірін және жұмысын жақсарту үшін



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата15.09.2022
өлшемі0,71 Mb.
#39215
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
Мақсатыма жетемін

Ойланыңыз, басқа адамдардың өмірін және жұмысын жақсарту үшін 
сіз қандай көмек жасай аласыз? Басқалардың қалаған мақсаттарына 
жетуіне жәрдем беруіңіз арқылы сіз 
өмірден қалағаныңыздың бәрін ала аласыз. Сонымен, сізге кімнің 
жәрдемі және кімнің бірге жұмыс жасасуы қажет? Осы адамдардың тізімін 
жасаңыз. Және өзіңізден сұраңыз: «Олардың жәрдеміне лайық болу үшін мен 
не істей аламын?» «Олардың маған барлық жағынан да көмектескілері келуі 
үшін мен не істей аламын?» 
VII ТАРАУ 
 
Жұмысыңыздың маңызды жақтарын анықтаңыз 
Мұның алдында біз алда тұрған жұмыстардың тізімін жасаудың 
қаншалықты маңызды екенін айтқан болатынбыз. Жетінші қадамда сіздің 
тізіміңізді реттеу керек. Мұны екі түрлі әдіспен жасауға болады, бірінші 
қағида — кезегіне қарай, екінші қағида — маңыздылығына қарай. 
Сіз өз тізіміңізді бірінші қағида кезегіне қарай реттейсіз, яғни, кезеңге 
бөліп жазасыз: бірінші нені істеуіңіз керек, содан кейін не істеу қажет, 
үшінші кезекке нені қою тиіс. Әр кезде де, ең алдымен, қолға алу қажет 
болатын бір нәрсе бар. Алдыңызға мақсат қойғанда немесе оны іске асыра 
бастағанда, ең әуелі нені істеу керек екенін таңдап алыңыз. Осылайша, 


міндеттемелерді арнаулы бір тәртіппен жазыңыз, әр кезеңде не істеу 
керектігін көрсетіңіз. 
Мен сіздерге ғибратты бір оқиғаны айтып берейін. Біздің семинарымызда 
бір жігіт болды. 30 жасында ол табысты кәсіпті құрған болатын. Ол өзінің 
кәсібін сатып, бір жылға саяхаттауды ойлайды. Бірақ, кәсіпті қалай сату 
керектігін білмейтін. Осы мақсатпен бар уақыты кетеді, соңында сата 
алмайды. Менің семинарымда оған біреу: «мәселенің бәрі сенің кәсіпті сату 
жөнінде ештеңе білмейтіндігіңде, сен бұл тақырыпқа байланысты ештеңе де 
оқымағансың» деді. Үзілісте ол көшеге шығып, жолдың келесі бетіндегі кітап 
дүкеніне барып, «Өз кәсібіңді қалай сатуға болады?» деген кітапты сатып 
алады. Ол қайтып келіп, кітапты басынан аяғына дейін оқып шықты. 60 
күннен кейін ол өзінің кәсібін сатып, барлық қажетті рәсімдерін туралап, 
әлемдік саяхатқа кетті. Бұл шындығында да, таңқаларлық жағдай. Ең 
дұрысы, оған өзінің кәсібін сатуды ұйғарғаннан кейін, алдымен, «Өз кәсібіңді 
қалай сатуға болады» деген кітапты сатып алу керек болатын. Кейде сенің 
өміріңді өзгертетін нәрселер өте қарапайым және көзге барынша көрініп те 
тұрады. 
Сонымен, ең алдымен, өзіңіздің тізіміңізді «кезек» қағидасымен тәртіпке 
келтіріңіз, сосын «артықшылық» қағидасымен, яғни, қайсысы маңыздырақ, 
сосын қайсысының маңыздылығы аздау екендігі тұрғысынан реттейсіз. 
Өзіңізге әр күнге қандай міндеттемелер қою керектігін анықтаңыз. Әр күнді 
осы міндеттемелерді орындаудан бастаңыз — әуелі сол күннің ең маңызды 
міндеттемесін таңдап алып, сосын содан бастау керек. Сол күні сізге не істеу 
керек, соның бәрін тізімге түсіріңіз. Бұдан кейін: «Егер менде осы тізімдегі 
тапсырмалардың біреуін ғана орындау мүмкіндігі болып, одан кейін мені 
қаладан басқа жаққа бір айға шақырып алып кетсе, мына міндеттемелердің 
қайсысын таңдар едім?» деп, өзіңізден сұраңыз. Сол міндеттеменің тұсына 
«1» деген белгі санын қойыңыз. 
Сосын өзіңізге айтыңыз: «Егер менде қалаға кетер алдында осы тізімдегі 
міндеттемелердің екеуін ғана орындайтын мүмкіндік болса, қайсысын таңдар 
едім?». Одан кейін осы қағиданы басшылыққа ала отырып, маңыздылығына 
қарай үшінші, төртінші міндетті таңдаңыз. Алғашқы ең маңызды жеті 
міндетті ретке қоюдың үлкен маңызы бар. Таңертең істейтін бірінші 
жұмысыңыз — бірінші міндетті орындауға кірісу. 


Атқарылуы қажет болған міндеттердің тізімін жасағанда, 20/80 ережесін 
ескеруіңіз керек. Атқарған жұмыстарыңыздың 20%-ның 80%-ы ғана жалпы 
нәтижеге әсер ететін күші болады. Кейде тізімдегі бір мәселенің басқа 
барлық мәселеден де маңызды болып шығуы мүмкін. Шынайы өмірде бұл 
шындық емес дейтін адамдардың басым көпшілігі — ұсақ-түйектен бастайды 
да, олардың сол нәрсеге көп күштері кетіп қалады. Олар шындығында да, 
өмірлеріне өзгеріс әкеліп, жағдайларын өзгертетін маңызды нәрселерге назар 
салудың орнына түкке тұрмайтын нәрселерге көңіл аударады. Кейде сіз шын 
мәнінде бір ғаламат және маңызды нәрсе жасасаңыз, бұл мақсатқа жету 
жолында үлкен қадам жасауға көмектеседі. Тағы да жақсылап бір ойланып 
алып анықтаңыз, жазғандарыңыздың қайсысы маңыздырақ және қайсысын 
бірінші кезекте орындау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет