Мақсаттарыңызды жазып, нені қалайтыныңызды
нақты сипаттағаннан
кейін келесі төртінші қадамға ауысуға болады. Төртінші кезеңде сіз мақсатқа
жету үшін қандай кедергілерден өтуге
тура келетінін шешуіңіз керек.
Сұрақтарға жауап беруден бастаңыз: «Неге мен әлі мақсатыма бет
бұрмадым?», «Неге мен әлі мақсатыма жетпедім?». Егер сіздің алдыңызда
қаржылық
мақсат тұрса, өзіңізден: «Неге мен жеткілікті ақша таппаймын?»
деп сұраңыз. Мойындау керек, әлемде өз күштерімен табысқа жеткен сансыз
көп миллионерлер бар. Олар ешқашан жылына 30-40 мың доллардан артық
табыс тапқан емес, сонда да олар миллионер бола алды.
Мүмкін, мәселе сіздің аз
табыс тапқаныңыздан емес, керісінше,
тапқаныңыздың бәрін жұмсап жіберетіндіктен болар? Кім біледі, тіпті,
тапқаныңыздан да артық жұмсайтын шығарсыз?
Мұндай жағдай адамдарға
жиі кедергі келтіреді.
Миллионерлердің өмір бойы өздерінің табыстарының орташа есеппен 15-
20% алып жинап қоятынын сіз білесіз бе? Олар өздерінің тұрмыс-тіршілігін
қалған 80-85% ақшаға өмір сүруге бейімдеп алады.
Ең болмағанда жинап қоюды 1%-дан бастауға да болады. Қалған 99%-ға
өмір сүруге қашан үйренесіз, сол кезде жинап қоюды 2%-ға арттырып, 98%-
ға өмір сүріңіз. Тапқан табысыңыздан азырақ ақшаға өмір сүруге өзіңізді
дағдыландырыңыз. Соңында 1-2 жылда табысыңыздың 15-20%-ын алып,
жинап қоятын боласыз. Бұл шын мәнінде, сіздің өміріңізге әсер етеді. Сіздің
банктегі есепшотыңыз өседі. Сіздің өзіңізге деген сеніміңіз артады. Көп
ұзамай, сіз өз бойыңыздан адам сенгісіз құдірет-күшті сезінесіз. Ақша
сіздің
алдыңыздан шексіз мүмкіншіліктерді ашады.
Сосын оларды сіз кез келген
бастамаларға сала аласыз.
Бір жылдан кейін, 5-10 жылдан кейін, сіз шын мәнінде де, жақсы
қаржылық жағдайға жеткенде адамдар: «Жігіт, шындығында да, сенің жолың
болды» деп айтады. Бірақ, бұл жәй ғана жолы болды деуге
келмейді.
Сіз бен мақсатыңыздың арасында тұрған қандай кедергілер бар?
Мен айтқалы отырған қағида «кедергі теориясы» деп аталады. Кедергі
болатын негізгі себепті анықтау керек. Дөңгелектің
арасына тұрып қалған
негізгі таяқты табыңыз, бәрінен де күштірек тежеп тұрған не екенін түсінуге
тырысыңыз. Мақсатқа жету жолындағы жүріп келе жатқан жылдамдықтың
негізгі реттегішінің не екенін түсінуге тырысу керек.
Мен барлық кедергілердің 80%-ы адамның өзінің ішінде екенін таптым.
Тек 20%-ы ғана сыртқы жағдайларға байланысты. Қарапайым адамдар не
істейді? Олар өз бастарындағы қиыншылыққа әрдайым сырттағы біреулерді
кінәлайды. Басқалардан озып шыққан адамдар не істейді? Ол адамдар өз жан-
дүниесіне қарап, сосын: «Менің ішімде мені жібермей тұрған не нәрсе?» деп
сұрайды.
Мүмкін, сіз өзіңізді тәртіпке келтіру үшін,
өз уақытыңызды дұрыс
пайдалану үшін белгілі бір қабілетке мұқтаж шығарсыз? Мүмкін, сізге
көбірек күш-қуат керек немесе өмірде басқа нәрселерге әдеттену қажет
болар? Мүмкін, көбірек жұмыс істеу қажет шығар немесе көбірек ойыңызды
жинақтау керек болар? Мақсатқа жету жолында сізді тежеп тұрған не нәрсе?
Мақсатқа жету жолында кедергі болатын нәрселердің 80%-ы сіздің
өзіңізде, олар сіздің қадағалауыңызда.
Өзіңізге бөгет болатын барлық кедергілерді анықтаңыз және олардың сізге
бәрінен де көбірек қолбайлау болатын негізгісін табыңыз. Осының бәрін
анықтап алғаннан кейін толығымен осы кедергілерді туғызатын себептерге
назар аударыңыз. Бұл ашуды қажет ететін құлып.
Құлыптың ашылуына,
жолыңызға бөгет болатын кедергілердің жоғалуына қол жеткізіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: