3-жаттығу Міне, тағы бір жаттығу. Мұны мен өзімнің сабақтарымда үйретемін, бұл жаттығу менің өмірімді өзгертті. Өзіңізге 100-150 теңгеге бір жазу кітапшасын не блокнот сатып алыңыз. Сосын ертеңнен бастап күнде таңертең ұйқыдан тұрған кезде басқа істерді бастамас бұрын блокнотты ашыңыз да, жоғарғы жағына бүгінгі күнді жазыңыз. Сосын 10 мақсатыңызды жазыңыз. Оларды осы шақпен және нақты түрде жазу керек. Аллдыңғы беттерге үңілмеңіз, бұрын не жазғаныңызға ешқашан қарамаңыз, жәй ғана әр күні жаңадан 10 мақсатыңызды жазсаңыз болды. Бірінші кезде мақсаттар ұқсас келеді. Екіншісінде мақсаттар артықшылығына қарай орындары ауысады, үшіншіде мақсаттардың орны тағы да ауысады. Мұны аптадан аптаға дейін жалғастыра беріңіз. Бірінші айдың аяғында сіз бастапқыда жазып жүрген кейбір мақсаттарыңызды жазуды тоқтатқаныңызды байқайсыз. Сонымен бірге, кейбір мақсаттарыңызды сол бұрынғы сөздермен жалғастырып күн сайын жазып отыруды байқайсыз. Мен әр күні өзімнің 10 мақсатымды жазып жүрдім. Саяхатқа шыққан кездерімде блокнотымды өзіммен бірге жолға алып шығып, жазуды жалғастыра беретінмін. Мен сіздерге уәде беремін,
егер мақсаттарыңызды күнделікті жазып жүретін болсаңыздар, сіздің өміріңіз тіпті, қазір ойыңызға келмейтіндей өзгереді. Нәтижесінде қатты таңқаласыз. Сіз өз өміріңіздің, өзіңіздің қалаған бағытыңызға қарай тез-тез жылжи бастағанына көз жеткізесіз. Сіз бұрынғыдан да жақсы түсінетін боласыз, сізде жаңа ойлар пайда бола бастайды. Сезімталдығыңыз артады. Футболдағы допты иемденген спортшы бар ойынның орталығы болғаны сияқты сіздің негізгі мақсатыңыз да допты ұстап тұрушы болады. Негізгі мақсатпен жұмыс істей отырып, сіз басқа мақсаттарда да жетістіктерге жете бастайсыз. Бір уақыттарда сіз ол мақсаттарға да жетесіз, сол кезде тізіміңіз де азаяды. Бұдан кейін жаңа парақ алып, жаңа мақсаттарыңызды жазасыз. Күніге 10 мақсат жазыңыз. Егер сіз мұны бүгіннен бастап күн сайын бір ай бойына жасайтын болсаңыз, сіздің ойыңызға да келмеген соншалықты көп жұмыстарды жасап, көп нәрселерге қол жеткізетініңізге кепілдік беремін. Адамдар сіздің мүлдем басқа адамға айналғаныңызды байқайды. Сіздің күш-қуатыңыз, дәлелдеріңіз, құлшынысыңыз және өзіңізге деген сеніміңіз артады. Сіздің қарағаныңыз барынша нақты, ал, қол қысуыңыз барынша мықты болады. Таңертең ұйқыдан сергек және жеңіл тұрасыз. Мақсаттардың тізімін жасап, олармен жұмыс істеу сіздің өміріңізді өзгертеді.