Қазақша нұсқасының мәтінін қалыпқа келтірген Нұрсұлтан Серғазы Алматы — 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата15.09.2022
өлшемі0,71 Mb.
#39215
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Мақсатыма жетемін

Негізгі ереже: Алдыңа мақсат қою және қандай жетістікке жетуді 
қалайтыныңды көз алдыңа келтіру. Осы жылы өзіңнің қалаған 
мақсаттарыңның қандай болғанын қаласаң, сондай етіп елестету, олар екі 
жылдан кейін, бес жылдан кейін, он жылдан кейін қандай болатынын да көз 
алдыңа келтіру. Өзіңізден сұрауды ұмытпаңыз: Қанша табыс тапқыңыз 
келеді? Сонша табысты табу үшін осы жылы нені үйренуіңіз керек, қай 
нәрседе шеберлігіңізді шыңдауыңыз және жетілдіруіңіз қажет. Бір жылдан 
кейін ше, екі, үш, төрт, бес жылдан соң ше? 
Айналаңызға қарап, сосын өзіңізден сұраңыз: Дәл менің тапқанымдай 
ақшаны тағы кім тауып жатыр? Ол адам менің істегенімнен басқа тағы не 
істеуде? Және есте сақтаңыз, сізден артық 
ақылдырақ, сізден икемдірек ешкім де жоқ. Егер біреу сізден де көбірек 
табыс табатын болса, оның себебі, мұның қалай жасалу керектігін сізден 
бұрын түсінгендігінде ғана. Ол бұл сұрақтарға жай ғана жауап іздеп көрді, 
адамдардан сұрап білді, кітап оқыды, курстарға қатысты немесе радио 
тыңдады. Табыскер адамдар өз уақытында мақсаттарына жету үшін нені 
үйрену қажет болса, соны үйренді. Жүздеген адам жасай алған нәрсе 


әлдебіреулердің қолынан келді, сол сияқты ол сіздің де қолыңыздан келеді. 
Ешкім де сізден артық немесе ақылды, не болмаса, икемдірек емес. 
Екінші сала — айқын мақсаттар қоятын сіздің отбасылық жағдайыңызбен 
байланысты. Бұл жайында ойлану өте қажет. «Сиқырлы таяқшаны сілтеп 
қалып едім» деп, көз алдыңызға елестетіңіз, сосын сіздің отбасыңыздың 
жағдайы күрт өсіп кетті. Сіздің үйіңіз, көлігіңіз, саяхаттарыңыз, тұрмыс-
тіршілігіңіз, балаларыңыз оқитын мектеп, киім, отбасыңыздағы қарым-
қатынас — бәрі де ойдағыдай. Өзіңізден: «Егер ешқандай кедергі болмаса, 
менің отбасымның жағдайы қандай болар еді?» деп сұраңыз. 
Біздің өміріміздегі ең бір маңызды мақсаттардың бірі — біздің ерекше 
қамқорлыққа алған адамдармен бірге болуға көбірек уақыт бөлуіміз. Біз 
барлық тіршілігімізді осы бірінші кезектегі мақсатқа сүйене отырып 
құруымыз керек. Бір семинарда мен Эдвард Мерфиді кездестірдім. Ол 
атышулы «Мерфидің заңдылығы» атты кітаптың авторы. Оның маған 
айтқаны: «Мен үйленгенде әйеліме «кем дегенде екі сағат сенімен бірге 
боламын» деп, уәде бердім. «Егер бір жаққа кететін болсам, әрқашан телефон 
арқылы хабарласып тұрамын» дедім. Бірінші баламыз дүниеге келгенде: 
«Енді мен отбасыммен күніне кем дегенде үш сағат бірге боламын» деп, уәде 
еттім. Сосын ол: «Бұл 21 жыл бұрынғы жағдай еді» дегенді қосып қойды. 
«Осы күнге дейін мен берген бұл сертімді бұзған емеспін. Бұл менің 
өмірімдегі қабылдаған ең бір керемет шешім еді. Мен қазір бір кездегі 
армандағанымнан да көп табыс табамын. Мен табыстымын, бақыттымын, 
мен білетін адамдардың арасында беделім де бар және менің отбасылық 
өмірім ең керемет отбасылық өмір. «Уақытымды отбасыммен бірге 
өткіземін» деп қабылдаған шешімім, сондай-ақ, жұмысқа бөлген уақытымды 
ойластыру — менің өмірімді толығымен өзгеріске әкелген шешім болды. Бұл 
менің ең керемет шешімдерім». Ойланып көріңіздерші, шындығында да, 
бұған қарсы ешкім ешқандай да уәж айта алмасы анық қой. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет